25 — желтоқсан – психологтар күні

Бейнеу ауданының әкімдігінің

«Күйкен орта мектебі» КММ- нің

педагог-психологы

Тиленбаева Динара Жайлауқызы

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей

білу – үлкен өнер.»

З.Фрейд

Қоғам дамуы алға жылжыған сайын адамның ақыл-ойы, мінезі, қабілеті мен білімі, адамгершілік қасиеттері де дами түседі. Мектеп оқушыларының мінезін, ой-санасын, іс-әрекетін қоғамға сай тәрбиелеу мен психикалық денінің сау болуын қамтамасыз ету — күрделі де жауапты жұмыс.

Еліміздің болашағы жас ұрпақ десек, олардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін психология ғылымының, педагог-психолог маманының алатын орны ерекше. Жақсы психолог — рухы таза, ой- өрісі биік, уақытпен санаспай табандылық пен шыдамдылықтың үлгісін көрсететін , өз бойындағы асыл қасиеттер мен білімін басқаның бақыты мен кәдесіне жарата білетін, жаңашылдықтың бастаушысы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек,»- деп атап көрсетті.

Адам өмірінде психикалық денсаулық та физикалық денсаулық сияқты өте маңызды болып табылады. Психикалық денсаулық пен физикалық денсаулық өте тығыз байланыста. Ал психолог адам баласының бастан кешіретін сезімдерін ұғынуға және хал-жағдайды жақсы жаққа қарай өзгертуге көмектеседі.

Жас ұрпақтың тәрбиесінің қалыптасуы жанұядағы тәрбие негізінде іске асырылып, мектеп тәрбиесімен ұштасады. Егер балаға сенім артса, өзін сыйлауды және бағалауды үйренеді.

Егер бала шындықта өмір сүрсе, әділетті, шыншыл болады.

Егер бала қауіпсіз ортада өссе, адамдарға сеніммен қарайды.

Егер баланы ынталандырып отырса, ол өзіне және өз болашағына сенуді үйренеді.

Егер баланы мадақтаса, ол парасатты болып қалыптасады.

Егер бала сабырлы ортада өмір сүрсе, ол өзгелерді қабылдай алатын болады.

Егер балаға күлетін болса, ол тұйық болып қалады.

Егер бала қыспақта өмір сүрсе, өзін кінәлі санайды.

Егер балаға үнемі мысқылдайтын болса, ол жек көруді үйренеді.

Егер бала өшпенділікте өмір сүрсе, ашушаң әрі агрессияға жақын болады.

Егер бала түсіністік пен достықта өмір сүрсе, ол осы әлемнен махаббат таба білуді үйренеді.

Тұлға бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, шындық өмірде кездесетін қандай да болмасын жағдаяттардан шығудың жолын өзі іздеп тауып, алған білімін, білік — дағдысын нағыз қайнаған өмірмен тез ұштастырып кете алатын мүмкіндігі мол, өзіне сенімді жеке тұлғаның іргетасын қалау психолог жетістігі деп білемін.

25 желтоқсан – психологтар күні! Мереке қарсаңында барлық мектеп, колледж психологтарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті психологтар!!!

Бала жанының саулығы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз әрдайым жемісті болып, еңбектеріңіз жана берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке ұяласын!

Добавить комментарий