ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘ РБИЕ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК“Оқушылар үйі”

педагог-психологі Матай Сарқыт Құрманғалиқызы

Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. “Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман” деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ.

Қосымша білім беру ұйымының алдында тұрған басты міндет оқушылардың шығармашылық білім, дағдыларын қалыптастыру. Өз ұрпағының өнегелі, еңбек сүйгіш, атпал азаамат болып өсуі үшін психологияның негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану – әрбір ұстаз міндеті.

Бүгінгі таңда қосымша білім беру ұйымдарының негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасық ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады.
Осы бір көп сыры қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарыда бала бойында болады. Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігі ертеден – ақ дәлелденген. Бұл туралы педагог-психолог Л.С.Выгодский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол “Адам-әлеуметтік ортаның негізгі бір құрамды бөлігі” деп есептейді екен. Қандай жағдай болсын жеке адамның психологиясын түсіну үшін әуелі, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін білуіміз қажет.

Баланың жан дүниесіне үңілсек жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны белгілі. Осыған орай ата-ананың да мұғалімнің де өнегесі мен әрекетіне тікелей байланысты. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған баланың есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндайда бала психологиясын білмеген ата-ана, мұғалім “Сенен түк шықпайды” деп одан бар үмітін үзіп, баланың жанын жаралайды. Жөнге салу бағытында оған ұрысып,айқайласа, өте қателескені. Керісінше, оның кемшілігін түзетіп, жақсы ісін мадақтап теріс қылығын түсіндіру және берілген тапсырманың орындалуын үнемі қадағалап тілін алдыра білу мұғалім мен ата-ананың үлкен жетістігі болмақ. “Сылаумен, мақтаудан бала өседі” дейді халық даналығы.

Жеке тұлғаның мінезін өзгертемін деп тырысуға, одан қалай да “Қолайлы адам жасап шығаруға” болмайды, тек мінезінің жақсы жақтарын дамытуға ғана болады. Мінезді күштеп өзгертуден кері әсер шығады, бала жаны ауытқуға ұшырайды. Себебі оның миына жағымсыз тітіргендіргіштің тұрақты әсер етіп отыруынан. Мысалы: мұғалімнің немесе ата-ананың әділетсіз жазалауы, дөрекі қарым-қатынасы, үздіксіз ескертуі осыған жатады. Баланың ішкі жандүниелік құбылыстарын психологиялық дамуын тексеруде К.Маховердің проекцилық әдістемелеріндегі берілген суреттік тест “ДДЧ”, “Менің отбасым”,“Ерікті сурет” жәнеЛ.Дюсстің проекциялық “Сиқырлы отбасы ертегісін ” тест мәтіндерін психолог жағымды дауыс ырғағымен оқып – жүргізіп ертегідегі басты кейіпкер орнына бала өзін қойып ертегіні әрі қарай өзі құрастырып аяқтау қажет. Оқушылардың жазған жұмысын тыңдаған соң, әр оқушыны зерттеу мақсатында жеке жұмыстану жүргізіледі. Талдау барысында баланың ішкі жан дүниесі, эмоциялық реакциясын анықтауға болады. Оқушылардың ережені үйреніп меңгеріп кетуіне топтағы қарым-қатынас барысында дағдылы іс-әрекет жасауға, білім сапасын жетілдіруге, өзін-өзі бағалауға , тәрбиелеуге шығармашылық деңгейін көтеру және таным белсенділіктерін дамыту мақсатында психологиялық тренинг сағатының үлгісін қолданған тиімді. “Білгенге маржан” тақырыбындағы психологиялық сағат адаптациялық кезеңнен өтудің үш сатысы бойынша жүргізіледі.

  1. Дағдарыс заты
  2. Пәнге бейімделу
  3. Өзін-өзі тану

Сағаттың барысы: 1. Дағдарыс сатысыда /1-ші тапсырма/ адаптациялық сұрақтар яғни қиындықтан шығу сұрақтары беріледі. Мысалы: …сен үйірмеге келе жатқанда…, Достарыңды көргенде…, Сенен сабақ сұрағанда…т.б.

/2-ші тапсырма/ Мюнстерберг әдістемесі бойынша сөздерді табу. Яғни баланы шапшандыққа, аңғарымпаздыққа зейінін тәрбиелеуге бағытталған.

  1. Пәнге бейімделу. Пәнге(үйірмеге) қызығушылық шығармашылығын дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білу мәтін бойынша өз көзқарастарын білдіру, жағымды-жағымсыз қылықтарды ажырата білу үшін “Қызыл гүл” әңгімесін аяқтау әдістемесі жүргізіледі. Келесі тапсырма көру арқылы есте сақтауды (сандардың таңбасын коділеу, көрнекіліктен сандық таңбаларды құрып, жұмыс дәптерлеріне естерінде сақтағандарын түсіру) жүзеге асыруды көздейді.
  2. Өзін-өзі тану. Бұл саты бойынша ( “Өз менің” қалыптастыру мақсатында

бірнеше тақырыптар айтылады, өз таңдауы бойынша сурет салу яғни өз ойларын, жай-күйін сурет арқылы бейнелеу жұмыстары атқарылады. Сабақ соңында қары-қатынас психологиясы негізінде жағымды эмоция қалыптастыруға, топта достық-ынтымақтық орта тудыруға байланысты “алақан” тренинг жаттығуы жүргізіледі.

Қағаз бетіне әр оқушы өз алақандарының суретін салып, орта тұсына атын жазады да келесі оқушыға береді, әр саусақ суретіне жақсы ниеттегі сөздер жазылып, бір-біріне жалғастырылады. Соңынан әр бала өз алақанындағы жылы сөздерді оқып, көтеріңкі көңіл-күйде болуға мүмкіндік алады.

Эмоция дегеніміз – бұл адамның мұқтаждықтарын қанағаттандыруға немесе қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күй олай болса эмоция – қоршаған ортадағы әсер тудырушы ақпараттарды сезімге апаратын саты.

Эмоцияның екі түрге бөлінеді:

  1. Жағымды эмоция – бақыт, қанағаттану, келісу, қуаныш.
  2. Жағымсыз эмоция – көңілсіздік, қайғы, стресс, келіспеушілік жатады.

Эмоцияны іште жасырып, бұғып жүру өте зиянды. Бұның зардабы жүрек, жүйке құруына, қан қысымының көтерілуіне, ашуланғанғыштыққа ұшыратып басқалармен қатынас жасауды қиындатады. Сондықтан балалардың, өзіміздің эмоциямызды қоршаған ортаға зиян келтірмей “сыртқа шығаруға” тырысыңыз.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыру, дамыту үшін төмендегідей 3 жұмыс түрі керек.

  1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақтар) өз бетінше жұмыс түрлері.
  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу)
  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, сурет бойынша әңгіме құрау т.б)

Жағымсыз эмоция кезінде балаға қалай көмектесеміз?

Ашуланған кезде өзін-өзі ұстаудың әдістері мен тәсілдері.

  1. Айнаның адында баламен бірге беттеріңізді “тыжырайтып” ойнаңыздар, әр түрі эмоцияларды көрсетіп, баланың мимикасына көңіл бөліңіз.
  2. Баламен бірге “тоқта” деген белгі ойлап табыңыз. Қатты ашулана бастаған кезде белгіні алып “тоқта” деп ескерту жасайды.бұл әдісті дағдыға айналдыру үшін бірнеше жаттығулар жасау керек.
  3. Баланың ашуын қолайлы түрде көрсетуге үйрету.
  • Жағымсыз жағдайлар туралы міндетті түрде ата-аналармен немесе достарымен әңгімелеу керек екенін үйретеміз.
  • Ызаланғанын сөз арқылы жеткізуге болатынын айтып үйрету.(“мен қатты ренжідім”т.б)
  • Жағымсыз эмоцияларынан құтылу үшін “Сиқырлы заттарды” пайдалануға болады. Пиала (оның ішінде айқалауға болады), су құйылған ванна ( оның ішіне резеңке ойыншықтарды лақтыруға болады), қағаз (жырдытуға, мыжғылап лақтыруға болады.), қарындаш (онымен ыңғайсыз болған жағдайдың суретін салып шимайлап, лақтырып жіберуге болады), пластилин (ренжіткен адамның мүсінін жапсырып, соңынан мыжып тастауға болады).

4.Баланың көңіл күйі шектен тыс қатты көтеріліп кеткенін байқасаңыз оған жылдам жүгіру, секіру, өлең (өте қатты дауыстап) айтуды ұсыныңыз.

Баланы өзінің көңіл күйін тежей білуге үйрету.

  1. Қолын қатты қысып, бұлшық еттерін жиырып, біртіндеп жағымсыз қылықтарын шығару.
  2. Өзін арыстанмын деп елестету “ол өте әдемі, байсалды кең ұстайды. Оның аты кім, балалар?(баланың атын айтады) “ сен оған қатты ұқсайсың!”
  3. Табандарыңды жерге қатты-қатты тіреңдер,денелерің, қолдарың, аяқтарыңныың бұлшық еттері жиырылған тістеріңмен қатты тістеніңдер “сен үлкен ағаш сияқтысың, сенің тамырың теренде жатыр саған ештеңе қорқынышты емес”
  4. Бала тез ашулана берсе, бірнеше рет демін шығарып, тереңірек қайта демалып, ішінен 5-10 ға дейін санауы керек.

Жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз.

Қорытынды: М.Жұмабаевтың “Мұғалім мен баланың арасы өте жақын болуға тиіс. Мұғалім баланың қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын” деген дана сөзін ұстана отырып біз, назарымызды балаларымыздың кемшілігін аңдауға емес, кішкентай ғана жетістігі мен жеңісін байқауға бағыттасақ екен.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ.Жарықбаев “Жантану”, “Тәрбие құралы”, “Психология”

Реклама