Эссе жазудың тиімді тәсілдері

Posted by

Қостанай облысы Арқалық қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Әлиасқарова Мейрамкүл Қуанышбекқызы

Эссе жазудың тиімді тәсілдері.

Биылғы білім алушылар қорытынды аттестаттауда қазақ тілі мен әдебиетінен эссе түрінде жазбаша емтихан жұмысын жазады. Мектеп бітіруші ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған бес тақырыптың бірін таңдайды. Тақырыптардың екеуі-әдеби эссе, үшеуі еркін тақырыпта болады.

Қазіргі таңда, мектеп бітіруші де, ұстаздар да эссенің жазылу талаптарын, кезеңдерін, құрылымын сараптауда. Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр.

Эссе дегеніміз – кішкене көлемдегі, бір нәрсенің әсерінен еркін композициялық, публицистикалық шығарма, ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шығарма болып табылады.

Статья Эссе жазудың тиімді тәсілдері.docx

Добавить комментарий