Допты екі қадам жасап себетке лақтыру

Қызылорда облысы Арал қаласы № 260 орта мектептің

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Акмурзаев Сарсенбай Ермекбаевич

Сабақтың тақырыбы: Допты екі қадам жасап себетке лақтыру

Сабақтың мақсаты: Баскетбол ойынындағы техникалық тактикалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар және дене дайындығының жаттығулары. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу матиралдарды қайталау.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балалардың баскетбол сабағына қызығушылығымен ерік-жігерін қалыптастыру. Балалардың дене күшінің нығаюы мен жан-жақты жетілуіне жақсы нәтижеге қол жеткізу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Балалардың бойындағы ептілік, шалттық, байқампаздық, төзімділік, дәлдік қасиеттерін дамыту, арттыру. Баскетбол ойын ережесін үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Баскетбол кітабы, көрсету,түсіндіру.

Сабаққа қажетті құралдар: Баскетбол алаңы, доптар,ысқырық.

Сабақтың түрі: Оқу-жаттығу сабақ, топпен және жекелеп жұмыс жасау.

Сабақ өтетін орын: Спорт зал.

Сабақ өтетін күні:

Сабақ

бөлім

Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулықтар
I

10-12

II

20-23

III

3-5

Ұйымдастыру кезең

а) Оқушыларды сапқа тұрғызу;

ә) Кезекші мәліметін тыңдау;

б) Оқушылармен сәлемдесу;

в) Оқушыларды түгендеу;

г) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру;

ғ) Жеңіл атлетика сабағынан қысқаша мәлімет беру;

Саптық жаттығулар

«Оңға қарап түзел тік тұр!» «Еркін тұр!» «Оңға бұрыл!»«Солға бұрыл!» «Артқа бұрыл!» «Сол иықпен алаңды айналып алға адым бас!»

Жүріп жасайтын жаттығулар

а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

ә) қол белде, өкшемен жүру;

б) қол белде, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру;

в) қол желкеде, жартылай отырып жүру;

г) қол тізеде,толық отырып жүру ;

д) қос аяқпен алға секіру;

е) спорттық жүріс;

Жүгіріп жасайтын жаттығулар

— аяқты алға, көтере жүгіру;

— аяқты артқа, сермей жүгіру;

— тізені алға, көтере жүгіру;

— аяқты қайшылап жүгіру;

— өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;

— оң, сол қапталмен, қолды айналдыра жүгіру;

— артпен тез жүгіру;

— жәй жүгіру;

— спорттық жүріс;

— тыныс алу жаттығулары;

Жалпы дене дамыту жаттығулары

— Үш қатарға тұру;

а) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қолымыз белде,1-4 санға басты оңға 1-4, солға айналдырамыз;

ә) б.қ. қол иықта, 1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру;

б) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қолымыз белде,1-4 санға иықты алға, 1-4 артқа айналдырамыз;

в) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгулі артқа сермеледі, 3-4 қол жазылып, артқа сермеледі;

г) б.қ. аяқ иық мөлшерінде оң қол белде, сол қол жоғарыда, 1-2 оңға қисаямыз, 3-4 қолды ауыстырып солға қисаямыз;

д) б.қ. н.т 1 аяқтың ұшына тұрып, қолды жоғары созамыз. 2 қолды аяқ ұшына тигізіп иілеміз, 3 қол алға созып отырамыз, 4 тұрамыз б.қ;

е) б.қ аяқ алшақ, 2 қол алдыда, 1 оң аяққа отырамыз,3 сол аяққа ауысамыз, 4 б.қ.;

ж) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қол тізеде, тізені 1-4 ішке, 1-4 сыртқа айналдырамыз;

з) б.қ аяқ арасын қосып, отырып тұру;

Негізгі бөлімге көшу

Оқушыларды бір қатар етіп сапқа тұрғызып, баскетбол ойын ережесін жақсылап түсіндіріп аламында, санамақ арқылы, үш-үштен бөлемін. Баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған жаттығулар. Төменгі сыныпта үйретілген оқу матиралдарды қайталау. Тұру, жүгіру, секіру, тоқтау, бұрылу, допты беру, тәсілдерін орындау.

Доппен орындалатын жаттығулар.

1) Допты оң қолмен алып жүру;

2) Допты сол қолмен алып жүру;

3) Допты екі қолмен кезек алып жүру;

4) Допты кедергілермен алып жүру;

5) Екі- екіден, қарама- қарсы жүріп, доп беру, төмен және жоғарыдан; Оқу-жаттығу сабақ.

6) Допты екі қадам жасап себетке лақтыру

7) Дұрыс меңгере алмаған оқушылармен жұмыс жасау.

Қорытынды бөлімге көшу

— Оқушыларды сапқа тұрғызу;

— Денені қалыпқа түсіру жаттығулары;

— Сабақтың қорытындысын хабарлау;

— Үйге тапсырма беру;

— Оқушылармен қоштасу рәсімін жасау;

2-минут

1-минут

2- минут

3-минут

4-минут

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

3 мин

3мин

3мин

4мин

4мин

3мин

3мин

5 минут

Оқушылардың спорт киіміне, тәртібіне, денсаулығына көңіл бөлу. Журнал толтыру.

Берілген команданы дұрыс орындауына көңіл бөлу, қадағалау.

Арақашықтықты сақтау.

Қолды бүкпеу. Денені тік

ұстау, басты көтеру. Денені

тік ұстау қол бел тұста.

Арашықтықты сақтау. Алақанға

тізені тигізу, кеудені тік ұстау,

қол бел тұста. Қол белде,аяқты

бүкпеу,денені тік ұстау. Алаңды толық пайдалану.

Көзді жұмбай айналдыру.

Иықты толық айналдыру.

Қолды толық сілтеу.

Қолды толық жазу.

Белді толық айналдыру.

Қолды толық жазу.

Иілген кезде, тізе бүгілмейді,

Қолды түзу ұстаймыз. Денені

Тік ұстаймыз.

Оқушыларға ақыл кеңес бере отырып тапсырманы дұрыс орындауын қадағалау.

Үй тапсырмасын мөлшерін

тексеру, бір саппен ішке кіру.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.