Тағам және сусын

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:жаратылыстану

Сынып:1 «Ә»

Мектеп: №71 жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Тажибекова Гульжанар Лесбековна
Сабақтың тақырыбы: Тағам және сусын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсінеді.

Көптеген оқушылар: Зиянды тағамдар мен пайдалы тағамдарды ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Тамақтану ережесін сақтау денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері
  • Тамақтану режимі туралы айтады;
  • Пайдалы тағамдарды анықтайды;
  • Тамақтану режимінің сақталу маңыздылығы туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсаттары Тағам,сусын,зиянды тағамдар,пайдалы тағамдар
Құндылықтарды дарыту Шығармашылық қабілетін дамыту, қамқорлық жасауға баулу.
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек.
Бастапқы білім Тағам және сусын түрлерін атай алады.
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 5 мин 1.Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Шаттық шеңбері:

Шылдыр-шылдыр алақан

Міне менің қолым

Міне менің жүрегім

Сені жақсы көремін.

Алақан арқылы бір-бірімізге жүрек жылуын беріп, сабағымызға тілек тілейміз.

Тағам мен сусындардың суреттерімен «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру.

1-топ:Ұн өнімдері

2-топ:Ет өнімдері

3-топ:Ағарған өнімдері

4-топ:Шырын өнімдері

Қима қағаздар
Сабақ ортасы 25 мин Қызығушылықты ояту

Тағам және сусын туралы бейнероликті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

1-тапсырма: Топтық жұмыс. «Кубизм» әдісі

Дескриптор:

  1. Ет тағамдарының пайдасы туралы түсіндіреді;
  2. Сусындардың түстерін ажыратып, түстеп айтады.

2-тапсырма: «Ойлан тап!»ойыны

Дескриптор:

1.Тамақтану режимі туралы әңгімелейді;

2.Өзіне ұнайтын тағамдардың суретін салып, атауларын жазады;

3.Пайдалы емес тағамдарды анықтайды;

3-тапсырма: Жұптық жұмыс.

«Ойлану,жұптасу,талқылау»әдісі

Дескриптор:

1.Хаттың мазмұныны талқылайды;

2.Дұрыс тамақтануға қатысты ойларын жазады;

Сергіту сәті: «Қара жорға»

Оқулықпен жұмыс: «Семантикалық карта» әдісі Дескриптор:

1.Сурет бойынша тағам мен сусын түрлерін сәйкестендіреді.

2.Таңертең қандай тамақ жейсің, қандай сусын ішетінін анықтайды.

Дәптермен жұмыс

Дескриптор:

ет пен ұннан жасалатын тағамдардың атауын жазады.

сүт өнімдері мен шырын өнімдерінің түрлерін ажыратады.

АКТ

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Интербелсенді тақта

Суреттер

Үлестірмелі қағаздар

АКТ

Оқулық

суреттер

Сабақтың соңы 5 мин Кері байланыс

Бүгінгі сабақта алған көңіл-күйді «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді?» кестесіне жазып іледі

Үш бұлт суреті
Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау Денсаулық сақтау технологиялары
Кейбір оқушыларға тапсырманың деңгейін күрделендіру керек. Партада дұрыс отыру ережесін ескертемін.
Сабақ бойынша рефлексия
Осы сабақты қорытындылай келе келесі сабақта педагогикалық әдіс-тәсілдерді түрлендіруді, жас ерекшеліктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды түрлендіріп беруді ұйғардым.
Реклама