«Бауырсақ» ертегісі

Атырау облысы, Индер ауданы

«Балдаурен» мектепке дейінгі бөбекжайы

тәрбиеші: Нурманова Жанар Майышқызы

1.Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Құрастыру,Жапсыру

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: «Бауырсақ» ертегісі желісі бойынша балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыра отырып, білімдерін ертегі кейіпкерлері арқылы еске түсіріп, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Байланыстырып сөйлеуге, дыбыстарды таза анық айтуға, зат есімдерді көмекші сөздермен байланыстыра отырып, сөздік қорын дамыту.Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Реклама