Жаңа сабақтар

Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білім негіздерін үйрету

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Емелтау ауылы
«Т.Көбдіков атындығы жалпы білім беретін орта
мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
кітапханашысы Ерубаева Сауле Аменовна

I cанатОқушылардың кітапханалық-библиографиялық білім негіздерін үйрету.
Мақсаты: Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білімдерін насихаттау. Сөздіктерді энциклопедияларды дұрыс пайдалануға үйрету, оларды алуан түрлерін көрсету, оқушылардың сөздіктерді пайдалану негізінде дағдыларымен шеберліктерін қалыптастыру.
Кітапханашы: Сендер жиі мынандай сөздерді естисіңдер: «кітапты мұқият оқы, зейін салып оқы, беттерін қалдырмай оқы, асықпай оқы». Ал онда сендер ортасынан бастап оқитын кітаптарды көз алдарыңа елестетіңдерші. Одан кейін ол кітаптарды басынан бастап оқуға болады, сосын соңынан қайтып келуге болады. Бұл қандай кітаптар екен? Дұрыс, бұл сөздіктер мен энциклопедиялар. Балалар бүгін сендер дәстүрлі емес, кітапханалық сабақ! Сондықтан біз бүгін өзгеше кітаптар туралы, ең ақылды кітаптар туралы айтамыз.
Бұл сөздіктер мен энциклопедиялар. Адамның бұрын-сонды болып өткен оқиғалар мен даталарды, цифрларды бәрін бірдей есіңде сақтауы мүмкін емес. Сондықтан да, бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегімен сүйену тура келеді. Бұл кітаптарды мағлұмат беру жағынан әрі кедей, әрі бай деп айтуға болады, өйткені онда артық ештеңе жоқ, ал қажетті нәрселер көп-ақ, олардың кейбіреулері өзен мен көл, тау мен теңіз қала атауларын айтып берсе, енді біреулері өсімдік немесе машина болып келеді.
Сөздік-мағынасын ашып, түсінігі берілетін, басқа тілге аударылып, әліпбилік ретімен берілген сөздер жиынтығы. Сөздер сөздіктерде алфабит тәртібімен, ад энциклопедияларда жекеленген тақырыптар бойынша беріледі. Сөздік пен энциклопедиялармен жұмыс жасағанда ең бірінші белгісін айтамыз. Балалар орнынан тұрып әр сөздіктің белгісін айтады. Ал олай болса сөздіктер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Сөздіктер, энциклопедиялар түрлері.
Орфографиялық сөздік
Орфоэпиялық сздік
Түсіндірмелі сөздік
Диалектологиялық сөздік
Антоним сөздігі
Синоним сөздігі
Ононим сөздігі
Тапсырма № 1.
Бір күні әдебиетшілер компаниясы бір дәмханаға келеді. Жазушы ас мәзірін байқап тапсырысты былай берді. «6 үлес орфографиялық қате». Ас мәзірінің тізіміндн көп қате жіберілген екен, сондықтан да осындай қиын жағдайға түспеу үшін сауатты жазыңыздар. Ал сауатты жазу үшін қандай сөздікті пайдаланамыз? Дұрыс-орфографиялық сөздік.
Сөздік!
Теңдесіз ақылды
Ашады, түсіндіреді, көмектеседі.
Сөзіктер- ұлттық тілдің байлығы
Ал енді энциклопедиялар әлеміне шығамыз.
Балалар егерде сендер табиғатта болып жатқан құбылыстарды, ғалымдар мен тарихи кезеңдер туралы білгілерің келсе, онда сендерге энциклопедиялар көмекке келеді.
Энциклопедия- Греку сөзі, білім, анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым.
Энциклопедияларды қолдану ережесі: Энциклопедияларда сөздер әліпби бойынша орналасқан және кітаптың әр бетінде, үстінде кілтті сөзді оқимыз, сөз кітаптың түбіршегінде де көрсетілген. Бұл дегеніміз іздеу уақытымызды азайтады, өйткені біз керекті томды аламыз.
Сұрақ-жауап энциклопедиясы-8 бөлімнен тұрады. Әлем, жер планетасы, дүние жүзі тарихы, табиғат әлемі, адам денесі, ғылым және техника, әлесге саяхат, мәдение және спорт.
Абай энциклопедиясы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған.
Қазақстанның табиғаты- еліміздің бай табиғаты, оның ішінде таулары, қыраттары, жазықтары, өзен-көлдері, орман-тоғайлары, жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі т.б. энциклопедиялық жүйемен әліпби бойынша берілген.
Энциклопедиялар мен сөздіктердің айырмашылығы неде? Сөздіктер сөздің мағынасн ашып берсе, энциклопедия дегеніміз заттарды, құбылыстарды суреттейді. Мысалы: жылқы туралы мәліметті энциклопедиядан аламыз, оның тұқымын, адам қалай қолға үйреткенін, адамдарға қандай пайдасын тигізетінін де энциклопедиядан аламыз, бірақ та ат пен жылқының айырмашылығы қандай екенін энциклопедиядан таба алмаймыз, Ал сендер қалай ойлайсыңдар қайдан көруге болады? /Дұрыс, сөздіктен/.
Келесі кезек энциклопедиялар әлеміне ой сергіту: «Бәрін білгім келеді.»
Жақсы, балалар біздің сөздіктер әлеміне саяхатымыз аяқталуға жақын, сөздіктер мен энциклопедиялар қоры сан ұрпақтың қатысуымен жинақталған. Бұл кітаптар біздің уақытымыз бен күш-жігерімізді үнемдеп сақтайды жұмыста қате жібермеуімізге көмектеседі. Сондықтан, өздерің білгілерің келсе сөзді іздеуден, сұраудан ешқашан да жалықпаңдар.

Оқушыларды кітапханалық-библиографиялық білім негіздеріне үйрету.doc

Реклама

Добавить комментарий