Жаңа сабақтар

Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар»

Қызылорда облысы Арал қаласы

«Мереке» санаториялық бөбекжайы

Тәрбиеші

Сарсенбаева Балзия Еламановна

Күні: 22 қараша 2017 жыл.

Тобы:« Еркетай »Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тиянақтау, тіл байлықтарын, ой-өрісін, грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге, тапсырма орындату кезінде ұсақ қол моторикасын дамыту. Балаларға түстерге байланысты ұғым қалыптастыру. Баланы сезімталдыққа, адамгершілікке, салауатты, инабатты болуға тәрбиелеу. 1,2,3 сандарын заттармен сәйкестендіруге одан ары қарай жетілдіру, оқу қызметі мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес орындауға дағдыларын қалыптастыру.

Технология: Ойын технологиясы.

Көрнекілігі: Үлгілер, видео, слайд, таратпа, материалдар.

Билингвальді компонет: жасыл-зелёный, қызыл-красный, сары-желтый.

Оқу қызметі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Тату тәтті баламыз

Күндей күліп жанамыз

Шеңбер бойына тұрып қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденістік

Ұйымдастырушылық ізденістік.

Кіріспе әңгіме

Сұрақ-жауап арқылы қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде қандай ерекшіліктер болады? Сонымен, балалар бүгінгі оқу қызметі ҚМҰҚ. Тақырыбы « Түрлі-түсті шарлар » Тоқжан сендерге жұмбақ жасырады.

Ұшамын тауға қалықтап,

Қолың жетсе алып бақ

Қызыл жасыл түсім бар

Соңымнан қане, ұшыңдар

Балалар бул не?

Балалар шар резинкадан жасалады. Шарды түрлі-түсті бояулармен бояйды. Шарлар үрленеді, созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа суға салсаң батпайды. Шарды қатты қыссаң, ине тықсаң қатты тарс етіп жарылады. Түстері қызыл, сары, жасыл. Пішіні сопақша, дөңгелек. Шарды ауада салу.

Билингвальді компонет:

Зелёный-жасыл, красный-қызыл, желтый-сары.

Тыныс алу жаттығулары:

Қолға шарды аламыз,

Қатты қатты үрлейміз.

-Қане шарды қалай үрлейміз?

Уф-ф-ф-уф-ф-ф-ф

Қатты үрленген шарым жарылып қалды пах.

-Жарайсыңдар балалар.

Ой, балалар скайп арқылы біреу қоңырау шалып жатыр. Кім болды екен. Ол үшін назарымызды мына экранга аударайық. Экраннан Маша қыз шығады. Салем достар, мен Машамын. –Сендер сыйлық алғыларың келеме? Ендеше менің бірінші тапсырмамды орындаңдар.

1-тапсырма

Үш түсті қорапшаға түсіне сәйкес таяқшаларын орналастыру.

2-тапсырма

Жіппен байланған үш түсті шарды түсіне қарай таяқшаларға байлау.

-Жарайсыңдар балалар.

Күз

Күн суыта бастайды. Балалар күз туралы тақпақтар айтады.

1,2,3 сандарын шармен сәйкестіндіріп санау

Шар

Мұқият тыңдайды.

Балалар жауап береді. Шарды ауада салады. Түстерін атайды.

Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Балалар қоңырау дыбысын естіп, назарларын экранга аударады.

-Маша

Иә

Балалар келіседі.

Тапсырманы мұқият орындайды.

Рефлексивті

Түзетушілік.

Қорытынды.

-Балалар бүгінгі оқу қызметінде қандай тапсырма орындадық? Маша сендерге тапсырманы жақсы орындағандықтан, сендерге сыйға көп шарлар әкеліпті. Шардың түстері қандай? Пішіні қандай? Балалар бүгінгі оқу қызметіне барлығын өте жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге ризамын. Маша әкелген шарларын сыйға тартты.

Балалар жауап береді. Қуанады.

Күтілетін нәтежие:

Нені білу керек: түстерді ажыратып, қолдана алады.

Нені меңгереді: Шардың ішінде ауаның болуы. Шардың пішінін меңгереді.

Нені біледі: Әр түрлі түстерді ажырата біледі. 1,2,3 сандарын заттармен сәйкестендіруді.

Тексерілді: Бекітемін:

Әдіскер Меңгеруші__________Тенелбаева А

«____»________________2017 жыл «____»___________________2017 жыл

Реклама

Добавить комментарий