Жаңа сабақтар

«Құйрық майдың химиялық құрамы мен емдік қасиеті »

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

«Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аманова Аяулым

9 «В» сынып оқушысы

Бағыты:Таза табиғи орта -Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі.

Секциясы: химия

Ғылыми жетекшісі: Дуйсебаева Алтынай химия пәнінің мұғалімі

Аннотация

Тақырыбы:«Құйрық майдың химиялық құрамы және емдік қасиеті»

Жетекшісі:Дуйсебаева Алтынай.

Мақсаты:Қойдың құйрық майының биохимиялық құрамын зерттеп, биопрепарат ретінде дәрілік қасиетін анықтау.

Міндеттері:

1)Құйрық май туралы ғылыми деректерге негізінде жалпы мәліметтер жинау.

2)Биохимияялық құрамын «Тағамтану академиясының» зертханасында зеттеп, нәтижесіне талдау жасау.

3)Құйрық майдың емдік қасиеттерін басқа дәрілік препараттарымен салыстыру.

4)Қойдың қорегінің құрамын зеттеп, дәрілік қасиетін анықтау.

Зерттеу әдісі: салыстыру, ақпарат жинау , зертханамен байланыс жасау, монирторинг , кестелер арқылы жұмысты қорытындылау.

Зерттеу кезеңдері:

I.Дайындық кезеңі: тақырып таңдау ,ғылыми жетекші, ғылыми кеңесшімен байланыста болу.

II.Зерттеу кезеңі:ғылыми деректерге сүйеніп, теориялық мәліметтер жинау және талдау.

III.Экспирименттік кезең

Тағамтану академиясының зертханасында алынған құйрық майдың биохимиялық құрамына талдау жасау.

Жұмыстың жаңалығы:

Құйрық майдың емдік қасиетін анықтап, жалбыз өсімдігімен қосып биопрепарат дайындау.

Кіріспе бөлім

Тақырыбы:«Құйрық майдың химиялық құрамы және емдік қасиеті»

Тақырыптың өзектілігі:Елбасымыз Н.Ә.назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты халыққа жолдауында былай деген еді: «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі.Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс енгізуіміз қажет…..». Елбасымыз халықтың денсаулығын жақсартуға бағыттар ұсынып, алдағы кезеңде тиісті нәтижелер күтетінін айтып өтті.Осы орайда қойдың құйрық майынан адам денсаулығына кері әсері болмайтын,экологиялық таза, химиялық қоспасыз дәріні әзірлеу мәселесі қазіргі таңда қөзекті болып табылады.

Мақсаты: Құйрық майдың биохимиялық құрамын зерттеп, биопрепарат ретінде дәрілік қасиетін анықтау.

Міндеттері: 1)Құйрық май туралы ғылыми деректерге негізінде жалпы мәліметтер жинау.

2)Биохимияялық құрамын «Тағамтану академиясының» зертханасында зеттеп, нәтижесіне талдау жасау.

3)Құйрық майдың емдік қасиеттерін басқа дәрілік препараттарымен салыстыру.

4)Қойдың қорегінің құрамын зеттеп, дәрілік қасиетін анықтау.

Зерттеу әдісі: салыстыру, ақпарат жинау , зертханамен байланыс жасау, монирторинг , кестелер арқылы жұмысты қорытындылау.

Жұмыстың жаңалығы: Құйрық майдың емдік қасиетін анықтап, жалбыз өсімдігімен қосып биопрепарат дайындау.

Негізгі бөлім

Қой сүтқоректілердің жұпаяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады.Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа

біріктіреді.

Қодың пайда болған кезі — осыдан 10-11 мың жыл бұрын.

Қойдың жабайы арғы тегі- жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған.

Қойдың алғаш қолға үйретілген орталығы- Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия,Оңтүстік Азия.

Қойдан алынады:жүн,тері,елтірі,ет,сүт,май.

Қазақстандағы қой шаруашылығы әрбәр аймақтың табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді.

Зерттеу жұмысы еділбай және дегерес қойларынан алынған құйрық майға жүргізіледі.

Құйрық май-қойдың құйрық жағындағы май жиналатын орны.Бұл майды ерітіп құйрық май алынады.Қатты күйінде ақ немесе ақ-сары түсті болады.Еріткенде түссіз болады.Құйрық және қойдың іш майында көп мөлшнрде қанықпаған май қышқылдары болады.Малшылар ерітілген құйрық майды тек тамаққа емес күйікті, шаш түсуін тоқтатуды және ірінді немесе жараларды емдеуге қолданады [1].Қойдың майы-өзіне тән иісі бар.Негізгі иістің көзі — майлар болып табылады.Жануарлардың майлары пальметин , стеорин , олеин май қышқылдарынан тұрады.Стеорин қышқылы басқа жануарларға қарағанда қойда көбірек болады.Ол 30%-ға дейін кездеседі. Ал қанықпаған және тез еритін олеин қышқылы қойда азырақ болады.Қойдың майының құрамына А,В1,Е витаминдерін,бета-каротин, стеорин, фосфолипиттер кіреді.Белгілі бір мөлшерде ас қорытуды, қан аздықты емдеуге пайдаланылады.Қойдың майы нашар еритіндіктен және жақсы сақталатындықтан, азықтық маңызы бар.Азия елдерінде, азпаздықта тағамдық маңызы бар майларды алу үшін құйрықты қойларды арнайы өсіреді.

Майларды жануарлар мен өсімдіктерден бөліп алады.Майларды синтездеуші алғаш рет француз химигі М.Бертло (1854) жүзеге асырды.Бірақ тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынбайды.Майлар судан жеңіл , тығыздылығы 0,9-0,95 г/см3

Суда ерімейді,көптегенорганикалықеріткіштерде (бензол, бензин, дихлоретан) ериді.

Майлар Тегі Мысалдар Карбон қышқылының қалдығы
Сұйық

Қатты

Негізінен, өсімдік тектес

Негізінен, жануар

тектес

Күнбағыс, мақта, жүгері, зәйтүн, балық майы

Қой, сиыр, шошқа, кит, түлен, кокос майы

Негізінен ,

қанықпаған

Негізінен,

қаныққан

Ескерту.Автормен құрастырылған

Кесте 1. Майлардың жіктелуі

Агрегаттық күйіне байланысты майлар сұйық және қатты болып бөлінеді.Өсімді майы, әдетте, сұйық,ал жануар майы қатты болады.Бірақ кейде жануар майының ішінде сұйығы (балық майы) , ал өсімдік майларының қаттысы да (какос майы) кездесіп қалады.Майдың сұйық немесе қатты болуы оның құрамына кіретән карбон қышқылының табиғатына байланысты.Құрамына қанықпаған карбон қышқыл қалдығы кірсе, ай қатты болады.

Ерітілген қойдың майы- кең таралған азықтық өнімге жатпайды және әр түрлі тағамдарды даярлауда сирек қолданылады.Оның себептері көп.

Біріншіден,иісі және демі жағымсыз. Екіншіден,салқындауы жоғары температурада.Үшіншіден, түсі ақ немесе сарғыш.

Құйрық майдың биологиялық құндылығы басқа жануар майларымен салыстырғанда төмендеу.Себебі, пайдалы қанықпаған май қышқылдары қойдың майының құрамына кіреді [2].

Құйрық май- тыныс алу жолдарының ауруларына:бронхит, трахей,бронхопнемания , суық тию ауруларына қолдануға таптырмайтын ем.Түндекеудеге және арқа бөлігінің жоғарғы жағына, аяқтың астына жұқалап жағады.Жақсы күтілген, далада жайылған ұқойлардың құйрығында 30 кг май болады.Таулы аймақтарда құйрықта кептірілген күйде қолданылады. Құйрық майды жасқа толмаған сәбилерге ішкізеді,суық тиген жағдайда қыздырып, денесін майлайды.Себебі,құйрық май жас сібидің ағзасынығ қорғаныштық қабілетін күшейтіп, септігін тигізеді.Табиғи құндылығы жоғары болғанымен қарапайым халыққа қол жетімді болып табылад

Зерттеу бөлімі

Зерттеуді ғылыми деректерде көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып жүргіздік.Құйрық майдың қандай да бір емдік қасиетін анықтау үшін міндетті түрде оның құрамы қажет.Құйрық майдың құрамын келесі сызбадан көрсек болады.

құйрық май

Май қышқылдары: Витаминдер: Басқа да элеметтер:

1.Қаныққан май 1.А витамині 1.Макроэлеметтер:

қышқылдары: 2.В витамині -К элементі

  • каприн -Са элементі
  • лаурин -Mg элементі
  • миристин -Na элементі
  • пентадекан 2.Микроэлементтер
  • пальмитин -Fe элементі
  • маргарин -Йод
  • стеорин -Cu элементі
  • лигноцерин

2.Қанықпаған май

қышқылдары:

  • миристолеин
  • пальмитолеин
  • олеин
  • нерон

Ғылыми деректедегі мәліметтерді назарға ала отырып , зерттелініп отырған құйрық майдың құрамын анықтау мақсатында арнайы зертханамен тығыз байланыс жасалынды. 2012 жылы 29 наурызда үйде өсірілген құйрықты қойдың құйрығының құрамын Алматы қаласы «Тағамтану академиясының» арнайы зертханада лаборант У.Отемуратованың жетекшілінімен зерттеп, нәтижесін алдым.Зерттеу 20оС температура мен 70% ылғалдылықта жүргізілді. Зеттеу нәтижесіндегі әрбір құрамдас бөліктің биологиялық ерекшелігіне тоқталып, құйрық майдың биохимиялық әсерін анықтадым.Зерттелінген құйрық майдың құрамы төмендегі кестеде келтірілген.

Көрсеткіш атауы мен мөлшері Алынған мөлшері Зерттеу әдістері
А витамині

Е витамині

Макроэлементтер, мг:

К элементі

Caэлементі

Mgэлементі

Naэлементі

Микроэлементтер, мкг:

Fe элементі

Йод

Cu элементі

Қаныққан май қышқылы

С10:0 каприн

С120:0 лаурин

С14:0 миристин

С15:0 пентадекан

С16:0 пальмитин

С17:0 маргарин

С18:0 стеарин

С24:0 лигноцерин

Қанықпаған май қышқылы

С14:1 миристолеин

С16:1 пальмитолеин

С18:1 олеин

С24:1 неврон

Қанықпаған май қышқылдары

С18:2 линол

С18:3 линолен

Май қышқылдарының жалпы мөлшері

0,064

0,5

1,1

0,6

0,8

1,0

49

9,7

10,1

51,66

0,12

0,23

3,27

0,51

24,86

1,44

21,07

0,16

39,15

0,53

1,58

36,95

0,09

4,19

3,22

0,97

95,00

ГОСТ 30627.1-98

ГОСТ 30627.1-98

И.М.Скурихин,1998г.

И.М.Скурихин,1998г.

И.М.Скурихин,1998г.

И.М.Скурихин,1998г.

И.М.Скурихин,1998г.

И.М.Скурихин,1998г.

И.М.Скурихин,1998г.

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

ГОСТ 30418-96

Ескерту. «Тағамтану академиясы» зертханасы мәліметтері негізінде құрастырылған [4].

1-сызба.Құйрық майдың химиялық құрамы

Кесте 1.Зертханада зерттелген құйрық майдың химиялық құрамы. Зерттеу нәтижесін талдай келе құйрық майдың химиялық құрамындағы құрамдас бөліктеріне талдау жасадым.

Авитамині құйрық майдағы мөлшері 0,064. А витамині (ретинол, антиксерофталмалық ) А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.

Адамның және жануарлардың ағзаларында А витамині бірнеше қызмет атқарады: тері қабатында , тыныс алу жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы клеткалардың түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады.А витаминінің альдегид туындысы опсинбелогімен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді.Қорғаныш белоктар (антителалар) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.

Адам ағзасы тәулігіне орта есеппен 105 мг Авитаминін қажет етеді.Осы мөлшнрдің 1/3 ретинол ретінде алынса, 2/3 каротин арқылы алынады.Ал, бұл провитаминнің 1/Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызм3 ғана А витаминін алу үшін тамақта үш мг каротин болуы керек. Сонымен күнделікті тамағымызда шамамен 0,5 мг ретинол және 3-5 мг каротин болуы тиіс.

Өте суық немесе ыстық күндері А витаминін ағза көп қажет етеді. Ал бала емізетін әйелдер бұл көрсетілген мөлшерді шамамен екі есе артық қабылдайды.Ағзада ретинол жетіспесе адамның көз жанары нашарлайды (тауық көз болады,көзі іріңдейді және т.б. көз ауруларына шалдығады).Ағза ойдағыдай өсіп жетілмейді, терісі құрғап, қабыршақтанады,бөрітеді, шаштың түсуі оңып, түсе бастайды.Қазіргі уақытта мұндай клиникалық белгілер сирек кездескенімен, ағзада газ алмасуының көптеген прцестері нашарлайтыны байқалады.Осыған байланысты ағзаның ауруға төзімділігі әлсәрейді.Сондықтан тағамның құрамында әрдайым А витамині мен каротиннің болуы қажет екенін ұмытпау керек.Яғни сары немесе қызыл түсті өсімдіктер, балық, теңіз жануарлары, сүт,сары май, жұмыртқа, мал мен балық бауырынан жасалған тағамдар дастарханымыздан жиі орын алған жөн.Сөйтіп, адам мен жануалар ағзасы тек бос түріндегі А витамині ғана сіңіріп қоймай, сонымен бірге каротиндердің құрамына енетін А витаминін де сіңіре алады [5].

Зерттелініп отырған құйрық майдағы темірдің мөлшері-49 мг.Темір ағзаларда болады.Ересек адамның денесінде 4-5 г. темір болады, оның 65%-ы қанныі гемоглабинінде болады.Гемоглабин қанға қызыл түс беріп,тыныс алу мүшесінен оттегіне әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызмет етуіне, қан түзілу үдрісіне және ағзада зат алмасупроцессі жүру үшін ұажет. Темір атмосферлық азоттың фиксациясы кезінде және өсімдіктердегі фотосинтезде жүретін реакцияларға қатысады.Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына кері әсер етіп, қаназдық ауруына алып келеді.

Калийдің зеттелген құйрық майдағы мөлшері-1,1 мг, ал натрийдің мөлшері-1,0 мг.K және Na табиғи қосылыстарының тірі ағзалардың тіршілігі

үшін маңызы ерекше.Натрий хлориді адам тағамы мен жауар азығының қажетті компоненті болып табылады.Ағзада калий мен натрий иондары үнемі дерлік қарама-қарсы бағыттарда көптеген биохимиялық реакциядарға қатысады[6].

Құйрық майдың құрамында түрлі қосындылар мен элементтердің болу себебін анықтау үшін қойдың азығына баса назар аудардым.Жоғарыда айтып өткеніміздей қойдың негізгі азығы кәдімгі жусан, ермен, дермене, жоңышқа болып табылады.Малдың ағзасында болатын кез-келген элемент оның жейтін азығынан түзіледі.Қойдың негізгі азығы болып табылатын ермен мен дермене жусандарының емдік қасиеттеріне тоқталсақ.Қазақ емшілері ерменді өңірлерге жайылған ұсақ малдың сорпасы мен еті жеңіл аурулардың емі деп есептелген.Шындығында да , ерменге жайылған қойдың еті мен сорпасынан ерменнің иісі аңқып тұрады.Сонымен қатар, ерменді асқынған жараны емдеуде , іріңді жаралардың іріңін шығаратые, қанды тазартатын дәрі ретінде де қолданған.Оны сары ауруға, бауырдың, қуықтың, ішектің ауруларына қолданып, ұстамалы,созылмалы сырқаттарға да ұтымды пайдалана білген.

Қытайдың халық медицинасында буын ауруларына , сулы бөртнеге ерменді қолданған. Олар буын қабынып, сыздап ауырған кезде ащы ерменді қайнатып,жылыдай сумен ауырған жерді жуады.Бұл аталған сырқатқа 3-5 күн ішінде өз нәтижесін берген.Ғылыми зерттеуді жүзеге асыру барысында мен ерменге 10 г. қызылмия тамырын қосып, қайнатып, жылы күйінде бөртпеге жағып көрдім.2 күн өткен соң бөртпе жоғалып, оң нәтижелер берді.

Қазақ халқының емшілері де ежелде ерменді көбінесе асқазан ауруларына қолданған .Осы орайда оның асқазан асты безіне оңды ықпал жасайтынын білген.

Аталған шөптердің құрамы иен биологиялық ерекшелігін талдау мақсатында келесі кестені құрастырдым.

Өсімдік атауы Құрамы Биологиялық ерекшелігі
Жусан Қоректік заттар мол, эфир майы, каротин, аскорбин қышқылы, алкалойдтар бар Жемісі-тұқымша.Көп жылдық шөптесін өсімдік, қиын жұлынады.
Ермен Ащыермен глюкозиті,

Ұшқыш май, С дәрумені бар.

Сабағы тік өсетін, түсі қою-күлгін түсті.Тамырының жоғары жағы жуандау, қысқа, шашақ тамырлы.

Жапырақтары қысқа, бет жағы ашық –жасыл түсті, гүлдері ұсақ сары және қоңыр түсті.Себет гүлшоғыры шілде айынанқыркүйек айына дейін гүлдейді.

Дермене Антгельминитин сантонин, глюкозиттер, алколойдтар бар. Жаз,күз мезгілдерінде гүлдейді. Сабағы-төселмейді,тік орналасқан. Іш ауруларына қарсы қолданылатын сантонин дәрісі, медицинада,порфюмерияда қолданылатын эфир майы алынады.
Жоңышқа А, В, С Е витаминдері, ақуыз және амин қышқылы Жоңышқаныңкөмегімен жасалған дәрілік препараттар ішті жұмсартады, денені қуаттандырады, қанды көбейтеді,ісікті қайтарады.Іштегі жиналған керексіз заттарды айдап шығарады.
Ескерту.Тиісті әдебиеттерді қолдана отырып,автормен құрастырылған [6].

Кесте 3.Қойдың негізгі азығы болып табылатын өсімдіктердің биологиялық ерекшелігі мен құрамы.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, қойдың негізгі азығы болып табылатын өсімдіктердің барлығы дерлік медицинада қолданылып, емдік қасиетке ие болып табылады.Құйрықты қойдың ас қорыту жүйесін ғылыми әдебиеттермен зерделей отырып, азық арқылы келетін пайдалы, дәрілік элементтердің барлығы дерлік қойдың құйрық майына жиналатынына көзім жетті.

Қойдың құйрық майының химиялық құрамына талдау жасай келе құрамында көптеген адам ағзасна пайдалы элементтердің бар екені анықталды.Әрине, осындай пайдалы, емдік құрушылардың болуына жоғарыда айтылған қойдың негізгі азықтарының (ермен,дермене,жоңышқа) да үлесі басым.

Халық арасында құйрық май ежелден емдік қасиетімен танымал.Ертеде көшпелі халықтар алыс жолға шыққанда, қасындағы жас сәбилердің аузыа кішкене құйрық майды салып қояды екен.Оның себебі , құйрық май сәбидің қорғаныштық қызметін арттырып суық тию және т.б. аурулардан сақтайды екен.Сонымен қатар,құйрық майды суық тиген кезде адам денесіне ерітіп жағып емдеген.

адамның тыныс алу жолдары аурулары:бронхит, бронхо-пневмононияда

әр түрлі жағдайлардан адам

ағзасына суық тиген кезде;

шаштың түсуін тоқтатуда;

адам денесінің күйген жерлеріне жаққанға;

ас- қорыту жүйесін жақсартуға, қан аздықты (анемия) емдеуде;

қант диабеті ауруында;

бауыр дистрофиясын емдеуде;

2-сызба.Құйрық майды емдік препарат ретінде қолдануға болатын аурулар

Ескерту.Ғылыми еңбектер мәліметтерін қолдану арқылы автормен құрастырылды [7].

Ғылыми жұмыстың мақсатында құйрық май мен жалбыз өсімдігін қолданып, жаңа дәрілік препарат ойлап табу көздеоген болатын.Мақсатқа сай құйрық майдың құрамын, емдік қасиетін зерттеген соң оған жалбыз өсімдігін қосып дәрілік препарат жасау жүзеге асырылды.Құйрық майдың кеңінен қолданылмауының негізгі себебі-оның жағымсыз иісінің болуы.Иісті жоғалтып, жаңа қоспа алу үшін жалбыз өсімдігі таңдалды.

Жалбыз (Mentha) -ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік.Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған.Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында,арық бойында, шалғындықта, таулы аймақтарда өседі.Кең тараған түрі-дала Жалбызы.Оның биіктігі — 15-60 см.Сабағы тік,бұтақталған, жапырағының жиегі үшкір, қарама-қарсы орналасады.Тұқымы — көп түйірлі жаңғақша.Жалбыздың жапырағында ментол болады.Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі аптисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайданылады.Гүлінен ара бал жинайды.

Кермек жалбыз— маңызды дәрілік өсімдік.Оның жапырақтарында 3%-ға дейін, гүлшоғырында 6%-ға дейін эфир майы болады.Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады.Бас сақинасы,асқазан,тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын ем.Дәрілерге , парфюмерия бұйымдарына хош иіс беру үшін кеңінен қолданылады.

Жалбыз өсімдігінің дәрілік препарат ретінде қолданылуы:

  • адамды тыныштандыратын, ауырсынуды басатын,микробқа қарсы зат ретінде;
  • жүрек тарсылын, демікпені , жүректегі ауырсынуды басады,жүрек бұлшық еттерінің түйілуін жояды, қан қысымын төмендетеді;

  • тәбетті ашып, лоқсуды және іштің кебуін басады, ас қорытуды жақсартады;

  • холиститтерде, гопотиттерде өттің бөлінуін күшейтеді;

  • асқазан- ішек жұмысы бұзылғанда, іш өткенде, колиттер мен энтороколиттерде пайдаланылады;

  • сонымен бірге, әртүрлі нервоздарда, жүкті әйелдердегі токсикозда қолданылады.

Зерттеу жұмысына қолданылған әдебиеттерге шолу жасау.

1.Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Қожантаева Алматы «Атамұра» 2012 305-беттің «Қой шаруашылығы-мал шаруашылығының негізгі саласы »тақырыбынан қойдың шығу тарихын зерттеген ғалымдар қойдың қой тұқымдары туралы мәліметтер жинақталды. Р.Н.Нұрғалиев редакциялығымен жазылған Ол кім? Бұл не? төменгі сынып оқушыларына арналған энциклопедиямында 173-бетте «Қой» тақырыбымен берілген мәліметтерді пайдаланып, қой түрлерін анықтап, құйрықты қойдың ерекшелігіне тоқталдық. Қойдың қорегі туралы қоректену тәсілі туралы мәліметтер бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Х.А.Арыстанбеков, У.М.Ахмедсарин, Ж.М. Әбділдин. Қазақ Совет энциклопедиясы 4 томынан алынды. К.С.Сағатовтың 2008 жылы шыққан Биохимия оқулығынан майлар түрлері, майдың химиялық құрамын оқып, тапсырып ғылыми деректер жинақталды. Зерттеу нәтижелері ғылыми деректермен салыстырылып, кесте толтырылды, талдау жасалынды. www.google.kz-ға кіріп Wikipedia сайтына кіріп құйрық май туралы аз мәліметтер мен кескіндер алдық. Алматы «Тағамтану академиясының» мәліметтер көрсетілген кестедегі майдың құрамындағы дәрумендер және макроэлементтер мен микроэлементтерді ғылыми деректермен салыстырып талдадық.

Қорытынды

Ғылими жұмыстарды орындауда жұмыстың бастапқы мақсаты мен міндеті толығымен орындалды. Бастапқы кезеңде зерттеуге қажет ақпараттар, атап айтсақ қойдың азығы, құйрық май, оның қасиеті мен қолданылуы жайлы теориялық мәліметтер жиастырылды.Теориялық мәліметтерге сүйене отырып, қажетті зерттеу жұмыстары жүргізілді.Алматы қаласы «Тағамтану академиясымен» байланыс орнатылып, зертханада құйрық майдың химиялық құрамы, биологиялық ерекшеліктері зерттелінді.Құйрық майдың құрамындағы элементтерге, олардың қасиетіне талдау жасалынды.Құйрық майдың құрамында маңызды элементтердің болуы қойдың негңзгң азығының емдік шөптер болуымен түсіндіріледі.Олар:ермен, дермене, жоңышқа.Аталынған шөптердің де құрамы, биологиялық ерекшеліктері анықтарып, зерделенді.

Жұмыстың соңғы нәтижесі- «жалбыз қосылған құйрық май» дәрілік биопрепараты.Жалбыз өсімдігі бір жағынан дәрілік шөп ретінде болса, екінші жағынан құйрық майдың өзіне тән иісін жоятын хош иісті қоспа ретінде қолданылады.Ойлап тапқон биопрепаратты адам денесі суық тигенде, әр түрлі жарақат , күйген жерлерге сыртқы қолдануға ұсынылады.Әсіресе,жас сәбилердің денесіне жаққан тиімді.Препарат жас сәбидің қорғаныштық қызметін қатайтып, суық тиюден сақтайды.Сонымен қатар, дәрілік препаратты шаш түсу кезінде де қолдануға болады.

«Жалбыз қосылған құйрық май» дәрілік биопрепаратының артықшылықтары мен қолданылу аясын төменнен көруге болады.

Химиялық қоспасыз, табиғи шикізат

Түрлі жарақат Күйген жерге

кезінде пайдалануға жағуға

Суық тигенде Экологиялық таза

денеге жағуға өнім

Экономикалық жағынан тиімді, арзан шикізат

Дәрілік препарат медицинада кеңінен қолданылып, фармацевтикада шығарылуы болашақтың еншісінде.Құйрық майдың құрамын, емдік қасиетін дәлелдеп, ғылыми жұмыстың жалғасы ретінде басқа да дәрілікөсімдңктерге құйрық майды қасу ақылы дәрілер ойлап табуды алдыма мақсат қоямын.

Зерттеу жұмысын қорытындылай келе келесідей ұсыныстар білдіремін:

  1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауында «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» деген сөзіне сай қазіргі таіда адам денсаулығына аса мән беріліп отыр.Осы орайда мен ұсынған таза табиғи препаратты қолдану азаматтар денсаулығын сақтауда дұрыс шешім екеніне баса назар аударылды.

2.Мен құйрық майдың биохимиялық құрамын зерттей келе болашақта медицина саласында қолдануға тиімді биопрепаратты қолдануды, оны одан әрі формацевтикада өңдеп, қолданысқа енгізуді ұсынылды.

3.Құйрық майдың қоспасынан жасалған препарат басқа химиялық қоспалардан жасалған дәрілерге қарағанда зиянсыз, экологиялық, экономикалық жағынан тиімді, қолжетімді әрі денсаулық үшін таптырмас құрал екеніне көзім жетіп, оны денсаулық сақтауда жаппай қолдануды ұсынамын.

4.Құйрық майдың құрамында бауырды зақымдайтын холистериннің аз екенін ескеріп, оны тек сыртқы қолданысқа емес , сонымен қатар, ішке қолдануға да ұсынылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Қожантаева Алматы «Атамұра» 2012 153-154-118-119 б.

2.Р.Н. Нұрналиев, Ж.А.Адаев, С.Ә.Әбділдин.Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2-том Алматы: 1987,01,71-311-159-90-170 б.

  1. Р.Н. Нұрналиев,Адаев, М.Ә.Айтхожин, С.Әбдірахманов, Әлімбаев, Е.Е.Ерғожин,И.Хасенов,А.О. Ол кім бұл не ІІ том Алматы: 1986 173-б.

4.М.Қ.Қаратаев, Х.А.Арыстанбеков, У.М.Ахметсафин, Ж.М.Әбділдин, Қ.С.Әбділханов,М.Б.Бәйімбетов.Қазақ Совет энциклопедиясы Алматы 1976. 430-515-519 б.

5.К.С.Сағатов 2008.Биохимия.Оқулық. (2- басылым)—Алматы.«Білім» баспасы, 2007, «Білім» баспасы,2008 164-165-166-178-180 б.

6.Ә.Темірболатова,Н.Нұрмұхамбетов,Р.Жұмәділова,С.Әлімжанова

2- бас.-Алматы:Мектеп, 2011,11-сынып 217 б.

7.www.google.kz

8.Алматы қаласы «Тағамтану академиясының» мәліметтері.

9.«Республикалық ветеринарлық зертхана» шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Талдықорған өңірлік филиалының мәліметтері.

10.Мустанов Ф.Т. Халық денсаулығы мықты болса, мемлекеттің денсаулығы мықты болады, Қазақ үні газеті, 2012 жыл 27 қаңтар.

11.Хамитов Т.Д. Халық денсаулығы- стратегиялық мақсатқа қол жеткізу кепілі.Президент және заң газеті.2013 жыл 13 мамыр

Реклама

Добавить комментарий