Оқушылар шығармашылығы

БҚО , Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы

С.Есетов ат. ОЖББМ-нің

2 сынып оқушысы

Асқар Саида Жомартқызы

Эссе

Табиғат-тал бесігің аялай біл!

Мен жарық дүниеге келгеннен бастап табиғаттың тал бесігінде тербеліп өсіп келемін. Әр түрлі ойыншықтармен ойнаймын.Ойыншықтың өзі де табиғат сыйынан жасалады.Әкеме еріп,көлге барамын.Осы көл де табиғаттың -тал бесігі емес пе?Ондағы ақ сазан,ақбалық,алабұға,шортан,тағы да басқа балықтар-табиғаттың бізге берген сыйы.

Жазда жағалай ауыл қонған көлге барып,рақаттана суға шомыламын.Осы көл де, табиғаттың тал бесігі.Өйткені көлді көмкере өскен көк құрақ,жасыл қоға өзінше құлпырып табиғаттың бір бөлшегі болып көрінеді. Көлдегі қаз,үйрек,шағала және басқа да құстардың түрін көрдім. Бұлар да табиғаттың тал бесігінде тербеледі деп ойлаймын.Ауылымның байтақ та жазық кең даласын киік,қабылан,қасқыр,түлкі,қоян тағы басқа жабайы аңдар да қоныс етеді.Себебі олар да табиғаттың бесігінде тербеліп ұрпақтарын өсіреді.

Табиғаттың күндізгі күн нұрының өзі керемет қой!

Халқымыз табиғатты анаға теңеген.Өйткені табиғатта тіршілік өсіп,өнеді.Өзіндегі барды адамға,жан-жануар,құстар мен жәндіктерге береді.Халық емшілері жануарлардың,өсімдіктердің қасиеттерін жақсы білген.Табиғатқа қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып,ормандар аяусыз балталанды,аң-құстар қырылып,шамадан тыс көп ауланды.тың игеру кезінде жер жөн-жосықыз жыртылып,топырақ эрозиясы пайда болды.Арал теңізі тартылды.

Қазақ елінің батысында көне заманнан бері аты кең кең жайылған «нарын құмы»деп аталатын үлкен өлке бар.Бұл өңір қарағайлы,қайыңды орманы жайқалған,климаты жұмсақ, жазы мен қоңыр күзі адамзат үшін таптырмайтын қоныс.

Міне,осындай қасиетті атамекен тәркіге түсті.Кеңес үкіметі өктемдікке салынып,халықтың пікірімен санаспай нарын даласын иесіз шөл далаға санап,мемлекеттің әскери қару-жарағын сынайтын аймаққа айналдырып жіберді.

Нарын өңірінде 29 рет ядролық жарылыс жүргізілді.Оның 17-сі жер астында,11-і ауады,1-еуі сол маңда.Бұлардан басқа «Халық шаруашылығы мақсаты үшін» деп 10 жер асты ядролық жарылысы жүргізілді.Сөйтіп Батыс Қазақстанда барлығы 39 ядролық жарылыс болды.1982-1992 жылдар арасында адам өлімі 2 есе артқанын көрсетті.Әсіресе өз-өзіне қол жұмсау ауруы жиі кездескен.

Жарылыстардың әсерінен өт аурулары-15 есе,өкпе аурулары-31 есе,жүйке жүйесі аурулары-48 есе,жарымжан,кемтар сәбилердің дүниеге келу жантүршігерлік көрсеткіш болды.

Ядролық жарылыстарға қарсы 1992 жылы «Нарын»қозғалысы құрылып,оның тұрақты жетекшісі К.Көбейсінов атамыз болды.Осы қозғалыстың нәтижесінде 2000 жылдың 15 ақпанында Елбасы полигондарды жою жөнінде құжатқа қол қойды.

Жер,кешір мені!

Тауысып барам төсіңдегі

Маған арнап бергеніңді.

Байлығың мен құнарыңды,

«Сен менің құдайымсың»

Білместік жасаған тірілер атынан,

Кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан.

Сондықтан әрбір адам үшін табиғат және оның бізге берер сыйы қадірлі де қымбат.Табиғатты қорғау-міндет.Ол-осы табиғаттың тал бесігінде тербеліп өскен,табиғат сыйының дәмін татып,суын ішкен,бауырында еркін өскен,табиғатын тамашалаған әрбір жас ұрпақты, яғни біздің азаматтық міндетіміз деп ойлаймын.

Әлеммен, табиғат-анамен бірлікте,үйлесімділікте болсақ,жер жүзінде татулық орнап,тіршілігіміз сәнді болады.Сондықтан да өміріміздің жақсы болуы-тек қана әлемге,табиғатқа, адамзатқа,бір-бірімізге қалай қарағанымызда,біздің оларға деген қарым-қатынасымызда,ойымыз бен ниетіміздің таза болып,жақсылыққа бағытталуында деп ойлаймын .Өйткені,табиғат-тал бесік.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы

С.Есетов орта жалпы білім беретін мектебі

Талап Мансур Дамирұлы

2 сынып оқушысы

«Менің болашағым»

«Елім менің» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен айта аламын. Ата-бабамыздың ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға, жеткен елімді мақтаныш етемін. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Барлық ғұмырын ұлтына арнаған аталар, оттай жалындаған желтоқсан қаһармандарының арқасы деп білемін. Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері халқымыз жарқын болашаққа қол созды. Осы тәуелсіз күннің бақытты ұрпағы біз. Әрбір жас ұрпақ қазақ елінің болшағы.

Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Менің болашағым тәуелсіз Қазақстанның болшағы деп білемін. Сондықтан елімнің болшағы үшін күрессем өзімнің болшағымды жасағаным. Сондықтан елім үшін болашақта еңбек етемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.