М.Отаралиев атындағы орта мектебі бойынша педаго г-психологтың 2017-2018 оқу жылындағы жасалған жұмыс тарының қорытынды есебі

Атырау облысы Атырау қаласы

М.Отаралиев атындағы орта мектеп психологі

Сугурова Сандуғаш Карткужановна

Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту. Педагогтардың және ата-аналалардың қарым-қатынасын жақсарту,психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру, 2016-2017 оқу жылындағы жоспарға сәйкес психодиагностика, психологиялық түзету,дамыту , психологиялық ағарту, кеңес, жалпы сынып аралығында, оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға, атқарылатын жұмыстың бағыттары бойынша психологиялық жұмыстар атқарылды.

Жоғарыдағы мақсаттарды орындау барысында жоспар бойынша жүргізілген жұмыстар, жұмыс түрлері бойынша қорытынды.

Психодиагностика бойынша- Қыркүйектің 1-күні білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.Жиынға ата-аналар,оқушылар түгел қатысты,сабаққа қамтылмай қалған оқушы болған жоқ.Қыркүйектің 7- күні оқушының мектепке дайындығын тексеру мақсатында Керн-Иерасик әдістемесі жүргізілді тестке бірінші сынып оқушылары қатысты.Бұл әдістеме баланың жеке даму деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын анықтайды. Сынаққа 31-оқушы қатысты. Нәтижесі бойынша:

3-6 балл арасы-жоғары деңгей-19оқушы

7-11балл арасы-орташа деңгей-12оқушы

12-15балл арасы-нормадан төмен деңгей-оқушы жоқ

МАД тобы оқушыларының тізімдерін жинақтап,топ балаларымен танысып мектеп ережесіне қалыптасуын,ортамен қарым-қатынасын,әлеуметтік жағдайы зерттелді.Қыркүйек айында 1- сыныпқа қабылданған оқушыларға психологиялық карта жасақталды

Оқушылардың мектептегі психологиялық-эмоционалды көңіл –күйін анықтау мақсатында 5-сынып оқушылары арасында орта буында оқу жүйесіне бейімделуіне байланысты Филипстің оқушылардың мектепке деген мазасыздығын анықтау тесті өткізілді

Нәтижесі :

Сыныпта психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан оқушы саны -17 .

29-33 ұпай жинаған-1 оқушы

10-28 ұпай жинаған -16 оқушы

1-оқушының орта деңгейде мазасыздануы бар,қалған 16-оқушының жақсы бейімделгені анықталды.Анықталған 1-оқушымен жеке жұмыс жүргізіліп ,сөйлесіліп, жеке кеңес берілді.

Сыныпта өзін-өзі көрсетуден қорқу, мектептегі жалпы алаңдатушылыққа бейім емес.Сонымен, қорыта келе ,бағалау шкаласы бойынша оқушының туындаған мәселелерді өздері шешіп ,тыныш әрі ақылмен жұмыс істейтіндіктері байқалды.

Темпераментті анықтау Айзенк әдістемесі бойынша 5-7 сынып аралығындағы 58 оқушыға өткізілген,әдістеменің қорытындысы:

Холерик-19

Сангвиник-17

Меланхолик-13

Флегматик-9

Нәтижесі: Осы анықталған темпераменттері бойынша сынып жетекшілермен бірлесіп топтық, жеке жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді.Ерекше меланхоликтерге көңіл бөлінді.Оқушылардың басым көпшілігі холерик тобына кіреді,соған байланысты сынып жетекшілерге, оқушыларға жеке-түзету жолдары көрсетіліп кеңес берілді.Сонымен қатар өткізілген Айзенк темперамент пен ерекше мінез анықтау әдістеменің нәтижесі бойынша жеке-топтық түзету мақсатында ойындар, тренингтер, кездесулер өткізілді.

Әкімшіліктің сұранысы бойынша мектепішілік 6-сынып оқушыларына,олардың ата-аналарына және мұғалімдерге сауалнама өткізілді.Нәтижесі бойынша оқушылардың психологиялық ахуалдары ,мұғалімге деген тән белгілері,жалпы ата-аналардың көзқарастары, мұғалімнің сұраныстары айқындалып қарастырылды.

Ағарту-профилактикалық, топтық түзету дамыту жұмыстары.

Ата-аналарға, оқушыларға,ұстаздарға психологиялық білімнің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарына дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін,әр баланың жас кезеңдеріне байланысты жан –жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интелектуалдық жеке тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтап,әрі олармен бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп, қорытындысында оқушылардың белсенділігін, сыныптағы ұйымшылдығы жоғары бола бастаған.

Дарынды оқушылармен жұмыс жөнінде жалпы анықтама алынып, дарынды оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс- шара бойынша , директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бірге,дарынды балаларды іріктеу үшін диагностика және қабілеттеріне қарай топтай отырып , тапсырманы орындау барысына орай 35- оқушыны алдық.Атқарылатын іс-шараларға орай оқушылар қатысатын Золотое руно ойын конкурсына 12-оқушы қатыстырылды. Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс-шара бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бірге,сынып жетекшілермен бірлесіп әрі сыныптың жарты жылдық оқу үлгерімі нәтижесін және пәндік бақылау жұмыстарын алу арқылы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау үшін жұмыс істей отырып, тапсырманы орындау барысына орай 5-7 сынып сынып аралығындағы 2-оқушыны алдық.Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру,мектептегі оқу үрдісіне бейімділігін дамыту,ой-өрісінің дамуы оны қоршаған заттар мен құбыластарды қабылдауын әрі қарай дамыту үшін жеке- түзету дамыту жұмысы жыл соңына дейін алынып,жұмыс бағдарлама бойынша жүргізілді. Мектепке МАД тобына ,бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылардың, ата-аналары мен баланың дамуын , ақыл-ойын, таным қабілеттерін тану мақсатында, дәрігерлік анықтамалар тексерілді. Ата-аналардың психологиялық білімдерін кеңейту мақсатында 5-7 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналарына жеке сынып бойынша,сынып жетекшілермен бірлесіп жиналыстар өткізілді.Осы жиналыста психологиялық жұмыстың бағыттары ата-аналармен жеке жұмыстар, топтық жұмыстар сауалнамалар өткізілді.

Нәтижесінде:Сауалнама көрсеткіші бойынша М.Отаралиев атындағы негізгі мектебі оқушыларының ата-аналары мен бала арасында қарым-қатынас жақсы .Ата-аналардың баланың жан-дүниесін түсініп қана емес,әрі жақсы, дұрыс тәрбиелеуге үлес қосқысы келіп,жеке кеңес алуға, сонымен қатар психологиялық сауалнамаға қызығушылығын білдірді.Жиналыс мейіріммен кешірімділікке көбірек ойысып кеткен.Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар ата-ананың балаға деген көзқарасын, жауапкершілігін арттырып, қолдау көрсетілді. Қыркүйектің 10-күні отбасы күніне орай «Өз балаңа үлгі бол !»

1- сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек тақырыбында конференция болып өтті.Бұл конференцияға 20 ата-ана қатысты.Ата-аналарға конференцияның мақсаттары мен міндеттері таныстырылды.Биылғы оқу жылындағы өзгерістер туралы ата-аналарға түсінік берілді.Мектептегі оқу процесіне 1-сынып оқушылары,олардың ата-аналары да дайын болуы керек екендігі атап өтілді. Ата-аналардың басты міндеті:балаларының оқуға деген қызығушылығын қолдау және дамыту.Оқу күрделі әрі жауапты еңбек екендігін ата-аналарға айтылып,психологиялық бірнеше кеңестер берілді.Конференцияда ата-аналарға арналған видео роликтер көрсетіліп,көптеген сұрақтарға жауап алынды.5- сынып оқушыларының жаңа оқу жылына бейімделуін психологиялық тұрғыда зерттеу мақсатында сауалнамалар,мектеп өміріне қанағаттану әдістемесі өткізілді.Оқу жылының басында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жоспар құрылды.2016 жылдың 12-і желтоқсан күні оқушылардың өмірге деген қызығушылығын,көзқарасын,құштарлықтарын анықтау мақсатында 5-і сынып оқушылары арасында «Маған өмір қымбат» атты эссе байқауы өткізіліп қорытындыланды.2017 жылдың 23-і ақпан күні 5-6-7 сынып оқушылары арасында әлеуметтік желіде пайда болған жағымсыз ойындардың (Синий кит,тихий дом,разбуди меня) кеңіне таралуына байланысты және оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Маған өмір қымбат» ойтоғау және пікірталас өткізіліп оқушылар өз ойларын ортаға салды.5-7 снып ата-аналары арасында «Синий кит,Тихий дом» ойынының қауіпі туралы,балаларының әлеуметтік желіде қандай саиттарға кіріп отырғандарын бақылау керектігі ескертілді.Ата-аналар түгел қатыстырылып өз ойларын ортаға салды.12 мамыр күні «Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы» өткізілді.Жиналысқа ата-аналар,сынып жетекшілер,мектеп әкімшілігі түгел қатысып,көкейтесті сұрақтарына жауап алынды.

Әлеуметтік -диспетчерлік негізгі бағыттары бойынша-

Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен ,оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен органдармен, ата-аналар қоғамымен байланыста.ПМПК мекемесінің қызметкерлерімен байланыста жұмыстар өткізілді,үйде оқытылатын оқушылар жайлы ақпарат алынады.

Қыркүйектің 2- күні үйден оқитын 1- сынып оқушысы Орынбасаров Нұрбектің жанұясымен таныстық.Нұрбектің әлеуметтік жағдайы жақсы,анасымен сөйлесілді.1-сынып оқушысы Орынбасаров Нұрбекті анасы ПМПК шешімімен үйден оқуға орналастырды.Қыркүйектің 2-күні үйден оқитын 5- сынып оқушысы Қабисов Саламаттың үйіне әлеуметтік педагогпен бірге бардық.Анасы Шынармен сөйлестік.Әлеуметтік жағдайы өте жақсы.Анасының айтуы бойынша ұйқысы тыныш,көп мазасыздық жоқ,баланың көңіл-күйінде,мінезі бірқалыпты екенін жеткізді. Тамыз айының 11- күні мөлтек аудан бойынша үйлер араланып,оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеп,ішімдікке салынған,қамқорлықсыз қалған балалардың жоқ екеніне,әлеуметтік психологиялық тұрғыда мектепке дайын екендіктеріне көз жеткіздік.Ата-аналармен сөйлесіліп көмекке зәру ата-аналардың тізімі алынды.Тамыз айының 18-і күні мектеп бітірген түлектердің еңбекке орналасуы қадағаланды.Қыркүйектің 20-ы күні қалалық білім бөліміне дін жолында жүрген оқушы,ата-аналар,мұғалімдер туралы мәліметтер тапсырылды.Дәстүрлі емес дін жолында жүрген мұғалімдер жоқ.Мектеп бойынша 4-сынып оқушысы ата-анасы мектеп әкімшілігіненҚР»Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы «заңының 3-бабы,7-тармағына сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға ,білім беру ұйымдарында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті екендіктері туралы ескерту хаты беріліп,ата-анасына таныстырылды.Ата-ана З өзінің қызы: Әнұран айтуына,сурет салуына,дене шынықтыру сабағына және сондай ақ тәрбиелік шараларға қатысуға еш қарсылығым жоқ»-деп қолхат қалдырды.2016 жылдың қазан айының 13-күні 5-7 сынып оқушыларының ата-аналары арасында діни түсініктерін анықтау мақсатында анонимдік сауалнама өткізілді.Қатысқан ата-аналар саны -53.Сауалнама қорытындыланып қалалық білім бөліміне тапсырылды.Атырау қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Тасболатовамен,мектеп директорымен,дін жолын ұстанатын білім алушылар мен олардың ата-аналары туралы мәліметке салыстырмалы жұмыстар жүргізілді,осы жөнінде акт жасақталды. Қолайсыз отбасы балаларын анықтау мақсатында мектеп инспекторымен бірлесіп «Ақжайық» ауылына рейдке шығып,үйлерді араладық,қаңғыбас,тәрбиеге көнбейтін балалардың жоқ екенінін, ата-аналарымен әңгімелесу арқылы білдік.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.