Ұлт мақтанышы- ғұламалар

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы №2 Ш.Уалиханов атындағы

жалпы орта білім беретін мектеб тарих және география пәнінің

мұғалімі Амиркулова Улбосын Ашимхановна


Сабақтардың тақырыбы: Ұлт мақтанышы- ғұламалар

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі рухани заңдылықтар арқылы жас ұрпақтың сана-сезім, дүниетанымдық ұстанымдарына сай отансүйгіштік, тарих пен мәдени ізгі рухани мұра құндылықтарымызға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, «Тарихи тұлғалардың» суреттері, постер

Сабақ жоспары:

1.Ұлы хандар

2.Дана билер

3.Батырлар — ел қорғаны

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ұлт мақтанышы- ғұламалар» Қош келдіңіздер!

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту кезеңі

Өлең шумағын айтып,психологиялық дайындық жасайды:

Айналаға алақанмен,

Жылылықты шашайық.

Сәттілік тілеп баршамызға,

Сабақты біз бастайық.

Оқушылар топқа бөлінеді: 1.Ұлы хандар тобы

  1. Дана билер

3.Батырлар тобы

Егемендік ерліктің мол бастауы демекші- сабағымызды қазақ елінің Ұлы хандарынан бастайық.(слайд хандар,билер,батырлар суреттері)

Кіші жүз ханы. Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болғандықтан, тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбұр болды.Ресейдің қол астына еніп, жан сақтау қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде елші жібереді.1731 жылдың ақпан айында Кіші жүз қазақтардың Ресей үкіметі өз қарауына алуға келісім береді.Әбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы Барақ сұлтанның қолынан қаза табады.

Абылай хан (1711-1781жж) Қазақ Ордасының ханы.Қазақ хандығының аумағын қалпына келтірген, үш жүзді біріктіруге көп еңбек сіңірген саясаткер, шебер дипломат.Абылай ханның ата-бабалары Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын – Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз Жәнібектен тараған.Абылай 13 жасында жетім қалады.Әкесі Көркем Уәли қалмақтармен болған шайқаста өледі.Күтушісі Ораз Абылайды аман алып қалып, Түркістан жеріне ертіп келеді.Абылай біраз уақыт Төле бидің жылқысын бағады.Сыртқы келбетіне қарап,Төле би оған «Сабалақ» деген ат қояды.Абылай Жоңғар басқыншыларына қарсы күреске 15 жасынан қатыса бастайды.Әбілмансұр қалмақ батырын Шарыштыны жекпе-жекте жеңеді.Осы жекпе-жекте оның «Абылай!» деп ұран шақыруы кейіннен Абылай атануына себеп болады.1771ж Қазақ ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, оның орнына үш жүздің билеушілері Абылайды ақ киізге көтеріп, хан тағына отырғызады.Ол ел билеу ісінде билерге, сұлтандар мен халық батырларына арқа сүйеді.Абылай – Қазақ хандығын нығайтқан соңғы хан.Абылай хан 1781 жылы қайтыс болды.Абылайдың ұрпақтары арасында қазақтың соңғы ханы Кенесары,сұлтан Шыңғыс, ғалым Шоқан Уәлиханов сияқты алаштың біртуар тұлғалары бар.

Дана билер. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы туған.Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан.Билікке 15 жасынан араласқан. «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі.Қазақ хандығын нығайтуға, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға, қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресін ұйымдастыруға үлес қосқан.Төлеби Ташкент қаласының әкімі де болған.

Қазыбек би Келдікбекұлы(1665-1756) Орта жүздің арғын тайпасының қаракесек руынан шыққан Қазыбек Келдібекұлы 1665 жылы туған.Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап, Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. «Жеті жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі.Қазыбек қазақ-қалмақ, қазақ-орыс арасында елшілік қызметті де атқарған.

Әйтеке би Байбекұлы (1666-1722ж) Кіші жүздің алшын тайпасынан шыққан. «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі.Біраз уақыт бойы Тәуке хан кеңесшісі болған.Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы.

Енді балалар батырлар – ел қорғаны демекші батырларымызбен танысайық.

Қаракерей Қабанбай батыр (1691-1769) шыққан тегі- Орта жүздің найман тайпасы, қаракерей руы.Қабанбайды «Сардар», «Дарабоз» деген аттары болған.1721ж Түркістанды қорғауға қатысты.1730ж Іле өңірінде жоңғарлармен шайқаста қатысқан.Қабанбай батыр 103 соғысқа қатысты.

Қанжығалы Бөгенбай батыр (1690-1775) шыққан тегі-Орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы.1726ж Бұланты өзенінің бойында жоңғарларды жеңеді.Атақты батыр шебер дипломат болған.

Шапырашты Наурызбай батыр (1706-1781ж) шыққан тегі- Ұлы жүздегі шапырашты тайпасы, асыл руы.Ұлы жүз тайпалары жоңғар шапқыншылығының зардабын көп тартқан.Жоңғар шапқыншылығында көп жетістікке жеткен батыр.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) –Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаhарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.Туған жері-Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Көлбастау мекені.1941ж Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады.Соғыста қаhармандық ерлігімен көзге түседі.1956ж полковник атағымен отставкаға шыққан.Бірнеше орден, медальдармен наградталады.Кеңес Одағының Батыры атағын алады.Ел Тәуелсіздік алғанннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев жарлығымен «Халық Қаhарманы» деген атақ берілді.

Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова бұл есімдерді естігенде бірде-бір адам тебіренбей тұра алмайды.Кейінгі ұрпаққа айтып жүрерліктей ұмтылмастай ерлік жасап үлгерді.Оны біз мақтан етеміз.Отанының намысы үшін жанын пида еткен батыр қыздарымыз.

Мағынаны тану кезеңі Жаңа сабақтың тақырыбын суреттерді құрастыру

арқылы ашу «Мозайка

«Ой қозғау» Көмекші сұрақтар қойылады.

Топтық тапсырма 1.Әбілқайырхан қай жүздің әскербасшысы болып

сайланды?

2.Әбілқайырхан қай жылы, кімнің қолынан қаза

тапты?

3.Абылай ханның ата тегі қайдан шыққан?

4.Абылайдың даңқты қолбасшы, саясаткер екенін

дәлелдейтін мысал келтіріңдер?

5.Әбілмансұрдың «Сабалақ» атануы туралы

әңгімелеп беріңдер?

6.Дарабоз атанаған батырды ата?

7.Ұлы жүз дулат тайпасынан шыққан биді ата?

Ақпаратты жинақтау Әр топ мүшелері өз мәліметтерін ортаға салады.

Постер қорғайды. Құнды ақпарат табады.

Сергіту сәті. Адасқан әріптерді табу.Үш тілде аудару «Хан талапай»

1.Арихт-тарих-история-history

2.ергідәж- жәдігер –а нтикварият- antigues

3.ықлах-халық -народ- people

4.әудір- дәуір- век- age

5.айпат- тайпа- племя- tribe

6.шысығ надалары- шығыс даналары- восточные знаменитости- eastern famous

7.ылұ ібекж-Ұлы Жібек жолы- Восточные шелковый путь- eastern silk on the way

8.Назақстанқ-Қазақстан-Казакстан-Kazakhstan

9.нах- хан- царь- king

10.ырларатб- батырлар- герои — hero

11.илерб- билер- бии-bi

12.золейавм-мавзолей-мавзолей-mausoleum

Сызбамен жұмыс

1 2 1 2

3 4 3 4

1.Өмір сүрген жылдары 1.Орта жүздің қай тайпасынан шыққан

2.Төле бидің қойған аты 2.Іле өңірінде шайқас қай жылы

3.Жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры 3.Қандай есіммен танымал болды

4.Таққа отырған жылы 4.Қанша соғысқа қатысты

Қорытынды: Балалар, дана билеріміз, елдің Тәуелсіздігін сақтап қалған хандарымыздың көрсеткен ерліктері мен батырлықтары біздер үшін және біздің кейінгі ұрпақтар үшін де нағыз үлгі өнеге болады.Қазақ халқы – ежелден ержүрек, батыр халық.Қазақ елінің қанат жайып әлемге танылуы, жерінің тұтас сақталуы — батыр ұлдарының арқасы.Қазақ елі үшін күрескен – Қабанбай, Бөгенбай,, Наурызбай батырларымыз.Олардың есімдері әрқашан да қазақ халқының жүрегінде өшпей сақталады.

Ерлерді ұмытса да ел сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел жел ұмытпас

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел шөп ұмытпас.

(Мағжан Жұмабаев)

«Екі жұлдыз бір тілек»

«Жүрек» Тыныштық 1 минут.Көзімізді жұмамыз алақанға берілген затты жүрегіміздің тұсына қоямыз.Барлық нәрсе жүрек қалауымен жасалады.Сондықтан әрдайым мейірімді,жанашыр болыңдар.Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!

Марапатталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.