Керқұла атты Кендебай ертегісі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Таза, мінсіз асыл сөз..
Мектеп: Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернат

Күні: 5.05.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Каукенова Арайгул

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Керқұла атты Кендебай ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс әрекеті арқылы образды ашу және сипаттау
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: ертегідегі кейіпкерлер образын ашады, іс-әрекеттерін сипаттайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: кейіпкерлер образын ашу үшін диалог-ертегі ұйымдастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкер туралы өз көзқарасын білдіреді, адами қасиеттер туралы мақал-мәтелдер қолданады

Бағалау критерийі: — ертегідегі негізгі кейіпкерлердің образын ашады;

— кейіпкердің бейнесін ашуға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін сипаттайды;

-ертегі мазмұны бойынша кейіпкер образын ашу үшін мақал-мәтелдерді қолданып, өз көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:

Портрет жасайды, өз көзқарасын жазады, мәтіннен оқығанын қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Құндыз, батпан, зындан, кез, жалақ, таз.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-ауыз әдебиеті дегеніміз не?

-жазба әдебиеттің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?

-Шығарманың қаһарманы деген ұғымға қандай анықтама беруге болады?

Құндылықтарға баулу: Кендебайдың адамгершілік қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарыта білуге, кейіпкерден үлгі ала білуге баулу.
Пəнаралық байланыс: Қазақ тілі, өзін-өзі тану пәндерімен байланыстыра отырып, шығармашылық тапсырмаларды орындауда әдеби тіл нормаларын сақтау, өзіндік ой-пікір қалыптастыру
Тақырып бойынша алдыңғы білім: — Ауыз әдебиеті, оның түрлері туралы білімдерін еске түсіру;

— Ертегі туралы не білеміз?

Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

10 мин.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Күніміздің әр сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Ылғи бестік болсын.

Қиындыны құрастыр»

Ертегі суреттерін құрастырып, екі топқа бөлінеді.

АКТ

«Қазақ әдебиеті»-5 сынып

Атамұра-2017

Суретті ертегі

Сабақтың ортасы

25 мин

Дескриптор:

1- тапсырма «Екі кесте»

1. Ертегі кейіпкерлерінің бойындағы қасиеттерді табу, сипаттау, Кендебай мен бай балаларын салыстыру.

Кейіпкер Кім? Қандай? Не істеді?
Кендебай
Керқұла ат
Хан
Қойшы бала
Хан балалары

2. Нені үйрену керек? Неден жирену керек? деген кестеге оқушылар кейіпкерлердің бойындағы өздері таңдаған немесе жиренетін қасиеттерді жазады, таңдау жасайды.

Нені үйрену керек? Неден жирендім? Менің таңдауым

2-тапсырма «Орнын тап!»

Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін

қойып жазу қажет.

  1. Кендебай ай сайын емес, …….. өсіпті. Алты күнде күліпті, ………. жүріпті. Алты жылда ………болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын……….., күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа ……….. жалғыз өзі тартып……… . Аң аулап,……………. . Бара-бара ……. атыпты. Құралайды көзінен тигізген ……. болыпты. Арқар мен киікті, …….. мен ……. мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы ………… кедейлер қарық болыпты да қалыпты.
  2. Кендебай ………….биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай …….құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны ……… сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, ……… сайын өсіпті. Алты айдың ішінде …………… ат болып шығыпты. Аттың түсі ……… болыпты. Кендебай ………… үйретіп мініп, түн қатып жүріп аң аулапты. Керқұла ………. жетіп, …….. құтылатын, аузымен …….. ………. өрен жүйрік болыпты.

3-тапсырма «Дайындықсыз диалог»

1-топ: Кендебай мен қойшы бала арасындағы диалогтен көрініс шығару;

2-топ: Кендебай мен Керқұла ат арасындағы диалогтен көрініс шығару;

4-тапсырма “Сегіз сын есім”

Берілген сын есімдерді мәтін бойынша кейіпкердің ең маңызды әрекеттерімен сәйкестендіріп, жинақталған портрет пен әрекеті негізінде мақал-мәтелдерді қолдана отырып кейіпкер туралы өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

Сын есімдер: қайырымды, кішіпейіл, шыдамды, алып, қамқор, жанашыр, адал, ақылды.

-ертегінің образдар жүйесіне талдау жасайды.

-оқушылар кейіпкерлердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды

-диалогтік ойындар арқылы кейіпкер бейнесін ашады.

-негізгі кейіпкерлердің ең маңызды іс-әрекеттерін берілген сын есімдермен сәйкестендіре отырып, кейіпкер образына қатысты өз пікірін айтады.

Маркер

А3, а4 форматы, кесте

Мәтіннен үзінді келтірілген үлестірме қағаздар, маркер

Диалогті ойын ұйымдастыруға қажетті құралдар, киімдер, макеттер.

Сын есімдер жазылған стикерлер,

мақал-мәтелдер

Сабақтың соңы

10 мин

Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс

Бас бармақ — Басты тақырып. Мәселе қандай болды?

Балалы үйрек — Бірігу.Біз топта қандай жұмыс жасадық, кімге көмектестім, кімге риза болдым?

Ортан терек — Ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек — Шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкене бөбек — Көңіл-күй. Сабақта өзімді қалай сезіндім?

кері байланысқа арналған баннер, стикерлер
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Берілген сын есімдерді кейіпкердің іс-әрекетімен сәйкестендіру, жинақталған портрет пен әрекеті негізінде кейіпкер туралы өз көзқарастарын білдіру.

Бағалау – Сіз оқушылардыңматериалды игеру деңгейін қалай тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылардың сабақтың өн бойындағы тапсырмаларды орындаудағы ұтымды тұстарын және әрі қарай жетілдіруге болатын тұсын айтып кету. Жауапқа риза болған тұстарда «Міне, азамат! Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Тамаша!» т.б. сөздерді айтып отыру.

Қажет болған жағдайда ым-ишара арқылы да қалыптастырушы бағалау жүзеге асады (бас изеу, жымию, күлімдеу т.б.)

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
Рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары шынайы ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді? Оқу және сабақ мақсаттарына сәйкес шынайы, қолжетімді тапсырмаларды дайындауға тырыстым. Берілген тапсырмаларды орындата отырып, ертегідегі кейіпкерлер образын аша білуді, іс-әрекеттерін сипаттауды үйреніп, оқу мақсатына қол жеткізуге болады деп есептеймін.

  • Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындауды;
  • Оқу мақсатына сәйкестендірілген бағалау критерийлерін анықтап, дескриптор жазуды;
  • Қажетті материалдар мен ресурстар пайдалануды;
  • Тиімді кері байланыс жүргізуді;
  • Белсенді әдістерді тиімді пайдалануды үйрендім.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Реклама