Асқабақ

Posted by

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы

Маншүк Маметова атындағы №6 жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Бекботаева Жайна

Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні — құрамында өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам ағзасына қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майлары мол. Мысалы, картоп —крахмалға, ал қызылша — қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — ағзада А витамині түзілетін — каротин (А провитамині көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек.

асқабақ ғылыми жоба.doc

Добавить комментарий