«Ана өмірдің шуағы» атты тәрбие сағаты

Ана өмірдің шуағы

Мектеп: Шымкент қ. №130 ЖОМ

Мұғалім: Үсіпбай Жанат Дәненбайқызы

4-сынып

Жүргізушілер: 1- Рахимбердиев Нұрсат

2-Серик Қасымхан

Мұғалімнің сөзі

1-жүргізуші Нұрсат

Бізді өсірген анашым,

Еңбегін де зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

2-жүргізуші Қасымхан

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген –тіршіліктің тірегі

Мерекеңмен, қасиетті Аналар

1-жүргізуші Нұрсат

Аяулы аналар, ардақты арулар, мен ұстаздар Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап ғұмырларыңызға саулық, өмірлерімізге сәттілік тілеймін. Олай болса «Ана өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

2-жүргізуші Қасымхан

Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл күй тілейміз.

Тақпақтар

Жанел, Аружан, Қайрат, Жамшиддин

1-жүргізуші Нұрсат

Еңліктің орындауында ____________ әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші Қасымхан

Біздің қыздар білімді

Меңгерген ілімді

Біздің қыздар елгезек,

Алады тез тіліңді

Дей келе Қазақша биді тамашалаңыздар.

Жаттау Балжан, Арай,Балауса, Аделя

1-жүргізуші Нұрсат

Мама-бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейірімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Хор: ана туралы жыр

Жаттау Ділназ, Раушан, Дария, Ақбота

2-жүргізуші Қасымхан

Біздің сынып оқушыларының күйін тамашалаңыздар

Күй ______________

1-жүргізуші Нұрсат

Балжан мен Сандуғаштың орындауында Қазақтың қыздары әнін Қабыл алыңыздар

2-жүргізуші Қасымхан

Биді тамашалыңыздар.

Мұғалім

Жігіттеріміз қыздарымызды құттықтайды.

Қайрат

Қыздар бұл мереке сендердің мерекелерің.

Балжан-бақытты бол

Ділназ – дидарлы бол

Сандуғаш- сыпайы бол

Дария- сен дарынды бол

Балауса- балдай тәтті бол

Еңлік- халықтың еркесі бол

Аружан-ақкөңіл бол

Арайлым- ардақты бол

Қарақат- қайырымды бол

Ақбота- ақылды бол

Раушан –риясыз бол

Рабиға – рахымды бол

Жанел- жайдарлы бол

Еркежан- ерекше қыз бол

Асыл- аяулы бол

Аделя- ару қыз бол

Нұрсат

Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады.Сондықтан бәрімізде ананың алдыңда қарыздармыз, ананың махаббатына барлығымыз бас иеміз.

Қасымхан

Осымен сынып тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыс айтамыз. Қош сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.