Жаңа сабақтар

Түлкі аппликациясын жасау

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Үсенова Гүлзира

Тақырыбы: Түлкі аппликациясын жасау.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Аппликацияның түрлерімен және фигуралардың сан алуандығы мен таныстыру.
  2. Дамытушылығы: Оқушыларды қол еңбегімен қатар ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін арттыру.
  3. Тәрбиелеу: Адалдыққа, әсемдік пен әдемілікке еңбекқорлыққа, шебірлікке тәрбилеу.

ТҮЛКІ АППЛИКАЦИЯСЫН ЖАСАУ.docx

Реклама
Жаңа сабақтар

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Сам орта мектебінің биология пәні мұғалімі:

Лесерова Меруерт Сәдірқызы

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…

Ұстаз -ұлы тұлға. Өз шәкіртінің болашағы үшін қандай майданда болсын қайнауға әрқашан дайын тұратын батырлар. Елбасының сындарлы саясаты бойынша біздер, ұстаздар қауымы осы ғылым мен техниканың қарыштап дамыған дәуірінде көштен бір елі де қалмауға міндеттіміз. Себебі, біздің мойнымызға артылған жүк өте ауыр ол- ертеңгі желең жас, болашақтарымыз. Осы орайда ауданымыздағы Бейнеу орта мектебінде өтіп жатырған ағылшын курсын атап өтпекпін. Курс ауданымыздың беделді ағылшын тілінің мұғалімі Искендирова Санияның тренерлігімен өте жоғары деңгейде өтуде. Курс Macmillan баспасының Straightforward кітаптары арқылы жүргізілуде және осы курсты оқу барысында жалпыеуропалық білім стандартына сәйкес А1 және А2 деңгейлерін игереді. Курстың 240 сағаты жалпы ағылшын тілін игеруге және 60 сағаты «Физика», «Биология», «Химия» және «Информатика» пәндерін ағылшынша игеруге жұмсалады. Интенсивті оқудан бөлек студенттер www.straightforward-online.com сайты арқылы онлайн тапсырма орындап, өз білімдерінің пайыздық көрсеткішін біліп отырады. Әр юнит бойынша тест қорытындысы MOODLE платформасына құйылып, Назарбаев Университеті тарапынан бақыланып, реттеліп отырады.Жалпы курс бойынша алған білімдерін 2017 жылдың 17 қарашасында қорытынды тест тапсыру арқылы қорытындылайтын болады. Продолжить чтение «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…»

Жаңа сабақтар

Тренинг «Достық»

Атырау қаласы

43 «Арман» балабақшасы
психолог маманы

Кош магамбетова К.

Тренинг «Достық»

Мақсаты: Достық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, адал дос болуға, қоршаған ортамен дос болуға үйрету, қарым-қатынас өрісін дамыту.

Міндеті: Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік бере лтырып, өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту, бірін-бірі сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру:

Амансыңдар ма балалар!

-Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын!

-Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!

(Балалар амандасады, хормен)

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз. Продолжить чтение «Тренинг «Достық»»

Жаңа сабақтар

Балабақшаға барғым келеді…

Халенова Арайлым Канатовна

Орал қаласының №45 «Нұрсәт» бөбекжайы МКҚК-ң

ІІ санатты тәрбиешісі.

«Ана мен бала» ток шоуы

Тақырыбы: «Балабақшаға барғым келеді…»

Өткен уақыты: 28.09.17ж

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру. Бала тәрбиесінде топ тәрбиешілерімен, мамандармен ата-ананың байланысын нығайту, ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту. Бала тәрбиесіндегі кедергілерді, қандай да бір қиындықтарды анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру.

Күтілетін нәтиже: Ана мен ұстаздардың тәрбие берудегі қиындықтарын бірлесе талқылап, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге ұмтылады Продолжить чтение «Балабақшаға барғым келеді…»

Жаңа сабақтар

MS ЕХСELэлектрондық кестесі көмегімен жиіліктер п олигонын, гистограммасын салу

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімдері

Есентаева Гульнар Кобландиновна, Елешова Газиза Едиловна

MS ЕХСELэлектрондық кестесі көмегімен жиіліктер полигонын, гистограммасын салу

Функционалдық сауаттылық адамның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, өмір бойы білім алуына ықпал етеді. Математика пәні арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, алған білімін өмірде еркін қолдана алуын көздейді. Сонымен қатар заман талабына сай оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты пайдалана білуі қажет. Сондықтан «Статистикалық мәліметтерді кестелік бағдарламада өңдеу» тақырыбында әдістемелік әзірлеме ұсынып отырмыз. Ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме 7-8 сыныптар үшін математика пәні бойынша Кіріктірілген оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнінде АҚТ жабдықтарды пайдалануға мысалдар қарастырылған. [miore]

Статистикалық есептерді шығаруда Excel құрал саймандарын пайдалануды қарастырамыз.

Мысал. 8 сынып оқушыларының ішкі жиынтық бағалау нәтижесінде төмендегідей ұпайларды жинады:

15 22 23 15 15 28 29 29 18 17 16 19
19 30 23 26 27 16 14 17 13 25 30 18
10 13 28 14 22 27 12 23 28 23 26 19
30 16 21 13 21 25 16 14 23 23 28 12
21 17 23 12 24 24 11 13 21 26 24 19
25 28 24 22 28 20 18 13 13 30 29 18
27 27 28 23 11 21 17 22 24 29 22 28
28 28 21 10 30 23 18 20 19 25 13 20

Сандық характеристикаларын есептеңіз:

  • Модасын
  • Медианасын
  • Қатардың ауытқуын
  • Жиіліктер полигонын тұрғызу керек
  • Гистограмма салу
  • Кумулята тұрғызу

Жұмыс барысы

1. EXCEL ұяшықтарына берілген мәліметтерді енгіземіз.

2. Сандық характеристикаларын есептеу үшін EXCEL ұяшығында ВСТАВКА–ФУНКЦИЯ- СТАТИСТИЧЕСКИЕ-МОДА ОДН. командасын таңдаймыз.

Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:

ОК пернесін басып, Мода =28(ұпай) алған оқушылар саны көп.

Сол сияқты жолды пайдаланып медиананы есептейміз.

ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – МЕДИАНА.

Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:

ОК пернесін басып, Медиана =22 (ұпай) оқушылардың орташа ұпайы.

Қатардың ауытқуы – ең үлкен және ең кіші мәнінің айырымы. Максималды мәнді табу үшін: ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – МАКС қадамын таңдаймыз.

Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:

ОК пернесін басып, Максимал =30 (ұпай) оқушылар жинаған ең максимал ұпай.

Ең кіші мәнді табу үшін: ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – МИН.

Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:

ОК пернесін басып, Минимал мәні =10 (ұпай) оқушылардың жинаған минимал ұпай сан.

30 – 10 = 20 (ұпай) ең жоғары ұпай мен ең төмен ұпайлардың айырмасы.

Диаграмма, полигон және кумулята қисығы мен гистограмманы салу үшін төмендегідей кездейсоқ шамалардың жиіліктер кестесін саламыз. Біз ең жоғары және ең төмен ұпайды анықтадық. xi кездейсоқ шамасының мәні 10 мен 30 ұпай аралығында 1 қадаммен өзгеретіндей жиіліктер кестесін құрамыз.

10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30

Әрбір мән үшін жиілікті мынадай командамен табамыз:

ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – СЧЕТЕСЛИ.

Диапазон терезесіне курсорды қойып, кестені белгілеп аламыз, ал Критерий терезесіне 10 санын қоямыз.

ОК пернесін басып, 2 мәнін аламыз, 10 ұпай алған оқушылардың саны (жиілігі) =2. Сәйкесінше, кестені толтырамыз.

10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
2 2 3 7 3 3 4 4 5 5 3 6 5 9 5 4 3 4 10 4 5

Кестенің дұрыстығын тексеру үшін таңдаманың көлемін есептейміз, жиіліктердің қосындысын табамыз ( ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – МАТЕМАТИКАЛЫҚ — СУММА ). Оқушылардың қосындысы 96 болу керек.

Жиіліктер полигонын құру үшін кестені белгілеп – ВСТАВКА-ДИАГРАММА- ТОЧЕЧНАЯ (точечная с прямыми отрезками и маркерами) командаларын орындау арқылы келесі графикті аламыз.

Гистограмма құру үшін ВСАВКА-ДИАГРАММЫ-ГИСТОГРАММА

Қолданылған әдебиеттер.

1. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі

2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» Ұлттық

жоспар

2. Корчевский В.Е. «Формирование графической культуры учащихся на

уроках математики в контексте функциональной грамотности» ,

Математика Қазақстан мектебінде №1,3

Жаңа сабақтар

Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі

Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының

музыка пәнінің мұғалімі Дуйсенгалиева Cания Зиноллаевна

Сабақтың тақырыбы : Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі .

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Күйші Ә.Қонысбековтың Наурыз күйін оқушыларға үйрете отырып , ұлттық өнердің құндылығын насихаттау.

Дамытушылығы : Жас тұлғаның ойнау шеберлігін арттырып , есте сақтау және сауаттылығын жетілдіру .

Тәрбиелік : Күй арқылы шәкірттің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін және патриоттық рухын көтеру.

Сабақтың типі : аралас

Әдісі : Көрнекілігі : Ә.Қонысбековтың портреті , кітабы «Ғұмыр перзент» нотасы , аспап слайд , интератифті тақта.

Сабатың барысы : Ә.Қонысбековтың өмір баянына тоқталу . Күйдің шығу тарихымен таныстыру Продолжить чтение «Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі»

Жаңа сабақтар

Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі

Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының

музыка пәнінің мұғалімі Дуйсенгалиева Cания Зиноллаевна

Сабақтың тақырыбы : Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі .

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Күйші Ә.Қонысбековтың Наурыз күйін оқушыларға үйрете отырып , ұлттық өнердің құндылығын насихаттау.

Дамытушылығы : Жас тұлғаның ойнау шеберлігін арттырып , есте сақтау және сауаттылығын жетілдіру .

Тәрбиелік : Күй арқылы шәкірттің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін және патриоттық рухын көтеру.

Сабақтың типі : аралас

Әдісі : Көрнекілігі : Ә.Қонысбековтың портреті , кітабы «Ғұмыр перзент» нотасы , аспап слайд , интератифті тақта.

Сабатың барысы : Ә.Қонысбековтың өмір баянына тоқталу . Күйдің шығу тарихымен таныстыру

Мұғалім: Қазақ күй мәдениетін дамытуға өз үлесін қосқан Өзбекстан Республикасының Әндіжан облысының тумасы Қонысбеков Әлімбек Тұрсынбекұлы қасиетті Созақ өңірінде діни медресседен білім алған адам . Кешегі кеңес дәуіріндегі Голощикин үстемдік құрған тұстағы зомбылықтың тұсында әкесі қуғын көріп , отыз жылдай уақыт Қырғыстан , Өзбекстан , Тажікстанды паналауға мәжбір болды . Әкесі Қонысбек Ұлы Отан соғысында екі мәрте ауыр жараланып , көрсеткен ерлігі үшін ІІІ- дәрежелі «Даңқ» орденімен , бірнеше ерлік медалдарымен марапатталған.Әлекең П.И.Чайковский атындағы консерваторияны бітірген . Әлімбек Қонысбеков кезінде Асанәлі Әшімов , Раймбек Сейтметов білім алған Ы.Алтынсарин мектебінің түлегі . Отбасылық « Қонысбековтер ансамблінің» көркемдік жетекшісі ретіндде де танымал болған. Сонымен қатар Кентау қаласындағы №1 балалар саз мектебінде халық аспаптар бөлімінің жетекшісі болды. Содан кейін облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды . Бүкілодақтық ІІ-ші және ІІІ – ші халық шығармашылығы фестивальінің лауреаты атанды. Жоғары дәрежелі ұстаз , Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі атағына ие болған және кезінде кеншілер мәдениет сарайының халық аспаптар оркестірінің ұйымдастырушысы болған. Продолжить чтение «Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі»

Жаңа сабақтар

Бастауыш класс оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру әдісі

Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының

бастауыш класс мұғалімі Наванова Замзагүл Тортайқызы

Бастауыш класс оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру әдісі

Білім берудің шынайы мақсаты- адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпы адамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.Балалардың өмірден өз орнын таба білу үшін бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудіңқажеттілігі арта түсуде.

Өзін бағалау ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді.Өзіндік бағалау тұлғаның өзіне ғана тән жеке құндылығы. Яғни өзіндік бағалау дегеніміз адамның өзін-өзі құрметтеу сезімінің дамуы, жеке құндылығын сезу.Өзін-өзі бағалау ойлауға, еске сақтауға, мінез-құлықтың қалыптасуына , өзге білік пен дағдылардың жетілуіне ықпал етеді. Ол адамның қажетіліктері мен өзіндік санасына, кәсіптік тұрғыда өзін-өзі айқындауына, тәрбие үрдісі мен мақсатарына, оның нәтижелеріне, әлеуметтік және эмоционалдық жағдайында, адамның өз-өзіне және өзге жандарға қатынасына әсер етеді. Өзіндік бағалау өз әрекетін бағалауда маңызды роль атқарады, онсыз өмірде өзін анықтау мүмкін емес. Нақты бағалау адамға рухани қанағат пен адамгершілік қасиеттеріне қолдау көрсетеді.

«Мен-тұжырымдамасы» педагогикалық сөздікке 70-ші жылдары енгізілді. Продолжить чтение «Бастауыш класс оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру әдісі»

Жаңа сабақтар

Ақжарылқап бетбұрыс алдындамыз

Батыс Қазақстан облысы ,

Ақжайық ауданы,

Жаңабұлақ ауылы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Утешкалиева Жайнагүл Орынбасарқызы

Ақжарылқап бетбұрыс алдындамыз

Ақордада латын әліпбиіне көшудің жай-жапсары егжей-тегжейлі айтылып, тіліміздің жарқын, өміршең қадамы жайында байыпты сөз болып жатқанына құлақ түріп отырмыз. Президентіміздің өзі әр әріптің, әр дыбыстың тағдырын ойлап, жіті назар аударып, бақылап отырғанына жұртымыз куә.

Бұл тілдің қасиеті мен кепиетіне тазғым деген сөз.

Латын әліпбиіне көшу – Қазақстанның әлемдік кеңістікке, әсіресе ақпараттық кеңістікке, бәсекелестік ортаға кіруге жасаған қадамы, «цифрлы дәуір» талаптарынан туындап отырған тағдыршешті мәселе. Демек, біз ақжарылқап бетбұрыс алдындамыз.

Жаңа сабақтар

Литературный вечер по русской литературе «Здрас твуй, Пушкин!»

Учитель русского языка и литературы СШ имени К,Кайдосова Жангельдинского района Костанайской области Тайжанова Г,А,

Литературный вечер по русской литературе «Здраствуй, Пушкин!»

(На сцену выходят три девушки в черной юбке и в белой кофте)

І ведущая: Старинные часы в кабинете последней квартиры Пушкина показывали 2 часа 45 минут. В эти минуты 10 февраля 1837 года остановилось сердце поэта. Здесь он жил,радовался,страдал,творил,любил…умирал…

Умирал тяжело и мучительно,окруженный близкими друзьями и книгами,с которыми попращался перед смертью.

ІІ ведущая: И забываю мир-и в сладкой тишине

Я сладко упоен моим воображением

И пробуждается поэзия во мне

Душа стесняется лирическим волнением

Трепещет и звучит , и ищет,как во сне

Излиться наконец свободным проявлением-

И тут ко мне идет незримый рой гостей,

Знакомцы давние,плоды мечты моей

И мысли в голове волнуются в отваге

И рифмы легкие навстречу им бегут

И пальцы просятся к перу,перо к бумаге

Минута — и стихи своюодно потекут.

Литературный вечер по русской литературе.docx

Жаңа сабақтар

С.Кубеев и И.А.Крылов

Учитель русского языка и литературы СШ имени К,Кайдосова Жангельдинского района Костанайской области Тайжанова Г,А,

Тема внеклассного урока: С.Кубеев и И.А.Крылов

Цель урока: Повторить и закрепить пройденный материал по басням Крылова,по переводам басен на казахский язык С.Кубеевым.Воспитывать любовь к труду, быть честным,щедрым, чувство дружбы.

Тип урока: Урок-повторение

Вид урока: Интегрированный урок-блок.

Метод: вопросно-ответный,анализ,искание,доказательства

Форма обучения: коллективная

Тема внеклассного урока.docx

Жаңа сабақтар

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сай ысқа

Қызылорда облысы Арал ауданы

262 мектеп-гимназия 6 «а» сынып

оқушысы Нұртайұлы Нұрқұт

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа

Есірткіге құмартпа

Көкірегіңе иман сеуіп Тәңір сені жаратты,

Адам ата Хауа анадан пенде қылып таратты.

Жер-мекенің, табиғатың -қорегің,

Хайуаннан артық етіп саналыға санапты.

Адамзат деп айдар тағып ат берген,

Ібілістен биігірек, төрден орын тақ берген. Продолжить чтение «Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сай ысқа»

Жаңа сабақтар

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сай ысқа

Қызылорда облысы Арал ауданы

№262 мектеп-гимназия 6 «а» сынып

оқушысы Жеңіс Нұрайым

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа

Нашақорлық – жат қылық

Өміріңді мәнді өткіз бос қылма

Арақпенен темекіні дос қылма

Нашақорлық үлгі етсең істерін

Адам емес, болғаның ол бос тұлға Продолжить чтение «Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сай ысқа»