Жаңа сабақтар

Оо дыбысы мен әрпі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі Мектеп: №130 жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты: Сламбаева Жадра Абдуманаповна
Сынып: 1«Ә» Қатысқандар: 21 Қатыспағандар:0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.9.1 əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен сəйкестендіру

1.3. 8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті ,жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары Барлық білім алушылар: əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен сəйкестендіру . Жазу жолын, жоларалық кеңістікті , жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Көпшілік білім алушылар:сөздегі о дыбысының орнын анықтай алады.

Кейбір білім алушылар: О дыбысы бар сөздерден сөйлем құрастырады.

Құндылықтарды дарыту білім алу, оқушы тәртіптілігі
Пәнаралық байланыс математика , дүниетану, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, электронды оқулық
Бағалау критерийлері 1.Мәтінді мазмұндауда жаңа сөздерді қолданады.
2.Сөздегі дыбыстарды ажыратады, сәйкестендіреді .

3.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады

Мәтін бойынша кластер, буын ұйқастар құрастырады.
Әріптерді талапқа сай жазады.
Алдынғы оқу: А, н, л, р дыбыстары мен әріптері
Сабақтың барысы
Cабақтың басы 1.Психологиялық жаттығу

2.«Шаттық шеңбер»

« Жүректен жүрекке » тәсілі бойынша көршісіне жылы сөзін айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. 2.Оқу құралдарының суреттері арқылы топқа біріктіремін:

3. Сабақ тақырыбын ашу: суреттер топтамасының ішінен оқушыға байланысты суреттерді таңдату

«Пішінін ата»

Сурет қималары

Сақина, дөңгелек, жұмыртқа

Сабақтың ортасы О дыбысы мен әрпі Баспа және жазба түрі

О дыбысы қайда бар?”ойыны
Жұмбақ жасыру
1.Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр.
2.Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
3.Есек құлақты,
Мысық аяқты,
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты.
4.Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
Топтық жұмыс . Постер қорғау

Суреттер топтамасының ішінен оқушыға байланысты суреттерді таңдата отырып. “Мен – оқушымын” мәтінін құрастырады. Топта ой бөліседі.

Дескриптор:

1.Суреттерден оқу құралдарын ажыратып алады.

2.Сурет бойынша мәтін құрастырады.

3.Топ мүшелеріне түсіндіре алады.

1 .Артикуляциялық жаттығу- айнаға қарап дыбыстау

2. «Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің

басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло — сөз соңында.
Дескриптор:
1. О дыбысы бар сөздерді айта алады.
2.Сөздердегі о дыбысының орнын анықтай алады.
3.« Сөз ойла, көп ойла!» ойыны О дыбысы кездесетін сөздер айту,
сөздерді буынға бөлу.
Дескриптор:
1. О дыбысы бар көп сөздер айта алады
2. Сөздерді буынға дұрыс бөледі.

4. Дәптермен жұмыс

Әріптің жазылуымен таныстыру. Электрондық оқулық көмегімен әріпті ауада жазады.

Дескриптор:

1.О әрпін ауада дұрыс жаза алады.

2. Әріптерді әдемі, көлбеу, дұрыс жазуды үйренеді, жазады.

Кесте

Оқулық

Айна

Компьютер

Электрондық оқулық

Сабақтың соңы «Білім» ағашына

Кері байланыс: «Білім» ағашына оқушылар үш түрлі жапырақтар жапсырады. «Жасыл» — түсіндім, «сары» — түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, «қызыл»- түсінбедім.

«Білім» ағашы
Бағалау- смайлик арқылы бағалаймын
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Бейнелеу өнері, математика, дүниетану, жаратылыстану

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Алдағы уақытта жаңартылған оқу бағдарламасындағы алған әдіс — тәсілдерімді өз тәжірибемде қолданамын.
Реклама

Добавить комментарий