Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша Пайдалы

Сабақтың тақырыбы:

Түбір мен қосымша

Пайдалы

Мұғалімнің аты-жөні:Утешева Мензипа Амировна

Мектеп:С.Есетов атындағы ОЖББМ

БҚО,Казталов ауданы,Талдықұдық ауылы

СЫНЫП: 2 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжай алады; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады;жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзей алады; түбір мен қосымшаны ажырата біледі.
Құндылықтар Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас
АКТ қолдану дағдылары Электронды оқулық
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Диалогтік оқыту, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, әдебиеттік оқу.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут

Алдыңғы білім

Сәлемдесу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ ниетті тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Армысың ару күн!

Армысың жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн,

Білімге білім қос!

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Ертегі тыңдау.

-Ерте,ерте ертеде бір Түбір деген шалдың Қосымшы деген баласы болыпты.Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты.Олардың біреуі-Жұрнақ,ал екіншісінің аты Жұрнақ болыпты.Жалғау жүрген жерінде сөзбен сөзді байланыстырса,ал Жұрнақ болса,жүрген жерінде жаңа сөздер жасап жүреді екен.

-Балалар осы ертегі бойынша «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша білімімізді қайталайық.

Сөздер Түбір Қосымша
Оқулық
Жылдар
тау
Су
1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

Диалогтік оқыту әдісі

Смайликтер

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Топтық жұмыс.

38-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Пайдалы.

1-топ.Өлең неліктен «Пайдалы» деп аталатынын дәлелде.

2-топ.Өлең мазмұнына қарама-қарсы пікір айтып көр.

3-топ.Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат

Оқулық,

мәтіндер.

«От шашу»

Ортасы

10 минут

Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

39-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, мәтінді көшіріп жаз.

40-жаттығу. Бұлттардағы буындар мен сөздерден жұмбақ құрап жаз.

Айдын суда жалтыр,

Құлаштап жүзіп малтыр.

Шешуі: Жүзгіш

Оқулық, түрлі-түсті бұлттар,

Қатемен

жұмыс

Сергіту сәті

2 минут

би билеу Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

41-жаттығу. Өздік жұмыс.

Берілген екі себетке тиісті сөздерді қойып көр.

Спорт түрлері Спортшы

Керекті сөздер:

Хоккей шаңғышы дзюдо

Боксшы атлетика таэквондо

Футбол теннисші сарапшы

Күрес

2-тапсырма.Ережені айту.

БББ кестесі

Білгенім Білдім Білгім келеді
Электронды оқулық,1,2-тапсырма

«Бармақ»

әдісі

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау

5 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,қоржын

дарға жапсырады.

Реклама