Жаңа сабақтар

Тақырыбы: Қазақстан-ортақ үйіміз

Түркістан қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай бақшасы МКҚК

«Балдырған» бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз»

Тәрбиеші: Ахметова Матлуба Ганиевна

Мақсаты:Балаларды туған елінің, Отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру. Қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлері, тағамдары , ұлттық киімдері жайлы мағлұмат беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына , тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып,ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:Қ.Р рәміздері,ұлттық киімдер,қолөнер туындылары бейнеленген суреттер,слайд.

Әдіс-тәсіл:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер,өлеңдер.

Қызығушылығын арттыру

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған,жер ана!

Сәлем саған,нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайы

Шеңберге тұрып,бірге айтады.

-Балалар ,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар барлығымыз Қазақстан картасына назар аударайық.Мынау біздің байтақ жеріміз. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,жері кең байтақ.Оны білу үшін картаны пайдалану қажет.Сонда қай жерде қала,әдемі ормандар,биік таулар,көлдер,теңіз,қазына байлықтары бар екенін картадан білеміз.

-Балалар,біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

-Біздің елордамыз қалай аталады?

-Ендеше,балалар,Астана қаласының қазіргі гүлденуін экраннан тамашалайық.

-Біз қай қалада тұрамыз?

-Иә,балалар,біздің қаламыз Көкшетау облысына қарайды.Біз таза ауамызбен,орман-тоғайымызбен,сұлу табиғатымызбен мақтанамыз.Көкшетау,Бурабай табиғаты туралы слайд көрсетіледі

-Сендер қандай балабақшаға келесіңдер?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-дұрыс айтасыңдар.

Әр адамның өз Отаны болады.Отан –ол біздің туған жеріміз.

-Тіл туралы тақпақ:

Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар.Қазақстанның елбасы кім?

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.

Елімнің ел ағасы ,елбасшысы,

Н.Назарбаев аман болсын!

-өте жақсы

-Балалар,әр мемлекеттің өз белгілері бар.Сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін,рәміздерін білесіңдер ме?

-осы рәміздерге жеке тоқталып өтейік.

-Сендер әнұранды білесіңдерме?

-Әнұран қай кезде орындалады?

-Әнұранды айтқан кезде қалай тұрамыз?

-өте жақсы

-Ал,мынау не?

-Елтаңбада не бейнеленген?

-пішіні қандай?

-осыған қарап қай елдің белгісі екенін білуге болады.

-Елтаңба туралы тақпақ айтады

«Өз туыңды тап»ойыны.Шарты:

Ортаға әр ұлттың тулары тасталады,соның

ішінен Қ.Р.туын тауып алулары керек.

-Сонымен мынау не?

Түсі қандай?

-пішіні ше?

-Туда тағы нелер бейнеленген?

-Иә,балалар,Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап,қырандай самғай берсін дегені.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Көк жалау желбіре,

Асқақтап аспанда.

Жас ұлан,ел бірге,

Сап түзе жасқанба.

-Балалар Қазақстанда қазақтардан басқада ұлт өкілдері тұрады.Біз көп ұлтты мемлекетпіз.Қазақстанда әр ұлт өкілдеріне өмір сүру үшін жан-жақты жағыдай жасалынған.Барлық ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін,ұлттық киімдерін сақтап қалған.Әр ұлттың табиғат жөнінде өз болжамдары бар.Сол болжамдардың тәрбиелік мәні зор.

Реклама

Добавить комментарий