Көктем келбеті

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көктал ауылы

«Ақерке» балабақшасының тәрбиешісі Махашева Балнура Ергалиевна

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Көктем келбеті

Мақсаты: Білімділік: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту. Дамытушылық: Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, табиғатты аялауды, қамқор-лық жасауға тәрбиелеу. Қос тілдік: көктем-весна, табиғат-природа.

Көрнекті құралдар: Көктем мезгілінің суреті, субояу, қылқалам, ақ қағаз, сүткіш.

Сөздік жұмыс: табиғат, бүршік жарды.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық-оятушылық Балалар бүгін күн қандай тамаша, күн жылынды, көңіл-күйіміз жақсы, күн бізге жылуын төгіп тұр. Күніміз жақсы өтуі үшін бәріміз бірге мына өлең шумағын айтайық.

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Тамаша

Балалар шеңберге тұрып өлең шумағын айтады.
Ұйымдас-тырушылық

ізденушілік

Балалар бүгін аптаның нешінші күні?

Аптаның 3-ші күні – сәрсенбі.

Бейсенбі күні бізде қандай оқу іс-әрекеті?

Қоршаған ортамен танысу.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі. Балалар мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексергім келіп тұр. Менің қолымда сиқырлы сурет бар, бірақ ол 4 бөлікке бөлінген, суреттердің артқы бөлігінде сұрақтар берілген, кім дұрыс жауап берсе, суретіміз құрастырылады.

1.Көктем мезгілінде неше ай бар?

Атап беріңдер? Қазір қандай ай?

Көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Қазір сәуір айы.

2. Көктемде қандай жұмыстар жасалады?

Көктемде ауланы, көшелерді тазартады, ағаштардың түбінің топырағын қопсытады, ағаштарды әктейді, құстарға ұя жасайды, ағаштар егеді.

3. Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

Көктемде тырналар, қарлығаштар, қарғалар, сары шымшықтар ұшып келеді.

4. Көктем мен қыстың қандай айырмашылықтары бар?

Қыста қар жауса, көктемде қар ериді, қыста аяз болса, көктемде аяз болмайды, қыста ағаштарды қырау басады, көктемде ағаштар бүршік атады, қыста қар қатады, көктемде қар ериді.

Балалар сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

Қараңдаршы суретте не бейнеленген?

Балалардың жауаптары: Табиғат бейнелеген.

Табиғаттың қай мезгілі бейнеленген.

Көктем мезгілі бейнеленген.

Балалар осы суретімізге ат қояйықшы, қандай ат қойғыларың келеді?

Мысалы, менің «Табиған – Ана», «Шуақты көктем», «Көктем келді» дегім келіп тұр.

Осы аттардың қайсы ұнайды?

Балалардың жауаптары: «Табиғат – Ана» деп атайды.

Балалар ендеше өздерің айтқандай мен сендерге « Табиған – Ана » туралы ертегі оқып берейін.

Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен.

Табиғат – Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, — деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күн-дердің күнінде үшеуі еліне қайтып орал-ғанда, Аналардың бұрынғыдан да бетер көріктене түскенін риза болған ұлдары:

Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскен-сіз, бұның сыры неде? – дегенде

Табиғат – Ана:

Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымды-лықтарыңда, — деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулы-ғын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қыз-мет етумен келеді екен.

Табиғат – Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?

Табиғат – Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?Табиғатты аялау керек. Балалар табиғат пен адам бір-бірімен байланысты, адам-ның табиғатсыз тіршілігі жоқ. Бізді қорша-ған ортаның бәрі табиғат. Балалар ойын ойнап серігіп алайық.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Есікті қағып суретші кіріп келеді.

Балалар сәлеметсіңдер ме?!

Мен балабақшаны аралап балалардың көктем туралы білімдерін тексерейін деп, аяқталмаған суретімді алып келдім маған көмектесесіңдер ме?

Ия, көмектесеміз.

Олай болса, мен сендерге қайта айналып соғамын, әлі балабақшаларға барып балалардың өнерлерін тамашалаймын (қағазды көрсетіп тастап, тәрбиешіге ұсынып шығып кетеді). Дамыту орталығына барайық. Балалар енді суретшінің жұмысына көмектесіп, жұмысымызды бастайық.

Суретші кіріп балалар, менің тапсырмамды орындадыңдар ма?

Ой қандай тамаша өнерлі екенсіңдер. Бұл суретті сендерге тарту етемін. Рахмет көмектеріңе, қоштасып шығып кетеді.

Д/о: «Жер, су, ауа»

Балалар аптаның 4-ші күні, көктем мезгілі екенін айтты.

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып суретті құрастырады.

Суретке

« Табиғат – Ана» деп ат қояды.

Балалар мұқият ерте-гіні тыңдайды.

Жер – Ана бізді азықпен қамтамасыз етеді, сусыз тіршілік жоқ. Ағаш айналаға көрік беріп, көлеңкесін тосады.

Балалар қызығушылықпен ойын ойнайды.

Балалар суретшіні қарсы алып, көмектесетіндерін айтады.

Балалар «жер», «су», «ауа» дегенде тиісті жауаптарын айтады.

Рефлексиялық түзетушілік Бүгін қандай ашық оқу іс-әрекет болды?

Балалар біз қандай сурет құрастырдық?

Қандай ертегі оқылды?

Қандай ойын ойнадық?

Қонаққа бізге кім келді?

Суретші қандай тапсырма берді, не салдыңдар?

Суретші сендерге не сыйлады?

Бүгін бәріңде өте жақсы қатыстыңдар, суретті де өте әдемі салдыңдар.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтижелер:

Нені білді: Құрастырған суреттеріңде табиғат бейнеленгенін білді.

Нені меңгерді: Ертегіні мұқият тыңдап, табиғат –ананың адамдарға қандай игілікті істер істегенін, табиғат-ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеу керектігін меңгерді.

Нені жасай алады: суретшінің аяқталмаған көктем туралы суретін аяқтап салып берді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.