Заттың сынын білдіретін сөздер

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Сауат ашу

Сынып: 1 Ғ

Мектеп: №130 ЖОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Тургымбаева Мадина Сырымкызы
Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер Қатысқандар: 24

Қатыспағандар саны: 0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1. 1. 1. 1. Мәтінді тыңдау барысында тілдік бірліктерді

(сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1. 1. 2. Заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата алу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Мәтінді тыңдау барысында тілдік бірліктерді ажыратады, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Көптеген оқушылар: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді біледі

Кейбір оқушылар:Заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата алады

Бағалау критерийлері — Мәтінді тыңдау барысында тілдік бірліктерді

(сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

— Заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата алады

— Сурет бойынша мәтін құрастырады

Тілдік мақсат Футбол, жанкүйер, абыржу
Құндылықтарды дарыту Шығармашыл, сын тұрғысынан ойлауға, жауапкершілікті, достықты, қамқорлықты сезінетін қасиеттер
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек, дүниетану, музыка
АКТқолданудағдысы Сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдану, проблемаларды шешу қабілеті, ғылыми-зерттеу дағдылары, жеке және топпен жұмыс жасау қабілеті
Бастапқы білім Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5-мин

Шаттық шеңберін құрып «Мен қандаймын» ойыны бойынша өзінің жақсы қасиеттерін айтады

Стикер түстері арқылы 4 топқа бірігеді.

Парақша

Стикер

Сабақ ортасы

35-мин

«Джигсо» әдісіарқылы топтарға мәтінді бөліп беру, түсініп оқыту.

1-тапсырма «Айналмалы бекет» әдісі арқылы топтық жұмыс

1-топ Мәтін не туралы?

2-топ Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой?

3-топ Мәтінге ат қой.

4-топ Асқардың көңіл-күйін ишарамен көрсет

Дескриптор

  1. Мәтіннің не туралы екенін айтады.
  2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды.
  3. Мәтінге ат қояды
  4. Асқардың көңіл-күйін ишарамен көрсетеді

2-тапсырма «Есте сақтау» диктанты арқылы дәптермен жұмыс орындату.

Сөйлемдерді есту бойынша жаз

Балалар жасыл алаңға шықты. Асқар қақпашы болды. Бүгін ойын қызықты өтті.

Дескриптор

  1. Сөйлемдерді есту бойынша дұрыс жаза алады

3-тапсырма «Ойлан, бірік, бөліс» әдіс

Доптың сипатын білдіретін сөздерді тап

Дескриптор

  1. Доптың сипатын білдіретін сөздерді табады

Сергіту сәті

«Шырша» биі бейнеролик арқылы оқушыларды сергіту

4-тапсырма топтық жұмыс

Сурет бойынша жұмбақ мәтін құрастыру

Дескриптор

  1. Барлығы жұмбақтың шешуін табады
  2. Көпшілігі жұмбақтың шешуін біледі, заттың сынын білдіретін сөздерді табады

5-тапсырма Сурет мазмұны бойынша мәтін құрастыру

Дескриптор

  1. Берілген сурет бойынша мәтін құрастыра алады.
  2. Мәтін ішіе сын есімге қатысты сөздерді қолдана алады
Оқулық

Оқулық

Оқулық

Видео

Оқулық

Парақша

Сабақтың соңы

5-мин

Оқушылардан «БББ» стратегиясы бойынша кері байланыс алынады Парақша
Саралау-іріктелген тапсырмалар Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беремін. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды партада дұрыс отырып жазуды қадағалау

Бағалау Бағдаршам арқылы, жұлдызшалар арқылы
Сабақ бойынша рефлексия

Осы 3 аптада алған білімдерімді білім алушылардың бойына қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта педагогикалық әдістер арқылы қолдануды жоспарлап отырмын

Реклама