Оқушылар шығармашылығы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы

Қаратоғай орта мектебінің

7 «Б»класс оқушысы Елемес Гүлфайруз шығармашылығынн.

Гүлфайруз 4-5 жасынан өлең шығарады. Аудандық «Балдәурен» ән байқауының, «Махамбет оқулары» мен «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» байқауының жыр мүшайрасының жеңімпазы. Сіздерге жерлесіміз Аққағаз Досжановаға арнаған өлеңін ұсынып отырмын.

Аққағаз Досжановаға арнау

Халқын сүйген жанымен,жүрегімен,

Қыз едің ел-жұртыңа шипа іздеген.

Халқың надан ,ұйқыда жатқан шақта,

Су сепкен қарлығаштай қанатымен.

Ақ халаттың үстіңде арың таза ,

Емің болды қаншама жанға шипа?!

Аяулы жан,Аққағаз ,апатайым,

Өтіпсің ғой өмірден сен де дара !

Қазақтың ару қызы- Аққағазым!

Мәскеуде ең жоғары алған білім.

Өзгеннің қамын ойлап жүргеніңде,

Қалайша сен кеселге душар болдың?

Бұл күнде ақ арманың орындалды,

Ақтөбе елің сені ұлықтады.

Атыңа көше беріп,мүсін қойып,

Ақ арыңның алдында басын иді.

Қазақтың қарлығашы-Аққағаз қыз,

Қамыңа барша қазақ қарыздармыз.

«Қашан келер,Аққағаз?» деген жанға,

Қуанышпен айтарым,оралдыңыз!

Аналар алаңдаған баласына ,

«Аққағаз келер ме?»- деп жаутаңдады.

Аққағаздың халатын киген жандар ,

Арашашы болып жүр жанымызға!

Жетекшісі: қазақ тілі мен әбебиеті пәні мұғалімі Турмаганбетова Қ.Б.

Куванов Бағдат Нұрәділұлы 8-класс оқушысы

Дос керек

Дос керек жаныңнан әркез табылатын,

Сен үшін бәрін жасап сабылатын.

Бірге жүріп, ойнайсың досыңменен,

Көрсетесің қонақжай үй салтанатын.

Дос деген — қиындықта бірге болар,

Дос болмаса, жаңа ашылған гүлің солар.

Жан досыңды жаныңнан артық көрсең,

Ғибрат алып, бақ құсың мәңгі қонар.

Кейбір дос бар алтынға теңесетін,

Сен үшін тасқа да гүл өсіретін.

Кейбір дос бар тиынға теңелгендей,

Қиын шақта зытып ап жөнелетін.

Кейбірі тез арада жауға айналған,

Ішіңе енген арам пиғылменен.

Дос таңдауда ,досым-ау, абайлашы,

Отырарсың пенде боп доссыз қалған.

Өмірбаян

Куванов Бағдат Нұрәділұлы 2004 жылы 1 маусымда Өзбекстан республикасында дүниеге келген. 2005 жылы ата-анасы атамекені Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай елді мекеніне қоныс аударған.

Қазір Куванов Бағдат Нұрәділұлы 8-класта оқиды. Жасы- 13-те. 1-кластан бастап оқу озаты. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Өлең жазумен әуестенеді.

Жетістіктері: Мәртөк аудандық «Абай оқулары» байқауының 2014 жылғы 2- орын, 2016 жылғы бақаудың 3-орын жүлдегері.«Ақбота-2017» сайысының

қатысушысы. 2017 жылы облыстық мәдениет бөлімі ұйымдастырған Ақтөбе облысының жас ақындар жыр мүшайрасының алғыс хат иесі.Түрлі қашықтан оқыту олимпиадаларының қатысушысы. Спортпен де айналысады.Мәртөк аудандық спорт мектебінің «Қазақша күрес»үйірмесіне қатысады.

Жетекшісі: қазақ тілі мен әбебиеті пәні мұғалімі Турмаганбетова Қ.Б.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Қаратоғай орта мектебі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.