Есімдіктердің түрленуін қайталау

Тараз қаласы Д. Карбышев атындағы № 16 орта мектебі

Джанабаева Дания Абсаматовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы Есімдіктердің түрленуін қайталау
Жалпы мақсаттар Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, есімдіктердің мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру.
Оқыту технологиялары Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;

талантты және дарынды балаларды оқыту;оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың типі Тарауды қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі Қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері Бірігіп жауап дайындау,сұрақ-жауап,семантикалық кесте,бағытталған сұрақ қою, автор орындығы ,түртіп алу жүйесі.
Сабаққа қажетті құралдар мен

көрнекіліктер

Құралдар:компьютер,интерактивті тақта,маркер, А 4 форматты қағаз т.б.
Көрнекіліктер:слайд көрсетілімдері ,мәтіндік тапсырмалар

кестесі

Сабақтың

түрі

Қайталау сабағы
Пәнаралық

байланыс

Қазақ әдебиеті
Сабақтың

барысы

Тапсырмалар

І.Ұйымдастыру

Қызығушылықты ояту

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек.

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек
І. Есімдіктер әлеміне саяхат (сабақтың құпиясын ашу мақсатында жеті аялдама тапсырмаларын қайталау,орындау)

аялдама“Мен, мен едім, мен едім”

аялдама“Анау аспан,мынау бақ”

аялдама“Біз кім?”

аялдама“Өзім туралы”

аялдама“Әсемпаз болма,әрнеге”

аялдама“Ешкім де ешқашан,ештеңе деұмытылмайды”

аялдама «Біріміз-бәріміз үшін, Бәріміз-біріміз үшін»

ІІ.Мағнаны ашу

І. Сен маған, мен саған

а)топтар бір-біріне мақал – мәтелдер жасырады)

ә)белгілі ақын өлеңдерінен мысалдар табу

б) әндерден есімдіктерді табу

ІІ.Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау

Электронды оқулықтан әр есімдіктің түрінің түрленуіне байланысты ұяшықтағы берілген тапсырмаларды орындау

ІІІ Ой толғаныс «Тәуелсіз Қазақстан –менің болашағым » эссе жазу

ІV.Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды

Мұғалімнің жазбалары

І.Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру. Оқушыларды шарлардың түстері арқылы жеті топқа бөлу . Өзін –өзі бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері

1. «Аялдама тапсырмалары» кезеңі – 10 ұпай

2. «Сен маған ,мен саған» кезеңінің әр тапсырмасына – 10 ұпай

3. «Электтронды оқулықтағы тапсырманы орындау» кезеңі –10 ұпай

4. «Тәуелсіз Қазақстан –менің болашағым »кезеңіндегі эссеге-10 ұпай

Бағалау шкаласы

«5» — 40 – 35 ұпай

«4» — 34 – 30 ұпай

«3» — 29 – 25 ұпай

«2» — 24 – 0 ұпай

І. Есімдіктер әлеміне саяхат (сабақтың құпиясын ашу мақсатында жеті аялдама тапсырмаларын қайталау,орындау)

аялдама“Мен, мен едім, мен едім” Жіктеу есімдіктерін ата.Жіктеу есімдіктері қандай сұрақтарға жауап береді?

аялдама“Анау – аспан,мынау – бақ” Қопарыла септелетін сілтеу есімдігін ата. Жаттығуды орында.

аялдама“Біз кім?” Сұрау есімдігі деген не? Нешінші сұрау есімдігін септе.

аялдама“Өзім туралы”Өздік есімдігі дегеніміз не ?Өздік есімдігі көбіне қай жалғау арқылы қолданылады?

аялдама“Әсемпаз болма,әрнеге” Белсіздік есімдігінің түрленуі. Біреу есімдігінің септе.

аялдама“Ешкім де ешқашан,ештеңе де ұмытылмайды”Берілген есімдіктерге еш сөзі мен әр сөзін қосылуын жаз .Түсіндір

аялдама «Біріміз-бәріміз үшін, Бәріміз-біріміз үшін» Берілген суреттерге қарап отырып,берілген сөздерден сөйлем құра

ІІ.Мағынаны ашу

І. Сен маған, мен саған

а)топтар бір-біріне мақал – мәтелдер жасырады)

ә)белгілі ақын өлеңдерінен мысалдар табу

Мысалы: Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым

Ұмтылатын биігім,сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

Біліп алған, япыр-ай,қайдан бәрін?!

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

Хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешім ататын барлық істе

Біздің үйде бас қазы — әкем менің.

б) әндерден есімдіктерді табу

Мысалы :1-топ Шәкәрімнің « Бұл ән»атты әнін орындау

2-топ Қ. Нұртастың орындауындағы «Ол -сен емес»

3-топ Қ.Мырза –Әлі «Қазақты таныстыру»

4-топ Қ.Мырза –Әлі «Өз елім менің»

ІІ.Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау

Электронды оқулықтан әр есімдіктің түрінің түрленуіне байланысты ұяшықтағы берілген тапсырмаларды орындау

ІІІ Ой толғаныс Әр топ берілген «Тәуелсіз Қазақстан –менің болашағым» атты тақырыпқа эссе жазады.

ІV.Бағалау Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды.

Өзіңді бағала.
Оқушылардың бағалау критериясына сай өзін –өзі бағалаған парақшаларындағы жиналған ұпайларына сай бағалау.Топ жетекшілері мен мұғалім қорытынды бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу.

Оқушылар бір – біріне деген ризашылықтарын төменнен жоғарыға қарай 3 рет шапалақтайды.Стикерлерге оқушылар өздерінің ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлерін жазып, сабақты бағалайды .

Үйге: «Менің досым» шағын шығарма жазу .

3 мин.

7 мин.

3мин

5мин

7мин

8мин

5 мин.

2 мин.

Реклама