Жаңа сабақтар

Аттандық бала шақтан болашаққа! (Бастауыш сыныпп ен қоштасу кешінің, сценарийі)

Қызылорда облысы Арал қаласы № 260 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Темірханқызы Нұргүл

Мектепалды даярлық сыныбы

Аттандық бала шақтан болашаққа!

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты:

1.Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Берекет: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақжаулықты апалар! Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Асылжан:Здравствуйте, уважаемые родители иученики. Добро пожаловать нанаш утренник, посвященный прощанию с начальной школой! Желая каждый семье благополучие и единство, разрешите начать наш праздник.

Назерке:Good day, dear teachers,students and mothers. Welcome to our perty whuch calls «From childhood to future». We wish happily family, good health and life. Let`s stert our party.

Назерке:

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым ардақты.

Берекет: Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Асылжан:Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын жетелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Назерке:Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш сыныбымызбен алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

Берекет: Бастауышта шырқалмаған жыр барма,
Бастауышта айтылмаған сыр барма.
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар мәңгі талай жырларға.

Асылжан:Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «В»сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

Назерке:-Сыныпта біздің Бексұлтан,

Ғажап бір бала тазайын.

Тентектігі басым –ау,

Әркімнің берер сазайын.

Берекет:-Ернардан асқан ақылды,

Бала жоқ біздің сыныпта.

Бауырмал әрі ақжарқын,

Бишілігін, достар, ұмытпа.

Асылжан:- Салмақты сұлу Саягүл,

Оқитын үздік сабақты.

Биязы мінез,ақылды,

Биді сүйген талапты.

Назерке:- Сүйкімді неткен, нәп-нәзік,

Ақылды қыз-ау Альмира.

Сыныптың ол да үздігі,

Салмақты қыз-ау Альмира.

Берекет:- Алмат бар бізде ағайын,

Тазалығымен жағатын.

Ұнамсыз бір қылығы –

Сабақтан көп қалатын.

Асылжан:- Ақ көңіл бала Нұрдәулет,

Достары көп пе сыныпта.

Тентектігі басым –ау,

Онысы дұрыс қылық па?

Назерке:- Әлиманы барлығы –

Тазайын деп ұғады.

Үздіктердің үздігі —

Сабақта ылғи құлағы.

Берекет:- Әрқашан досқа көмекші,

Қарапайым Арайлым.

Ақкөңіл қыздың ертеңі,

Бақытты деп санаймын.

Асылжан:- Мадияр мықты әншіміз,

Болса да өзі жыбырлақ.

Сабақ білмеген балаға,

Отырар кейде сыбырлап.

Назерке:- Осындай алтын балаға,

Ұстаз болу бір бақыт.

Қарапайым, тентектеу,

Сыныпта біздің Ербақыт.

Берекет:- Айналмайсың ба Айткулдей,

Ақкөңіл,ашық баладан.

Билегенде сызылып,

Тамсанады бар адам.

Асылжан:- Сыныпта пысық Сазида,

Ақылы асқан өзгеден.

Ақиқатты айтады,

Өтірік сөзге төзбеген.

Назерке: — Суретшіміз болашақ,

Қастеевке ол — ізбасар.

Ұқыпты әрі ақылды,

Темірланмен кім таласар.

Берекет:- Үкілеген үмітіміз, топ басшы,

Өзі үздік, өзі пысық кім тапшы?

Назеркені шақырайық ортаға,

Бүгінгі күн талай қызық айтпақшы.

Асылжан:- Бауырмал бала Берекет,

Отыра алмас құр қарап.

Үздік оқып сабақты,

Әзірге тұр бұл жарап.

Назерке:- Актерлігі басым бірінен,

Шығады түрлі бейнеде.

Асылжан нағыз бесаспап,

Әнге де әрі биге де.

Асылжан:Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, — деп айтуында терең ой жатыр. Ендеше келесі әніміз ұстаздарымызға арналады.

Хор: «Ұстазым»

Назерке:Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Балдарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді шақырайық.

Қазақ биі

Берекет:Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп ойнап біріміз бен біріміз – дей келе Рүстемұлы Темірланның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

Ән: «Қазақ қызға үйленем»

Назерке: Осы 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтеріп, санамызға білім нәрін құйған, әр пән ұстаздары да бар. Осы ұстаздар еңбектерін атап айтып өтсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Берекет: Әкеміздей мейірімді құшақ ашып,

Жүресіз Айтуған ағай шуақ шашып .

Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп

Барамыз болашаққа қадам басып.

Айткүл: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың

Күліп жүрер үнемі Миша ағай

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

Альмира: Бастауыштың бұл апайын барлығы,

Апайлардың бастығы деп ұғады.

Қолды соғып қарсы алайық, ағайын.

Гүлмира апай ортамызға шығады.

Әлима: Тәрбиенің тал бесігін,

Мектепте ол тербеткен.

Еркетай апай ортамызда,

Қарсы алайық құрметпен.

Ернар: Ағылшын тілін тәптіштеп,

Барын салып үйреткен.

Зиғаш апай секілді,

Апайға шіркін кім жеткен?

Назерке: Сөз сөйлесе жарқын – ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой – сананы

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Күлмараш апайымызға

Алғыс айтады түгелі.

Арайлым: Өзге тілді үйретіп, қызықтырып,
Тілімізді орысша жүр ұқтырып.
Мейірімді Ғалия апай біздер сізге,
Рахмет айтып, бас иеміз иіліп..

Сазида:Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкірттеріңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Света апай

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Асылжан:Дене шынықтыру сабағы мектептің

Денемізге саулықты сепкен кім?

Жеңіскүл апай бас иеміз сізге де,

Жүгіруді талмай бізге үйреткен.

Саягүл: 42 әріпті,

Үйреткен алтын апайым.

Біз секілді шәкірттің,

Түлеткен өзі талайын.

Қалам ұстап жазуды,

Үйренгенбіз өзіңнен.

Тәрбие алып ержеттік,

Тұнық ойлы сөзіңнен.

Биге де бізді баулыдың,

Сахнада шыңдалдық.

Талай сайыс, жарыста,

Топты жарып бәйге алдық.

Сенің арқаң әрдайым,

Көрінсек біз биіктен.

Нұргүл апай ардақты,

Апайымыз сүйікті ең!

Берекет:Шыр көбелек билейді

Мақтануды сүймейді

Біздің сынып бишілерінің

Өкшесі жерге тимейді – дей келе бишілерімізді ортаға шақырамыз

Би: «Танго»

Асылжан:Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай келесі кезек Қайырлаев Берекеттің орындауындағы әнде.

Ән: «Жаным қазақ»

Назерке: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алам, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін. (сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.)

«Есеп»

Баласы:

Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:

Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы:

Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:

Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды?- деген сұраққа…

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.

Берекет:Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тасталғаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді, міне сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз – ана жасады мына бізден

Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.-дей келе ортамызда сыныбымыздың биші қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар

Би: «Үнді биі»

Асылжан:Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Той думанын шашайық – дей Жолдашбай Мадиярдың орындауындағы ән

Ән: «Әке мен ана»

Саягүл:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Назерке: Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп ойнап біріміз бен біріміз. – дей келе биші балдарыңызды ортаға шақырамын

Би: «Флешмоб»

Берекет:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.

Хор: «Ұстазым»

Асылжан:Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Би: «қоштасу вальсі»

Назерке: Қол жаяйық халайық,
Бата тілеп алайық.
Бастауышпен қоштасып,
Орта буынға барайық.

Берекет: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын аман болшы анашым! – ендеше өміріміздің нәрі мен мәні болған аналарымызға сөз кезегін береміз

Сөз: «ата – аналарға»

Асылжан: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдедіме.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сендерге арнап айтылар тілегіне – дей отырып сөз кезегін ақылшы, дана болған ұстаздарымызға береміз.

Сөз: «Ұстаз тілегі»

Нұргүл апай: Шәкірттерім,шыңнан биік,

Көрініңдер әрдайым.

Жүрегімнен жылы шуақ,

Лебізімді арнаймын.

Бастауышпен қоштасасың,

Балалықты қимастан.

Алдарыңда үлкен белес,

Басталады жыр-дастан.

Үздік оқып сабақты да,

Тату әркез болыңдар.

Алда биік шыңға шығып,

Жас болыңдар жалындар!

Берекет: Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!

Асылжан:На этом наш утренник окончен. Спасибо, до свидания! До новых встреч! Спосибо за внимание!

Назерке:We wish happily family, good health and life. Let`s stert our party. Good by teashes, childrens.

Реклама

Добавить комментарий