Тәуелсіз елдің ұланымыз

Түркістан қаласы әкімдігі

«Балдырған» ясли-бақшасының

тәрбиешісі Маханова Г.Ш

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Ашық тәрбие сағатының барысы

  • Шаттық шеңбер

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

  • Құрметті педагогтар, кішкентай бүлдіршіндер! Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Өз жеріме ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн.

Тарихыма өшпес белгі салған күн, — деп ашық тәрбие сағатымызды ҚР-ның мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.

Әнұран «Менің Қазақстаным»

  • Балалар, біз қай елде тұрамыз?
  • Қазақстан Республикасында
  • Елбасымыз кім?
  • Н.Ә.Назарбаев

Дұрыс, балалар. Біз ҚР-да тұрамыз. ҚР-сы өте үлкен, жері кең, көп ұлтты тәуелсіз ел. Біз Тәуелсіздікті 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік – ол біздің еркіндігіміз, егемендігіміз. Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз Сабира, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова т.б.

Жұмбақтар:

  1. Келмеді ол жайдан – жай,

Жеңдік барлық езгіні.

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі?(Қыс мезгілі, Желтоқсан айы)

  1. Тәуелсіздік жылында,

Тапқын істің шешімін.

Президент Қазақстанның

Айтшы, кәне, есімін.(Н.Ә.Назарбаев)

  1. Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге?(Қыран)

  1. Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал?! (Қазақстан)

Болашаққа бастаған,

Жарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанымның,

Мақтанышым – Астанам.

Құтты болсын, Тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі, — дей келе ашық тәрбие сағатымызды әнмен аяқтаймыз.

Ән: «Жаса, Қазақстан»

Реклама