Жаңа сабақтар

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында өзг е ұлт өкілдері арасында кең ауқымды байқау өткіз ілді

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі ең бай, шұрайлы тілдердің бірі. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Қазақстан — әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар болып табылады. Жуырда Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда бағдарламаны іске асыру мақсатында мектеп басшысы Ж.А.Орынбаеваның бекіткен дәстүрлі айлық жоспары бойынша мектеп кітапханасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында кең ауқымды байқау өткізілді.

Байқауға жауапты мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Михайлина алдын-ала байқау бойынша жоспар құрып мұғалімдерге түсіндіру жұмысын жүргізді.

Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Мұғалім шығармашылығы», «Үздік аудармашы», «Психологиялық жағдаят» кезеңдерінен тұрды. Байқауды өткізудің құрылымын дайындаған орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Ақтөреева байқауды тартымды да қызықты етіп жүргізіп отырды. Әділқазылар алқасының төрайымы Н.М.Утебаева және құрамындағы мүшелері С. А. Халжанхожа, Ж.Ж. Кеутешова, Р.Ю.Мутанова сынды мұғалімдер байқауға қатысушыларды кезең-кезең бойынша көрермендер алдында ашық түрде бағалап отырды. Байқау барысында әр кезеңнен кейін көрермендерді де сөзге тартып оларға қызықты сұрақтар беріліп отырды. Мектеп басшысы Жаңыл Әнішқызы Орынбаева «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңынан» тест жүйесінде сұрақтар берді. Ол сұрақтарға көрермен мұғалімдер бір кісідей жауап беріп отырды. Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Аягөз Шаметова Шерхан Мұртазаның шығармалары бойынша қызықты сұрақтар қойды.

«Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» деп, Г.Галилей айтқандай, әрбір байқауға қатысушы мұғалім көпшілікті өздерінің жеке тұлға ретінде шығармашылықтарымен таңқалдырды. Бас жүлденіқанжығасына байлаған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Зульфия Ахметова Тайыржанқызы мемлекеттік тілде «Ана» туралы туындысын нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Бұл маманға аз-ем тоқталатын болсақ, ол өлең -жырға әуес жан, өзінің жазған өлеңдері түркістандық ақындардың жинағына енген. І орынды иемденген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Турсунова Тахмина Бабажановна көкөніс пен жемістерді безендіріп салат жасап өзінің шеберлігін көрсетті. ІІ орынды иеленген география пәнінің мұғалімі Шимпулатова Юлдуз Ражапбаевна тағылымды аңыз айтып көрерменді ұйытты. ІІІ орын алған бастауыш сынып мұғалімі Шахноза Неметова Бақтиярқызы қолдан тоқыған бұйымын көрсетіп ерекшеленді. «Шебер мұғалім» номинациясының иегері бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дадажанова Ирина Шерехановна «Рухани жаңғыру» деп, өрнектеп жазылған тәтті нанын ұсынды. Тақырыбын түсіндіріп, аталу себебіне тоқталды. «Өнерлі мұғалім» номинациясының иегері орыс тілі пәні мұғалімі Нарзуллаева Умида Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін кәдуілгі әншідей қоңыр дауысымен орындап көрерменнің көзайымына айналды. Үздік аудармашы кезеңінде байқауға қатысушылар орыс тіліндегі мәтінді қазақ тіліне сәтті аудара білді. Сондай-ақ психологиялық жағдаяттар бойынша да байқауға қатысушылар сұрақтың шешімін қиыннан қиыстырып жылдам таба білді. Жалпы байқаудың өткізілуіне мұрындық болған қазақ тілі пән бірлестігінің ұжымы. Дайындық жұмыстары мен кітапхананы безендіруге атсалысқан мұғалімдерді атасақ, кафедра жетекшісі Г.О. Ашенова және Б.Мұстафаева, Р.Серікбаева, А.Беристемова, А.Шаметова т.б.

«Еңбек – мың ізгіліктің бір нышаны» дей келе, атқарылған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбындағы байқау мұғалімдердің кәсіби шыңдалуларына, еңбекке деген құлшыныстарын арттыруға ықпал жасап септігін тигізді.

Несіпкүл ӨТЕБАЕВА,

Түркістан қаласы.

Реклама

Добавить комментарий