Оқушы шығармашылығы

Атырау облысы Атырау қаласы

Тілі мүкістігі бар балаларға арналған № 3 облыстық арнайы мектеп-интернатының 7 а сынып оқушысы

Габдуллина Жанерке

Жетекшісі: Каукенова Арайгүл Балтабекқызы

«Егер мен…»

Егер мен ақын болсам, халқымның сөзін сөйлер едім. Ел арасындағы тыныштық, бейбітшілікті тілер едім. қазақстандағы барлық ұлттар тату, жарасымды өмір сүрсе деймін.

Халқым аман болсыншы,

Шаттыққа өмірі толсыншы.

Шаңырағына әр үйдің

Береке, ырыс қонсыншы.

Елін сүйер мен- балаң.

Мамандық таңдау есі кірген әр баланың алдында тұрған жауапкершілік. Қалаған кәсібіңнің иесі болу-бүкіл өміріңді соған арнау деген сөз. «Мамандығым -мақтанышым» деген сөз жиі айтылады. Адам баласын биіктерге жетелеп, беделін көтеретін, абыройын арттыратын-мамандығы.

Мен әлі тұрақты бір мамандықты таңдай алмадым. Ақ халатты абзал жан болсам, мың бұралған биші болсам, немесе, білімнің қайнар көзі — ұстаз болсам ба деп қиялдаймын. Қыз бала үшін мамандық таңдау басты армандарының бірі болса, бәрінен де елін сүйер адам болу-парызым деп білемін.

Атырау қаласы

Тілі мүкістігі бар балаларға арналған

3 облыстық арнайы мектеп-интернатының

7а сынып оқушысы

Кенжеева Аружан

Жетекшісі: Каукенова Арайгүл Балтабекқызы

Табиғатым-тал бесігім

Жер, су, ауа — адам баласының ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. …Олай болса табиғатсыз адамның күні жоқ. Жарқын болашаққа мықты денсаулықпен аяқ басу үшін, жер-ана алдындағы борышымызды өтейік. Кешірім ретінде тал егейік,бұлақ көзін ашайық. Көше, үйлер, өзен жағалауларын қыс бойғы қоқыстан арылтайық, достар!

Дәрігер болсам…

…сонда мен сырқат жандардың жанына дауа болып, денсаулығын түзетуге көмектесер едім. Өзім оқитын мектеп-интернатта әр түрлі диагноздар бойынша тілінің мүкістігі бар, құлақтары естімей қалған, арнайы аппаратпен ғана еститін оқушылар білім алады. Болашақта осындай мектеп-интернаттар қатары азайып, балалардың саулығы түзеліп кету үшін не істеуге болады деп жиі ойланамын. Сондықтан балалар дәрігері болсам ба деп армандаймын. Алғыс алған жаман ба? Талпынсам арманыма жетемін.

Дәрігер болсам егер де,

Сәбилерді емдеп жазар ем

Ел үмітін ақтап мен,

Шаттанып сонда қалар ем,- деген тілегім орындалса екен.

Реклама