«Көңілді старт» спорттық ойын

Қызылорда облысы Арал қаласы №260 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Қосмамбетова Гүлнар

Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
  2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы:

Гүлнар: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Біздің эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

Мұғалімдер отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын ұстаздарды бүгінгі

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

(Осы кезде «Жаса, Қазақстан» әні орындалады. Командалар кіреді)

Құрметті қонақтар! Ұстаздар! Сайысқа қатысушылар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына теңел!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын!

Аяулым:

Мәңгілік елміз, дамыған елміз, озатпыз,

Беріспейтін нағыз қайсар ғажаппыз.

Көңілді старт бүгін үлгі еткен

Құттықтаймыз сіздерді шын жүректен!

Гүлнар: Құрметті Ұстаздар! Сайысқа қатысушылар!

Бүгінгі біздің қызықты да, қуанышты сәтімізді бөлісу үшін спорттық сайысымызға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

  1. Арал аудандық білім бөлімінің басшысы – Жанназарова Санира Нұрғожақызы
  2. Арал аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі – Құрманалиев Айбек Иззатұлы
  3. Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Құдайбергенова Балғын Әлімқызы

Ел анасы (ағасы) өзіңіз ісі оңған,

Жана берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсынамыз, сізге сөзді,

Ақтарылып көріңіз, ағыңыздан, — дей отырып, бүгінгі сайысымыздың алғашқы сөз кезегін

құрметпен ұсынамыз.

Келесі құттықтау сөз кезегі мектеп директоры – Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлына беріледі.

4 «Б» сыныбының биі

Гүлнар: 2016 жылғы «Бозторғай» байқауының лауреаттары, 2017 жылғы «Сыр жұлдыздары» өнер фестивалінің жүлдегерлері «Інжу» би тобы

Аяулым: Армысыздар көрермендер баршаңа

Керемет күн айтатын әлемге жар сала.

Толағай сайысына қош келдіңіз

Үміткерлер ұстаздарымыз ортада.

Ұстаздар өзге қырынан танылады,

Бүгінгі сайыс спорттан құралады.

Арқан тартыс, эстафета, атлетика,

Спорт саласынан ұстаздарымыз сыналады.

Сәттілік тілейміз баршаңызға шын жүректен

Жеңіс тілейміз ұстаздарымыз үлгі еткен.

Толағайда толағай табысқа жетіңіздер,

Мың алғыс айтамыз, бас иеміз құрметпенен!

Би:№260 орта мектебінің жас мұғалімдерінен құралған жанкүйерлер тобы.

Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Көбелов Азамат
  2. Ибрашов Сәбит
  3. Жарыстың бас төрешісі: Ақмұрзаев Сәрсенбай

Жарысымыздың бас төрешісі Ақмурзаев Сәрсенбай ағай жарыс ережелерімен таныстырады.

Гүлнар: Төреші, спортшыларды алып кетуге рұқсат. (марш)

Ән: «Ұстазым». Орындайтын 3 «А» сынып оқушылары.

4 «Б» сыныбының биі флешмоб

Аяулым: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді қазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті ұстазымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «көңілді старт» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.