Жаңа сабақтар

Сөз құрамы. Түбір мен қосымша

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №10 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Инешова Нагима

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау

Күні:22.01.18

Сынып: 2 Г

Мектеп: №10 орта мектеп Жаңаөзен қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Инешова Нагима

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Сөз құрамы. Түбір мен қосымша
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.2.1- мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.

2.2.5.1-дереккөздерден мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу

2.3.5.1- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.5.1- мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

Бағалау критерийлері Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Пәнаралық байланыстар Музыка
Бастапқы білім Сөз және оның мағынасын біледі
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру.3 мин

Оқушылар орындарынан тұрып келген қонақтармен, ұстаздармен амандасады. Сабақтағы көңіл-күйлерін смаиликтер арқылы анықтау.

Түстер арқылы 4 топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Өткенге шолу жасаау. Қайталу сұрақтары

-Синоним дегеніміз не?

-Антоним дегеніміз не?

-Омоним дегеніміз не?

Сөз құрамдарын ата. Мысал келтір

слайд
Жаңа білім

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

Сабақтың соңы

2 мин

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтарға мәтінмен танысады.

Оқулықпен жұмыс. 43-ж. Мәтінді түсініп оқы.

Топтық жұмыс жүргізу.

1-топ. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды. Мәтінге ат қояды.

2-топ Компьютерге, достарымен, спортпен, балаларды, команданың, капитаны сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырату.

3-4 топ «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында постер қорғау.

Қолдану. Дәптермен жұмыс 44-ж.

Суреттегі зат атауларына қосымша қосып, екінші бағандағы сөздермен байланыстырып жаз.

Атқа мін. Парашютпен секір. Бассейнге шомыл. Доппен ойна.

Сергіту сәті. (Видеоролик арқылы оқушылардың бойын сергіту)

45-ж. Ойлан, тап

Әсет — бірінші орын

Талғат — екінші орын

Марат – үшінші орын

Дұрыс әрі толық жауап берген топтар ауызша түрде бағаланады.

«Кім білгір?» семантикалық картамен жұмыс

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту, шапшаңдыққа баулу.

Әрбір оқушыға сөздер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар берілген сөздердің түбірлі сөз бен қосымшалы сөзді ажыратып белгі қою керек.

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Деңгейі жоғары оқушыларға қосымша тапсырма

беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады
Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

Реклама

Добавить комментарий