Жаңа сабақтар

Биосфера және оның құрамдас бөліктері

Атырау облысы Атырау қаласы

32 орта мектептің

география пәнінің мұғалімі

Елеубаева Райгуль Бериковна

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 3.4 Мектеп: Жалпы білім беретін №32 орта мектеп

Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Елеубаева Р.Б.

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Биосфера және оның құрамдас бөліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес) 7.3.4.1 биосфераның құрамын,құрылымын,шекаралары мен қасиеттерін анықтайды.
Сабақтың мақсаты: Биосфера және оның құрамдас бөліктері туралы түсінік қалыптастыру
Барлық оқушылар:

Биосфера ұғымын және маңызын біледі.

Басым көпшілігі:

Биосфераның құрылысын, құрамдас бөліктерін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

Биосфераның шекараларын, қасиеттерін,заттардың биологиялық айналымы және оның маңызын анықтай алады

Бағалау критерииі
  • Биосфераның ғылымының дамуы, құрылысы,құрамдас бөліктерін анықтайды
  • Биосфераның шекараларының анықтайды,ажыратады
  • Биосфераның қасиеттерін, заттардың биологиялық айналымы және оның маңызын айқындау
Тілдік мақсаттар Диалогке арналған тармақтар:

1.Биосфера компоненттері (тірі зат,жансыз зат)

2.Бисфера туралы ғылымын зерттеген? (В.И.Вернадский)

3.Биосфера ғылымын зерттеуге атсалысқан ғалымды ата?

4. Биосфера ғылымы нені зерттейді?

Жазылымға арналған тіркестер:

…..бұл организмдердің тіршілік әрекеті мен өлі табиғатта үдерістердің бірге әрекеттесуі әсерінен пайда болатын заттар (биокосты зат)

….тірі организмдердің қатысуынсыз түзілетін өлі денелер (сіреспе зат)

….тірі организмдердің қатысуынсыз түзілетін қайта өңдейтін (биогенді заттар)

..табиғатта айқын тізбекті сипатта болатын және қайталанып отыратын заттардың түрін өзгерту және қозғалу үдерісін (заттар айналымы)

Тақырып бойынша терминдер:

Тірі зат,жансыз зат, сіріспе зат, биокосты зат, биогенді зат, заттар айналымы

Құндылықтарды баулу Қоршаған ортаны қорғау,туған өлкені құрметтеуге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Биология пәні-биосфера ғылымы, заттардың биологиялық айнылымы

Химия пәні-минералдар

Алдыңғы білім Оқушылар жаратылыстану пәні бойынша биосфера ұғымын және оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін біледі., 6 сыныптың физикалық география пәні бойынша мұхиттағы және құрлықтағы тіршілік жайлы, тіршілік ортасын біледі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер,

ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру бөлімі (5минут)

Оқушыларды «Серпілген сауал» әдісі бойынша жер қабықтарына бойынша білімдеріне қарай сұрақ беру арқылы топқа бөлу.

Берілетін сұрақтар оқушыларға таратылады.(Сұрақтар қайталанып беріледі)

1. Ауа қабаты-атмосфера

2. Жердің су қабығы-гидросфера

3.Жердің қатты қабаты- литосфера

4.Тіршілік қабаты- биосфера

Оқушыға үлестіріліп берген сұрақтың жауабы бойынша атмосфера,гидросфера, литосфера топтарына бөлінеді.

Қайталау сұрақтары спиральді білім бағдарламасы
Сабақтың ортасы 1-тапсырма мәтінмен жұмыс (10 минут)

«Фишбон» әдісі (балық қаңқасы)биосфераның дамуы, құрылысы,құрамдас бөліктері туралы түсінік беріледі.

1қадам Биосфера ғылымының дамуына түсінік беру

2 қадам Биосфераның құрылысын сипаттау

3қадам Биосфераның құрамдас бөліктерін анықтау

Бағалау к итерий

Дескриптор

Биосфераның ғылымының дамуы, құрылысы,құрамдас бөліктерін анықтау Берілген тапсырма бойынша жауаптарын,идеяларын нақтыланып дайындады.
Топпен жұмыс жасай алды.
Биосфераның ғылымының пайда болуын,Жер ғаламшарындағы рөліне түсінік бере алады.
Биосфераның құрылысын баяндай отырып, талқылай алды.
Биосфераның құрамдас бөліктеріне ажырата алады

Осы тапсырманы меңгерту мақсатында «Кім жылдам» әдісі бойынша биосфераның құрылысы мен құрамдас бөліктері туралы сұрақтар қою арқылы жүргіземін.

1.Биосфера ұғымын алғаш рет ғылымға енгізген кім?

2.В.И.Вернадский биосфераға қандай түсінік берді?

3.Биосфера құрамына не кіреді?

4. Биосфераның құрылысын сипатта

5.Биосфераның ғылымының пайда болуына үлес қосқан ғалымдарды ата№

2-тапсырма Оқулықтағы суретпен жұмыс жасау .(10 минут)

«3 таяқша» әдісімен Биосфераның шекараларын анықтау мақсатында 1-суретпен жұппен жұмыс жасалады. Берілген тапсырмаға байланысты бір сұрақ, бір жауап, бір идея дайындалып, талқыланады

1 қадам Биосфераның жоғарғы және төменгі шекараларын анықтаңыз

2 қадам Биосфера алып жатқан аумақты, жер сфераларын баяндаңыз

3қадам Биосфераның жоғарғы және төменгі шекараларының өту себептерін түсіндіріңіз

Бағалау критерий Дескриптор
Биосфераның шекаларын анықтау Берілген суретпен барлық оқушы танысып, жұмыс жасай алды
Биосфераның жоғарғы және төменгі шекараларын топтайды
Биосфера алып жатқан аумақты, жер сфераларын баяндай алады
Биосфераның жоғарғы және төменгі шекараларының өту себептерін түсіндіріп бере алады

Осы тапсырма бойынша «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі арқылы тапсырманы қорытындыладым. 3 үйренген жаңа нәрсе туралы айтады: не оңай болды?,не қиын болды? ,не білгіңіз келеді?

«Әңгімелесуші серіктестер» әдісі

Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келеді?

3тапсырма мәтінмен топтық жұмыс (15 минут)

Биосфераның қасиеттерін, заттардың биологиялық айналымы және оның маңызы анықтау мақсатында топтарға тапсырмаға қатысты үлестірмелі материалдар таратылды. Тапсырманы меңгерту үшін «ДЖИГСО» әдісін пайдаланамын.

1 қадам Биосфераның қасиеттерін ажырату

2қадам Заттардың биологиялық айналымы

3қадам Заттардың биологиялық айналымының маңызы. Биосфера литосферамен,гидросферамен және атмосферамен қалай байланысқанын түсіндіріңіз

Бағалау критерий Дескриптор
Биосфераның қасиеттерін, заттардың биологиялық айналымы және оның маңызын айқындау Үлестірмелі материалдармен танысады
Мәтінмен жұмыс жасап ,баяндап, бір-біріне жеткізеді
Топпен жұмыс жасай алады
Биосфераның қасиеттерін анықтай алып, ерекшеліктерін ажыратып баяндап берді
Заттардың биологиялық айналымын айқындай алды
Заттардың биолгиялық айналымының маңызын нақты түсіндіре алды

«Өзіңізді тексер»әдісі бойынша бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Берілген тапсырмадағы мәтін бойынша мысал келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар ма ,жоғын анықтайды.

1.Биосфера тұтастық,орталықтандырылу,ашықтық,өзін-өзі реттеу және алуан түрлілік секілді қасиеттер тән (Шындық)

2.Биосфера қасиетіне қарай тірі заттар, жансыз заттар деп бөлінеді (Жалған)

3.Биокосты зат-биосфераның зат айналымыедағы маңызы (Жалған)

4.Табиғатта айқын тізбекті сипатта болатын және қайталанаып отыратын заттардың түрін өзгерту және қозғалу –заттар айналымы деп аталады (Шындық

Сабақтың соңы Кері байланыс (5минут)

«Табыс сатысы» әдісі бойынша биосфера тақырыбы бойынша қорытындылаймын. Әр оқушы сабақ барысындағы алған білімдерін саралап жазады.

1баспалдақ мен……….. білемін

2баспалдақ мен……….. білдім

3баспалдақ мен……….. түсіндім

4баспалдақ мен……….. анықтай аламын

5баспалдақ мен……….. мұғалімнің көмек сұрадым

6баспалдақ мен……….. баяндадым

Үлестірмелі бетше
Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқу мақсатын сыныптағы оқушылардың білім деңгейлеріне қарай саралап сабақ мақсатын жоспарладым. Оқушылардың қажеттіліктерін

ескере отырып, интерактивті тақта арқылы оқулықпен, суретпен, мәтінмен жұмыстар ұйымдастырдым. Оқу мақсатына меңгерту үшін «3 таяқша», «ДЖИГСО», «Фишбон» әдістерін пайдаландым.

Барлық оқушылар:

Биосфера ұғымын және маңызын біледі.

Басым көпшілігі:

Биосфераның құрылысын, құрамдас бөліктерін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

Биосфераның шекараларын, қасиеттерін,заттардың биологиялық айналымы және оның маңызын анықтай алады

Оқу мақсатын оқушыларға жеткізу үшін ұйымдастыру бөлімінде топқа бөлу үшін сұрақтар қою арқылы топтастырылды.Сабақ барысында топтық,жұптық жұмыстар жасалды.

Бағалай кретерийі бойынша үш мақсат қарастырылып соған сәйкесті жұмыстар жасалды

1-тапсырмада «Фишбон» әдісі қолданылды. Берілген тапсырма Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады.
Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.
Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.
Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.

Қалыптастырушы бағалауға «Кім жылдам» әдісі бойынша сұрақтар қою арқылы қорытындыладым

2-тапсырмада Оқулықтағы суретпен жұмыс жасау .(10 минут)

«3 таяқша» әдісімен Биосфераның шекараларын анықтау мақсатында 1-суретпен жұппен жұмыс жасалады. Берілген тапсырмаға байланысты бір сұрақ, бір жауап, бір идея дайындалып, талқыланады.

ҚБ тапсырмасына «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі арқылы тапсырманы қорытындыладым. 3 үйренген жаңа нәрсе туралы айтады: не оңай болды?,не қиын болды? ,не білгіңіз келеді?

«Әңгімелесуші серіктестер» әдісі

Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келеді?

3-тапсырманы меңгерту үшін

мәтінмен топтық жұмыс (15 минут)

Биосфераның қасиеттерін, заттардың биологиялық айналымы және оның маңызы анықтау мақсатында топтарға тапсырмаға қатысты үлестірмелі материалдар таратылды. Тапсырманы меңгерту үшін «ДЖИГСО» әдісін пайдаланамын.

ҚБ тапсырмасы үшін «Өзіңізді тексер»әдісі бойынша бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Берілген тапсырмадағы мәтін бойынша мысал келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар ма ,жоғын анықтайды Сабақтың соңында «Табыс сатысы» әдісі бойынша Биосфера тақырыбы бойынша қорытындылаймын. Әр оқушы сабақ барысындағы алған білімдерін саралап жазады.

Осы әдістерді сабақ барысында пайдалану арқылы сабақты өз мақсатына жеткізу ұйымдастырамын.

Оқушыларды еңбек етуге баулимын.

Сабақ барысында АКТ-ны пайдалану уақытында қауіпсіздік ережелері басшылыққа алынды.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Реклама

Добавить комментарий