Оқушылар шығармашылығы

Атырау облысы Атырау қаласы

Тілі мүкістігі бар балаларға арналған № 3 облыстық арнайы
мектеп-интернатының оқушысы
Айденова Милана

Жетекшісі: Кушербаева Лаура Кенесовна

Анам – менің…

Анам – менің тірегім,

Ол бар жерде еш уайымсыз жүремін.

Анам – менің жүрегім,

Оны көрсем елжірейді жүрегім.

Анам –менің биік шыңым,

Алыс кетсем сағынып жетем мен оған.

Анам – менің жарық күнім,

Нәр аламын сәулесінен оның мен.

Анам – менің бәйтергім,

Саясында өсіп келем бой түзеп.

Анам менің,аман жүрші қасымда,- деп тілейді,

Бала жүрек әрқашан!


Атырау облысы Атырау қаласы

Тілі мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы
мектеп-интернатының оқушысы
Батихоллаева Мария

Жетекшісі: Кушербаева Лаура Кенесовна

Туған өлкем – Атырауым!

Туған өлкем – Атырауым,

Мақтан тұтам бір сені.

Өз орның бар әсем қалам

Ойып алар тарихтан.

Олай болса,мәңгі жаса,

Ұзақ болып ғұмырың.

Күннен-күнге көркейе бер,

Таң қалдырып баршаны!


Жау,жау жаңбыр,жау жаңбыр,

Жау,егінім мол өссін.

Астыққа толып алқап та,

Мол егінге кенелген,

Диханшылар қуансын.

Көк шалғында асыр сап,

Балалар да ойнасын.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.