Өсімдік бөліктері

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні : Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2. Тірі табиғат

Бөлімше: Өсімдіктер

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: «Ақжал бастауыш

мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамеджанова Б.К

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Өсімдік бөліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс ,тұқым) танып, ажыратады

Кейбір оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөлімдерін және олардың қызметтерін біледі және зерттей алады.

Тілдік мақсаты Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым.
Бағалау критерийлері Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады.

Өсімдіктердің тұқымдарымен жемістерін ажыратады.

Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасап, зерттей алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушылардың бір-бірімен ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану .
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім теңдік пен теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту

Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Сабақтың соңы

Көңілді шеңбер. Ойын «Гүлдер»

Әр балаға гүлдердің суреттері үлестіріледі.Гүлдердің атын атап, билейді.

(Ұ)Өсімдіктерді ұсынған гербарий арқылы сипаттап,бөліктерін атау.

Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады?

(Қ/Б) Оқушылардың өсімдік бөліктерін атауын бағалау. Смайлик үлестіру.

Ұ)Өсімдіктерді сипаттап,бөліктерін атау.

Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады?

(Қ/Б) Оқушылардың өсімдік бөліктерін атауын бағалау.

Кішкентай алмаларды үлестіру.Балалар оны жеп болғаннан кейін сұрақ қою.

Өсімдіктің жемісінде не бар?

Жемістің ішіндегі тұқым саны нешеу?

Олардың пішіні мне мөлшері қандай?

Қ/Б жекелей бағалау

« Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.

Т. 1 тапсырма: Бағалау критерийі:

*Өсімдіктердің өмірлік формаларын анықтау.

*Ағаш, бұта және шөптердің негізгі белгілерін

сипаттау

Әртүрлі өсімдіктердің өмірлік формаларындағы суреттерін үлестіру..

Т Ағаштарды орманның суретіне , бұталарды үйлер суретінің қасына, , шөптекті бақшаның суретіне орналастырыңыз

Балапандар биі.

Дескриптор:

өсімдіктердің бөліктерін таниды;

— өсімдіктердің түрлерін ажыратады

Қ/Б гүлдердің суреттерін үлестіру

Ж: «Жемістер»

Жұмбақ шешу арқылы,жемістерді атап, ағаштарға жабыстыру

Қ/б Шапалақтау арқылы

Т:Ж. Бағалау критерийі:

Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады.

Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ,

жапырақ, гүл, жеміс) атайды

2 тапсырма: Суреттегі өсімдіктің мүшелерін жинап,әріптермен белгілеу

Дескриптор: Білім алушы

— өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды;

— өсімдіктің тамырын «Т» әрпімен белгілейді;

— өсімдіктің сабағын «С» әрпімен белгілейді;

— өсімдіктің жапырағын «Ж» әрпімен белгілейді;

— өсімдіктің гүлін «Г» әрпімен белгілейді;

— өсімдіктің жемісін «Ж» әрпімен белгілейді

Қ/Б

Бақылау

-Жемістердің ішінде не болады?

-Суреттегі тұқымдар несімен ерекшеленеді?

-Өсімдік гүлінің орнына не пайда болады?

Рефлексия.

Сынып ортасына екі текше қойылады. Оқушылар өз орындарын табады.

«Мен өсімдіктің барлық бөліктерін атай аламын»-деген оқушылар биік текшеге отырады.

«Маған әлі де өсімдіктің бөліктері туралы оқып-білу керек»-деген оқушылар төменгі текшеге отырады

Гүлдердің суреттері

Гербарий .

Алмалар

Жемістердің суреттері

Ағаштардың, бұталардың, шөптектің суреттері

Музыка әуені

Жемістердің суреттері

Әріптер карточкада

Түрлі түсті қағаз ,желім, қайшы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.