Боялған жүндерден киіз басу техникасы бойынша ка ртина құрастыру

Оңтүстік Қазақстан Облысы, Шымкент қаласы, №72 жалпы орта мектеп

Пән мұғалімі: Сембаева Алтынай Амалбекқызы

Тақырыбы: Боялған жүндерден киіз басу техникасы бойынша картина құрастыру

Мақсаты: Оқушыларға ұлтымыздың көне киіз басу өнері жайында әңгімелеу, қазіргі

жаңа технология бойынша боялған жүндерден картина құрастыру әдісін

үйрету.

Білімділігі: Киіз басу техникасы жөніндегі білімдерінің кеңеюі, жаңа әдіс

бойынша картина желісімен боялған жүндерді орналастыра алуы,

картина жасалу техникасын меңгеруі.

Дамытушылығы:Қол икемділігінің, ісмерлік қабілетінің қалыптасуы. Сюжетті

композиция құрастыру барысында ой- өрісінің қалыптасуы. Эстетикалық талғамын жетілдіру.

Тәрбиелігі: Ұмыт болып бара жатқан жүн басу техникасындағы жұмыстарды

насихаттау. Ұлттық құндылықтарымызды дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: дайын жұмыс суреттерін көрсету, әңгіме айту, сұрақ- жауап, музыка

тыңдау, сарамандық, топтық жұмыс,сөздікпен жұмыс,түртіп алу

стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: компьютер суреттері, дайын бұйым үлгілері.

Құрал- жабдықтар: боялған жүн түрлері, целофан төсеніштер, кол орамалдар, сулық,

сабын, жылы су, ыстық су.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, құрал- жабдықтарын түгендеу.

б) Оқушы назарын мұғалім өзіне аудару.

Үй тапсырмасын сұрау. Эскиздер дайындап келген оқушылардың суреттерін көру,

оқушылармен өзара талдау. Суреттегі түстер үйлесімін, символын, көңіл- күйін,

перспектива жөніндегі қайталау сұрақтарын қою арқылы бекіту.

Жаңа сабаққа кіріспе: Бұл суреттерді біз бүгінгі жұмысымызға арнап жасадық. Ішінен сурет таңдау .

  • Киіз басу өнері жайында не білеміз?
  • Киіз басу кезеңін көрген, не болмаса естігендерің бар ма араларыңда?
  • Киізді неден жасайды?
  • Қалай жасайды?
  • Жүн неден алынады?

Жаңа сабақ: Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, Киіз Басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз Басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады. Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады. Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабаумен сабайды. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады.

Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп бірнеше түрге бөліп айтады.

Қазіргі заманғы Киіз Басу жұмыстары механикаландырылған.

Алайда, ертеректе қолданған текемет киіздеріміз тұрмыста қолданудан бірте- бірте шығып келе жатыр. Дегенменде, кей жерлерде, кейбір үйлерде киіз, текемет, тұскиіздер қолданыста әлі де бар. Ал, басым көпшілік үйлерде тіптен киіздерді тұрмыста қолданбайды. Осы отырғандардың ішінде кімнің үйінде киіз, текемет бар?

Бүгінгі күні киіз басу өнерінің жасау әдістерінің жаңа технологиялары пайда болды. Киіз басу өнеріндегі қайта өрлеудің екінші кезеңі басталды десек те болады.

Дәптермен жұмыс:

Орысша Қазақша Ағылшынша

валяние тебу,басу

войлок киіз felt

шерсть жүн

Осыдан келіп, фелтинг – войлоковаляние- киізбасу;

фильцевание- набивание- нығыздау сөздері шығыды.

Қазіргі киіз басу техникасының екі техникасы бар: құрғақ және сулап жасау әдісі. Құрғақ жасау әдістерінде арнайы ине, поролон губкасы қолданылады. Сол арқылы әр түрлі пішін береді. Және тағы бір әдіс құрғақ киіз басудағы дайын фотосурет жақтауларын қолдана отырып жасау. Сулап киіз басу техникасында сабынды су, ыстық су қолданылады.

Осы екі техникада неше түрі заттар жасауға болады. Сулы және құрғақ киіз басу әдістерінің өзін түрлендіріп неше түрлі техникалармен жасауға болады.

Бүгінгі сабағымызда, құрғақ киіз басу әдісімен жүндерден картина құрастырып панно жасаймыз. Үлгеріп жатсақ, сулап басу әдісін де жасап көрсетуге тырысамыз. Картина жасау үшін әрине эскиз- нобай қажет. Біз нағыз таза суретші болмағандығымыздан, суретті өзіміз шамамыз келгенше құрастыруымызға болады, немесе, дайын суреттерді қолдансақ та болады.

Жұмыстың жасалу кезеңі:

-Құрғақ киіз басу техникасындағы боялған жүндерден картина жасау кезеңі: таңдалған суреттерді мұқият қарап, фон, қажетті түстер, майда бөліктерін, тағы басқа детальдарын көріп аламыз.Боялған жүндерден картинаның негізін, яғни фонын жасаймыз. Картинадағы түске сәйкес жүндерді жұқалап тартып жұламыз. Оларды көлденең және тігінен орналастырамыз. Үстіне қажетті майда бөліктерін орналастырамыз. Жұмыс аяқталған соң қайта тексеріліп, шетін тегістеп қырқып алып тастаймыз. Үстіне әйнек кигіземіз. Бұл өнерді тағы орысша «шерстеная акварель» немесе «шерстеная живопись» деп атайды. Қазақша «жүнді акварель», «жүнді кескіндеме» болып аударылады.

-Сулап киіз басу техникасында жоғарыда аталған жайттардың барлығы орындалып тек, өзгешелігі, жүндерді қалыңдау етіп алу керек. Және өзі айтып тұрғандай сабынды су себеміз. Және ең алдымен ыстық су құямыз. Ыстық су киіздердің ұйысуына бір- бірімен тығыз байланысуға септігін тигізеді.

Қауіпсіздік ережені қайталау:Жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережелерін еске түсіреміз, оны сақтаймыз. Біз қайшымен, ыстық сумен жұмыс жасаймыз. Және жұмыс орнын таза ұстайға тырысамыз.

Сарамандық жұмыс: Оқушылар топтап жұмыс жасайды.

Құрғақ киіз басуды фотосурет рамасының төсеніш картонында жасайды. Жүндерді жұқалап жаяды. Дұрыс жасалу әдісін көрсету. Картина бөліктерін дұрыс орналастырылуын қадағалау.

Сулап киіз басу әдісін таңдаған оқушыларға жүндерді қалың етіп орналастыруын қадағалау. Ыстық су дайындап беру. Сабынды сумен дұрыс жұмыс жасауын қадағалау.

Сергіту сәті:

Ендiбiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

Сарамандық жұмысты жалғастыру.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Бүгін сабақта не жасадық?
  • Бүгін не үйрендіңдер?
  • Киіз басу деген не?
  • Қандай екі түрі бар?
  • Фелтинг деген не?
  • Фильцевание деген не?
  • Сабақ ұнады ма? Немесе ұнамады ма? Несімен ұнады?

Сабақты қорытындылау,бағалау: Топтан бір оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.

Оқушы жұмыстарын талдау, бағалау

Үйге тапсырма: Дайын болған жұмысты безендіру әдістерін ойластыру.

Реклама