Тақырыбы: “Орманға саяхат”

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі

ұйымының тәрбиешісі Баширова Лаура Қуанышовна

Тақырыбы: “Орманға саяхат”

Мақсаты: білімдерін пысықтау

Білімділік: балалардың сандар,пішіндер,сәйкестік туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Назар аударуын ,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Шығармашылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы: Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші: Балалар ,бір біріміздің қолдарымыздан ұстап,бүгінгі күніміз сәтті өту үшін тілектер айтайық.

Тілектер тізбегі балалар жүрекше арқылы тілектерін айтады.

Сұрақ жауап:

Балалар жылдың қай мезгілі.

Көктем мезгілінде неше ай бар

Қазір көктемнің қай айы

Ауа райы қандай болады

Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз.

Тәрбиеші: Саяхатқа немен барамыз.

Көлік қайда жүреді

Жолдар қандай болады

Жол тәртібін реттеп тұратын не

Ойын: “Бағдаршам”

Ал,енді көлікке отырайық.

Балалар: Сәт сапар

Орманғада келдік.

Ойын : “Гүл теру”. Балалар терген гүлдерін санайды.

Көлден “Балық аулау”. Балалар балықтарын санайды

Балалар “Орман дүкеніне” кездеседі. Ойынның шарты: балалар диалог арқылы сатып алатын нәрсесін жасырады. Ойыншықтарын сипаттайды.

Ойын: Математикалық аукцион. Балалар затпен санды сәйкестендіреді.

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші :Балалар мына жерде аялдама бар сияқты,отырып тынығып алайық.

Балалар: мына жерде қорап жатыр.

Сиқырлы сөз айтып, қорапты ашып ,тапсырмаларды орындайды.

Сандарды тура және кері санау

Қандай пішіндерді білеміз

Математикалық жұмбақтар

Санамақ айтып бер

Саяхатты жалғастырады. Балалар үлкен қақпаға кездеседі. Қақпа есігін қалай ашарын білмей тұрғанда қонаққа арыстан келеді.

Арыстан: сәлеметсіздерме достарым, қандай мәселені шеше алмай жатсыңдар.

Балалар: Сәлеметсіз бе,аң патшасы. Біз қақпа есігін аша алмай жатырмыз.

Арыстан: Мына геометриялық пішіндер арқылы кілт жасауға болады. Сендер жасай аласыздар ма

Балалар: Әрине,жасай аламыз.

Сергіту сәті:

Ойын: Кілт құрастыру

Есікті ашылып, “білім Ханшасы” шығады.

Балалар ,сендер өте ақылды,білімді екенсіңдер. Мені ұйқыдан оятқандарыңа рахмет. Менің де сендерге арнаған силығым бар. Қабыл алыңыздар.

Менің көңіл күйім”. Балалар ризашылықтарын қарақұмық арқылы білдіреді. Смайликтер жасайды. Ханшамен қоштасып, көліктеріне отырып бақшаға қайтады.

Қорытындылау:

Тәрбиеші:Балалар, сендерге саяхат ұнады ма,

Балалар :Иә

Саяхатта нестедік

Балалар :Гүл тердік,балық ауладық. Сандарды есімізге түсірдік. Өз меңгергендерін ортаға салады.

Мадақтау : балаларға жұлдызша таратылып беріледі.

Реклама