Жаңа сабақтар

Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар?

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютер және қауіпсіздік

Мектеп: «Байғазы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамет Ақбота Асхатқызы

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Тақырыбы: Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру.
Сабақтың мақсаты Барлығы: Процессормен қатты дискінің қызметі туралы білу.

Көпшілігі: Процессордың қызметі туралы түсіну.

Кейбіреуі: Қатты дискінің қызметі туралы түсіну.

Бағалау критерийі Процессормен қатты дискінің қызметі туралы біледі.

Процессордың қызметі туралы түсінеді.

Қатты дискінің қызметі туралы түсінеді.

Тілдік мақсаттар Процессор, қатты диск, HDD.
Құндылықтарға баулу Компьютердің маңызды құрылғыларын анықтай отырып, білім беру жүйесін жаңғырту жолында қолдана білуге машықтандыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Математика, ағылшын тілі
Алдыңғы білім Компьютердің ішкі, сыртқы құрылғылары
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

7 минут

«Жан жүрек» әдісі. Плакатқа жүректің суретін салып тақтаға ілемін. Оқушыларға стикер таратып жылы, мейрімді сөздерді жазады, іледі.

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. Процессор мен қатты дискінің суреттерін пайдаланам. Оқушылар ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады.

«Кім жылдам» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

  1. Техника қауіпсіздік ережесі неше бөлімнен тұрады?
  2. Компьютермен жұмыс істеу барысындағы қандай техника қауіпсіздік ережесін білесіңдер?
  3. Апаттық жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
Плакат, стикер.
Сабақтың ортасы

3 минут

12 минут

СЕРГІТУ СӘТІ

3 минут

7 минут

8 минут

«Stop кадр» тәсілі : Интерактивті тақтадан процессор мен қатты дискінің қызметі туралы бейне материал көрсетіледі, видеоны көрсетіп болған соң, оқушылар бүгінгі өтілетін тақырыпты ашады.

1-Тапсырма.Топпен жұмыс.

Оқушылар тақырыпты оқулықтан өз бетінше оқып шығып, түсінгенін постерге түсіру.

Жүйелік блок пен қатты диск туралы постер жасайды, қорғайды.

Дескриптор:

Білім алушы

Тақырыпты оқыды.

-Жүйелік блок пен қатты диск туралы түсінді.

— Жүйелік блок пен қатты дискті ажырата білді.

-Ойын жинақтап жеткізді

.-Постерді түсінікті түрде салды, көрсетті.

Бағалау

Смайликтер

«Кездесу ойыны».

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады.Әуен тоқтағанда бір-бірлерінің қолдарынан ұстап жақсы қасиеттерін айтады.

2-Тапсырма. Жеке жұмыс.

Дескриптор:

Білім алушы

— құрылғылардың атауын жазды;

— процессордың және қатты дискінің қызметін сәйкестендірді.

Бағалау (жұлдызша)

3-Тапсырма.Венн диаграммасы бойынша оқушылар процессордың және қатты дискінің айырмашылығын,ұқсастығын жазады.

Дескриптор: Білім алушы

-Ұқсастықтарын білді.

-Айырмашылықтарын білді.

Бағалау.Бас бармақ

постер

.

Сабақтың соңы

3 минут

2 минут

«Қымыз құюшы» әдісі

Менің шөлім қанды …….

Менің шөлім қанар еді. Егер …….

Мен қатты шөлдеп тұрмын. Шөлім қанбады …

Үй тапсырмасы. «компьютердің маңызды құрылғылары » тақырыбын оқу, интернет желісінен компьютердің қосымша құрылғылары туралы қосымша мәлімет іздеу.

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Қатты диск істен шыққан жағдайда жұмыс үстелінде қандай ақпарат шығып тұрады?

Дескриптор:Білім алушы:

-Bios арқылы қатты диск ақпаратын тапты.

Смайлик, жұлдызша,бас бармақ Жаттығулар
Сабақ бойынша рефлексия
Реклама

Добавить комментарий