Жаңа сабақтар

Т. Кәкiшев. Мәңгi жасар өмiр

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы
Берқайыр Аманшин атындағы орта мектеп
Абилгазиева Карылгаш Тенелбаевна

Сабақтың атауы Т. Кәкiшев. Мәңгi жасар өмiр
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты мен міндеттер: мәтінді, оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: суреттер С. Сейфуллин портреті,

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: әңгімелеу

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

1937-138 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.

Репрессия- мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы.

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
  • тізбек бойынша оқу
  • тұтас оқу
  • Сөздік жұмыс: ақталу, елгезек, шамалы жер, біртуар
  • әңгіме неліктең «Мәңгі жасар өмір» деп аталған?
  • ел басынан қандай жағдайлар өтті?
Сергіту сәті С.Сейфуллиннің Тау ішінде әнін тыңдау Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс 129 бет сурет бойынша жұмыс:

-Суретте қалай атар едіңдер?

-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің?

-оларды атқан адамдарға көзқарастарыңды білдір

-Берілген сурет пен мәтін арасында қандай байланыс бар?

-Мәтінді, өлеңді мәнерлеп тұтас оқу

-мәтінді іштей тұтас оқу

-Мәтіннен соңғы азат жолды қайталап оқы. Өз сөзімен түсіндір.

— мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

— Репрессия видео

-Поэзия минуты: өлең ұйқастарың құрастыру

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

1.Әңгіме неліктен “Мәңгі жасар өмір” деп аталған? Ол кімге қатысты айтылған сөз?

2.Оларды атқан адамдарға өз көзқарасынды білдір.

3.Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма? Болса, қандай?

Реклама

Добавить комментарий