Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп-қону

Астана қаласы№ 53 мектеп-лицей

Тарих пәні мұғалім: Жукенова Камшат Сейлбековна

2- тоқсан, 6- апта Күні: Сабақ жоспары. Қазақстан тарихы

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп-қону
Негізгі ұғымдар Көшпелі мал шаруашылығы,жартылай көшпелі мал шаруашылығы, отырықшы мал шаруашылығы, жайлау, көктеу, күзеу, қыстау
Жалпы мақсаты: Көшпелі мал шаруашылығы өмір сүрудің негізі, дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп-қону, жайылым түрлері (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау) туралы түсінігін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады

  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады
  • Ұйымшылдыққа үйренеді
  • Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Тренинг өткізу.

(5 минут)

Сәлемдесу, жағымды психологиялық ахуал орнату. «Қарлы кесек» тренингін жүргізу. Ақ қағаздан жасалған «қарлы кесекті» оқушылар бір- біріне лақтырады, қолына түскен оқушы үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді. 1. Көшпелілердің баспанасы қалай аталады?

  1. Киіз үй неше бөліктен тұрады? Екі бөліктен киіз, ағаш қаңқа
  2. Киіз үйдің негізі қалай аталады? Кереге
  3. Шаңырақты көтеріп ұстап тұратын не? Уық
  4. Конус тәрізді етіп жасалған үйдің бөлігі?Шаңырақ
  5. Киіз үйді қанша уақытта тігуге және жинауға болады? 1 сағат ішінде
  6. Көшпелілер нені білуге тиіс еді? Өздері тұрған жерді, табиғатты түсіне блуі
  7. Киіз үйден басқа қандай баспаналар болған? Кірпіш, саман үйлер
Мағынаны ашу тапсырмалары

(20 минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Сабақтың жоспары:

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  • Жағымды психологиялық ахуал орнату
  • Оқушылардың қызығушылығын ояту
  • Оқушыларға тақырыпты талдауға ұсыну.
  • Тапсырмаларды орындау барысын тиянақтау, бағыт- бағдар көрсету.
  • Оқушыларға сұрақтар қою, кері байланыс жүргізу
  • Оқушыларды бағалау
1.«Миға шабуыл» ідісі. Оқушыларға сұрақ қойылады: Балалар, тақтадағы суреттерден нені көре аламыз?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

2.Оқулықпен және қосымша дерекпен жұмыс жасау арқылы жайылым түрлерімен танысу, түсінік алу, өз ойларын ортаға салу. (Көрініс, постер арқылы)

1 топ. Қыстау

2 топ. Көктеу

3 топ. Жайлау

4 топ. Күзеу

Бекіту:

( 12 минут)

1 топ тапсырмасы. Картамен жұмыс. Кескін картада шаруашылық түрлерінің дамыған аймақтарын белгілеу.

2 топ тапсырмасы. Берілген суретке әңгіме құрастыру.

3 топ тапсырмасы. Берілген суреттен жайылым түрлерін анықтау.

4 топ тапсырмасы. Тарихи диктант

  • Көшпенділерде көшпелі мал ……. бірнеше түрі болды. ШығысҚазақстанда, Алтай мен …… тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында …… көшпелі мал ….. дамыды.

«Тақ сан, жұп сан» тренинг жүргізу. Жаңылысқан оқушы сұрақтарға жауап береді.

  • Қойдан неше килограмм жүн берген? Қойды екі рет қырыққанда -2-2,5 килограмм жүн берген.
  • Түйе неше килограмм жүн берген? Түйе -4-8 килограмм жүн берген.
  • Егер малшылар қыс кезі өзара қарым-қатынас жасауға қиындау болса, көктемде бір-бірімен қандай қарым қатынас жасаған? Түрлі мерекелер тойлаған.
  • Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі не болып табылады? Наурыз мейрамы.
  • Кейбір ғалымдардың айтуынша Наурыз мейрамы бұдан неше мың жылдай бұрын пайда болған?3000 мың жыл бұрын.
  • Жыл мезгілінің ең дархан мезгілі – жазда жайлауға шығу. Жайлау қандай жайылым? Малды алысқа ұзатып жаятын жайылым.
  • Адамдар әсіресе ең дархан мезгіл – жазда қандай ойын сауықтар өткізген? Бұл кезде көпдеген адамдар үйлену тойын жасап, ойын-сауық, ат жарыс, күрес өткізген, жыршыларды сайратып, ақындар айтысын тыңдаған. Ауыл-ауылда құрт қайнатып, май шайқаған, ірімшік жасап, қысқа азық-түлік әзірлеген. Бұл кезеңде әр үйде айран ұйытылып, қымыз бен шұбат дайындалған.
  • Көшпенділерде көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және ОрталықҚазақстанда қандай тұрмыс қалыптасты? Таза көшпелі тұрмыс қалыптасты.
  • Қазақстанның қандай аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды? ШығысҚазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында.
  • Қазақстанның қандай аймақтарында отырықшы шаруашылық дамыды? Қазақстанныңоңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында.
  • Күзеу қандай уақытта қоныстанатын жайылым? Қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым.
  • Малшылар күзеуде қандай мәселелер талқылаған? Халық жиналысын өткізіп, ру мен тайпаның аса маңызды мәселелерін шешкен.
Бағалау:( 1 минут) Үйде оқуға арналған тапсырмалар:

Рефлексия(2 минут)

§27 оқу. «Дәстүрлі мал шаруашылығының маңызы» эссе жазу

«Хаттар ұяшығы» сабақтан алған әсерін стикерге жазып ұяшықтарға салады.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.