Кітап-рухани сарқылмас қазына

БҚО,Казталов ауданы,Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ОЖББМ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

Утешева Мензипа Амировна

Тақырыбы: Кітап-рухани сарқылмас қазына.

Мақсаты:Білімнің кітап арқылы келетінін түсініп,кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы мағұлмат алу;кітаптарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:кітаптың рухани қазына екенін түсінеді,бағалауға қатысады;

тақырыпты болжайды,өз ойлары мен сезімін білдіреді,;кітаптар туралы

қызықты деректер бере алады.

Ресурстар:Интербелсенді тақта,үлгі кесте,гүл.

Түрі:тәрбие сағаты

Әдісі: Болжау, бір минуттық әңгіме,бес саусақ,топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс:дүниетану,әдебиеттік оқу,қазақ тілі,көркем еңбек.

Сабақтың барысы:

І Сабақтың басы:

Тренинг «Гүлдер тілегі»

(Оқушылар гүлдерді алақандарына салып тұрып,бір-біріне тілек айтады және гүлдердің түстері бойынша топқа бөлінеді.)

ІІ.Сабақтың ортасы

Тақырыпты болжау

Жұмбақ. Слайд №1

Аяғы біреу,қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (Кітап)

-Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар ? (Кітап)

Кітап-рухани сарқылмас қазына. (Слайд №2)

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Білімнің кітап арқылы келетінін түсініп,кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы мағұлмат алу;кітаптарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Слайд №3

Суретпен жұмыс. Слайд №4

1.Суреттен не байқадың?

2.Мектебімізде осындай орын бар ма?

3.Сен ол жерге не үшін барасың?

4.Қандай кітаптар оқығанды жақсы көресің?

(Осы сұрақтар арқылы ой бөлісу)

1-оқушы. Манзура.

Кітап алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

2-оқушы. Саида.

Кітап -рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітап-араб сөзі,жазба,ал түрікше дәптер немесе мерзімді баспасөз басылымы деген мағынаны береді.

3-оқушы. Динара

Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Елімізде кітап шығаруға,оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған қыруар қаржы жұмсалады.

4-оқушы. Аңсар

Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.Өйткені әр кітап-Отан байлығы,аға-апаларымыздың маңдай тері.

Мұғалім:-Балалар,бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.Кітапты ортаға шақырайық.

5-оқушы. Жансерік.

Мен білім көзі-кітаппын.Мен-адамның досымын.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Фабрика ол ағашты қағаз етіп шығарады.Мені жасау үшін көп мамандар еңбек сіңіреді.Осы мамандарды атай аласыңдар ма?

Редакторлар

Көркемдеуші редакторлар

Техникалық редакторлар

Корректорлар

Компьютерде беттейтін мамандар.

Авторлар

Жазушылар

6-оқушы. Мансұр.

Адамның досы кітап өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы өмір көркі.

7-оқушы. Батырбек

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

8-оқушы.Бибарыс.

Орманшының аялы

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

9-оқушы.Ерсін

Бөбектерім,оқы,ойна,

Оқу білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

10-оқушы. Ерсін

Заводтарда күні-түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін,

Маңдай тері ағады.

11-оқушы. Батырбек

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін.

Бекбол:Қазақстан азаматтары білімді,мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім,ғылым жаңалықтарын білу үшін кітапты көп оқу керек.

Көрініс: «Науқас кітап»

Оқушы:-Сәлеметсіз бе,дәрігер?

-Дәрігер,мен сізге кітабымды алып келдім.Ол қатты науқас.

-Жарайды.Алдымен ауруын анықтап алайық.

Оқушы:-Мен үйде жоқта ,кішкентай балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті.

Дәрігер:-Мұңайма, кітабыңды емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген,беттері ластанған.Бұл жеңіл ауру.Емдеуге болады.

Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады:

1.Туғаннан пайда болатын аурулар,яғни баспадан дұрыс басылмаған кітаптар.

2.Қартайғаннан болатын аурулар,яғни көп жыл ұсталған кітаптар.

3.Жұқпалы аурулар,яғни сия төгіліп,май қолмен ұсталған кітаптар.

4.Бақытсыздықтан болатын аурулар,яғни батпаққа былғанған,жыртылған кітаптар.

-Мен мынадай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңе сақтап жүр.

Оқушы:Жарайды,дәрігер.Кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.

Дәрігер:Жазылып кетіңіздер!Сау болыңыз!

ІІ.Кітап туралы қызықты деректер

1.Саида:Гугл әлемдегі кітаптарды зерттеп,публицистикалық,ғылыми және көркем әдеби кітаптардың санын есептеп шыққан.Жер шарындағы кітаптар саны шамамен 129864880-ге жеткен.Көптеген қаламгерлердің туындылары электронды нұсқада басылып шықпағанын ескерсек,бұл санның әлде қайда көп болары анық.

2.Аңсар:

Әлемдегі ең көне кітап-Присс папирусы.Біздің заманымызға дейін 3350 жылы жарыққа шыққан.Фива қаласындағы пирамидалардың бірінен табылған.Бұл кітаптың мазмұны әлі күнге дейін ауқымды.Кітаптың авторы жастарға наразылығын білдіріп,тәрбие мен білім жайында жазған.

3.Мансұр:

Әлемдегі ең қымбат кітап «Лестер кодексі»деп аталады..Леонардо да Винчидің ғылыми трактаты.Жиырма төрт миллион тұратын кітапты тек айна арқылы оқуға болады екен.Себебі кітап кері басылған.

4.Манзура:

Гавана халықаралық кітап көрмесінде ең үлкен кітап ұсынылды.Бұл кітап әлемге әйгілі ойшылдардың жинағы ретінде құрастырылған.Ұзындығы 380 сантиметрге созылса,биіктігі 350 сантиметрге жетеді.

5.Динара:

Кітап оқуды 4-6 жастан бастаған жөн.Себебі,кейін баланың ынтасы жоғалады.

6.Жансерік.

Адамдар кітап оқуға шамамен аптасына 6-7 сағаттай бөледі екен.Үшінші сыныпқа дейін кітап оқи алмаған бала,өмір бойы кітап оқуды әдетке айналдыра алмайды.

7.Бибарыс.

АҚШ кітаптанушыларының зерттеуі бойынша,10 жасқа дейін кітап оқуды қалыптастырған бала түрмеге түсу,нашақор болу секілді жағымсыз әдеттерге баруы екіталай деген қорытынды жасаған.

Топтық жұмыс.

1-топ.

Оқулықтың аты Оқулық авторының

аты-жөні

Қандай баспадан шыққан? Редакторы кім?

2-топ.

Мұқият оқып,ойды дамытып.ары қарай жалғастырып айтыңдар.

«Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың,артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тыйылсақ,ой ойлаудан тиылар едік.Себебі …»

Кітап туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

1.Манзура:

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек,

Өзгені де тану үшін кітап керек.

2.Саида:

Кітап-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

3.Аңсар.

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

4.Саида

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

«Бір минуттық әңгіме» әдісі. Слайд №5

Ерсін:Кітап-ақылшың.

Батырбек:Кітап-білім бұлағы.

Динара:кітап-досың.

Жансерік:Кітап-жол бастаушы.

Аңсар:Кітап-елді,жерді сүюге үйретеді.

Бекбол:Кітап-төзімділікке үйретеді.

Саида:Кітап-жаман әдеттен аулақ болуға үйретеді.

Манзура:Кітап-дүниенің айнасы.

Бибарыс:Кітап-тілсіз мұғалім.

Мансұр:кітап-асыл дос.

Бағалау : «Бармақ»

Кері байланыс. «Бес саусақ »әдісі.

1.»Бас бармақ»-басты мәселе.

  1. «Балалы үйрек»-Қалай жұмыс жасадым?

  2. «Ортан терек»-білгенім.

  3. «Шылдыр шүмек»-ұнағаны.Неліктен?

  4. «Кішкене бөбек»-көңіл-күй.

Реклама