Мен-өзімді сүйемін

Тараз қаласы
МКҚК «№9 Балабақша» тәрбиеші
Шотаева Айнұр Алдабергенқызына

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Бөлімдері :Сөйлеуді дамыту.Жаратылыстану.

Тақырыбы: Мен-өзімді сүйемін.

Бағдарламаның мазмұны Балалардың бойына құнды қасиеттерді (сыпайлылық,әдептілік,кішіпейілділік т.б ) сіңіру.Өз ана тілінде қарым-қатынас жасай білуге үйрету,қатынастық құзыреттілігін арттыру.Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріп,өз ойын жеткізе білуге даөдыландыру,тіл мәдениетін жетілдіру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отбасы мен айналадағы қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Өзара қамқорлыққа,сүйіспеншілікке,адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үнтаспа,интерактивті тақта,ойынға қажетті суреттер және күннің бейнесі.

Полингвалды сыңар: күн-солнце-sun

Сөздік жұмыс: қоңырым,боташым,лағым,құлыным.

Алдын ала жасалған жұмыстар: Серуенде қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері туралы әңгіме жүргізіледі.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Шуағын төгіп тұр

Сәлем,Күн-ана!

Интерактивті тақтадан жарқыраған күн қарсы алады.

Балалар күнмен сәлемдеседі.

Күн: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың күн жайлы білімдерін бекіту.

-Балалар сендер күнді жақсы көресіңдер ме ?( ия жақсы көремі )

-Күн қандай?(көңілді,дөңгелек,үлкен )

-Күн бізге не береді?(жылу береді,жарық береді,нұрын төгеді )

-Балалар қараңдаршы,күн қандай көңілді.Бізде күн сияқты күлімдейікші?( балалар күн сияқты күлімдейді ) Балалар күннен сұрайықшы:Күн сен өзіңді сүйесің бе? Күн: Мен өзімді сүйемін.Өйткені мен үлкенмін,жарықпын,жылы және өте ыстық боламын.Мен балалардың үлкен болып өсуіне,балабақшамның гүлденуіне ,ауа-райының жылы болуына өз үлесімді қосамын.Сол үшін мен өзімді сүйемін.

Тәрбиеші: Менде күнді жақсы көремін,әдепті де тіл алғыш балаларды-сендерді жақсы көремін .

-Ал сендер кімді жақсы көресіңдер?( Анамды жақсы көремін,құстарды жақсы көремін,гүлдерді жақсы көремін т.б )

Күн Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге Ойнайықшы кел мұнда сергіту ойынын алып келдім.Барлығымыз бірге ойнайық.

(Балалар қуана келіседі,қызығушылықпен көңілді әуен ырғағымен қимылдар жасайды )

Тәрбиеші: Балалар шеңберге тұрғызып,музыка әуенімен түрлі қимылдар жасап,ән айтуды ұсынады.

Ойын «Ойнайықшы кел мұнда»

Аяқпенен топ-топ-топ,

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп,

Бәр оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сермеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға,бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға,бір солға,

Секірейік кел мұнда.

Күн: Рахмет сендерге балалар!Мені одан әрі жарқыратып жібердіңдер.

Интерактивті тақтадан 5 түрлі шар шығады.

Тәрбиеші: Балалардан шарлардың түстерін сұрау,аталған түстердің орнына интерактивті тақтаның бетіне шыққан үй жануарлары мен төлдері жайлы әңгімелеп беруді ұсынады. (Балалар шарлардың түстерін атап шығады )

-Мынау не?(Түйе) -Түйе қандай жануар?(Үй жануары) -Түйенің төлін қалай атаймыз?(Бота ) «Малдың төлін сүюі» атты өлең оқып беру. Қой сүйеді баласын « қоңырым»- деп, Ештеңені білмейтін « момыным» -деп,. Сиыр сүйеді баласын « торпағым»-деп, Қараңғыға баспаған « қорқағым»-деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым»-деп,

Жаудыраған көзіңнен « тоташым»-деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым»-деп,

Тастан-тасқа секірген «шұнағым»-деп.

Жылқы сүйеді баласын « құлыным»-деп,

Тұлпар болып жүгірер « жүйрігім»-деп.

Тәрбиеші: Балалар көрдіңдер ме,жануарларда өз төлдерін жақсы көріп,сүйеді екен.Ал сендердің ата-әжелерің,әкелерің,аналарың қалай еркелетіп сүйеді.(Күнім,алтыным,жарығым,ақылдым,ботақаным,айым,тәттім,құлыншағым менің!т.б )

Балалар күнге «Мен өзімдісүйемін» –деген тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Керек болса көмегім Шынын айтқан кісінің

Қол ұшымды беремін Пәктігіне қызығам

Адал туған Отанға Өтірік айтып өрекпіп

Ұлы болсам деп едім Жамандыққа бармаймын

Сол үшін мен өзімдісүйемін. Сол үшін мен өзімді сүйемін.

Ақиқатқа жүгінем

Адалдықты ардақтап

Жалғандықтан түңілем

Үлкендердің ақылын

Ақ бата деп ұғамын

Сол үшін мен өзімді сүйемін.

Тәрбиеші: Балалар «Сен нені жақсы көресің?»деген ойын ойнайық.

Шарты:Балалар музыка әуенімен билейді.Әуен тоқтағанда ,жердегі суретті бір-бірден алады да,қолындағы суретті не үшін жақсы көретінін бір-екі сөзбен айтып жеткізеді. Суреттер: Гүл,күн,су,ағаш,жануарлар,отбасы,құс,көбелек т.б.

Балалар қуанышты көңіл-күймен ойнайды.Суреттегі заттарды не үшін жақсы көретіндерін айтып береді.

Күн: Жарайсыңдар балалар!Әр уақытта өздеріңді сыйлап,сүйе біліңдер.Сау болыңдар балалар.

Көзге арналған жаттығу « Жасырынбақ»

Көзді қатты жұмайық

1,2,3

Көзімізді ашайық.

Әдепті бала болайық,

Айналаны шолайық.

Көзді ашып,жұмайық,

Осылай кел ойнайық.

( Балалар көздерін жұмады,ашады,оңға,солға,жоғары,төмен қарайды.Көздерін жұмып ашады. )

Интерактивті тақтадан «Құйыршық» мультфильмнен үзінді көрсету.

-Мультфильм сендерге ұнады ма?

-Мультфильм қалай аталады?

-Мультфильм не жайлы екен?

(Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. )

Саусақ жаттығуы

Тық-тақ,тық-тақ

Тұр орныңнан басбармақ

Балан үйрек сенде тұр

Ортан терек сенде тұр

Шылдыр шүмек сенде тұр

Титтай бөбек,қане тұр, Саусақтарым ал жүгір. Балалардың назарын күнге аударып,шығармашылық жұмыс істеуге шақыру.Тәрбиеші: Балалар біздің күніміз шуағын шашпай тұр,оған сендердің көмектерің керек.Ол үшін күннің шуағын тауып,оған өзіміз жақсы көретін заттарды жапсырайық.

(Балалар ұжымдық жұмыс жасай отырып,күннің шуақтарын күнге әкеліп қояды.Бір-бірінің суреттерін қызықтайды. )

Тәрбиеші: Міне балалар біздің күніміз жарқырап шыға келді.Қане осы күнімізді қоршап тұрып әнімізді айтайық.

Ән « Әр қашан күн сөнбесін»

(Балалар көтеріңкі көңіл-күймен әнді айтады. )

Қорытындылау.Балаларды мақтап,мадақтау.

Реклама