Жаңа сабақтар

Көктем сәнi (Ертегi)

Пәннің аты: әдебиеттік оқу Уақыты: 7.02.18. Мұғалім: Шанкиева Гулнар
Сыныбы: 3 сынып Мектебі: Аққала орта мектебі
Сабақтың атауы Көктем сәнi (Ертегi)
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен, түрлерімен таныстыру. Оқушының сөздік қорын молайту, түсініктерін айта білуге, рөлге бөліп оқуға баулу. Оқушылардың қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі Аңдардың суреттері, сызба, видео,
Психологиялық ахуал

Тыныштық мезеті

Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз. Денеңізді босатып, тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған даусы естіледі. Сіз жеңіл демалудасыз, сіз күш-қуатқа толысыз. Жер-Анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!

Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?

Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді тудырды?

Документ Microsoft Office Word (4).docx

Реклама

Добавить комментарий