Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Сабақтың тақырыбы:

Менің отбасым

Мұғалімнің аты-жөні:Утешева М

С.Есетов ат. ОЖББМ,

БҚО, Казталов ауданы

Күні:15.09

Пәні: Дүниетану

СЫНЫП: 2 Қатысқан оқушылар саны: 10 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ

әдеп нормаларын анықтау

Сабақ мақсаты : Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мысалдар келтіру негізінде өз отбасының әдептілік ережелерін түсінеді және түсіндіреді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Отбасылық міндеттерді біледі,өз міндеттерін орындайды;отбасылық және жекебас істерін ажырата алады.
Тілдік құзіреттілік Отбасы мүшелері,ана,мать,mother,әке,отец,father,қарындас,сестра,sister,аға,брат,brother.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу: «Сәлеметсіздер ме,балалар!»

Асыл сөздің атасы,

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер,білім,еңбекте,

Жақын болар ұрпақпыз.

Саусақтары майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған күш,

Батыр болар ұрпақпыз.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Балалық шағымнан естелік»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: Үстелге әртүрлі нәрселер қоямын.Бұл доп,қуыршақ,хат ,кітап .Әр оқушы өзінің балалық шағына байланысты бір нәрсені таңдап алады да,өміріндегі қызықты оқиғаны баяндап береді.

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түсті алып топқа бөлінеді.

«Балалық шағымнан естелік»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

«Сөз құра» (Алдарында тұрған сөз қиындыларынан мақал құрастыру)

1-топ.Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

2-топ.Ынтымақты отбасы қайым-қайғыны білмес.

3-топ.Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

(Мақал-мәтелдердің мағынасын талқылап,сабақтың тақырыбын болжайды.)

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Кез-келген адамның өз отбасы бар. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар жатады. Олар: атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен әпкесі және іні-қарындастары.

2.Жұптық жұмыс.Суреттерді салыстыру.

3.Топтық жқмыстар.

1-топ.Өз отбасындағы адамдар туралы әңгімелеу.

2-топ. «Қамқор болу», «көмектесу» деген ұғымдардың мағынасын талдау.

3-топ.Өз отбастарындағы қамқорлық туралы әңгімелейді.

Қорытынды:Отбасында барлығы бір-бірін құрметтеу керек,бір-бірін құрметтеу керек,бір-біріне қамқор болу керек.

Өздерінің ой-пікірлерін білдіреді.

Оқулық,

мәтіндер.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

«Көңілді күн»

би билеу

Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Ортасы

10 минут

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

«Таңда да таста» әдісі

«Таңда да таста» әдісі
Бағалау

5 мин

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдғы.
Үйге тапсырма: Өз отбасы мүшелерің туралы фотоальбом жаса.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.