Опубликовано

Серпін студентімен кездесу

12 қаңтар 2017 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, 3-Интернационал ауылы № 108 орта мектепте «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасының маңызы және оқу барысындағы жағдайы туралы пікірлесу болып өтті. Кездесуде Қызылорда өңірінің «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасы студенті Есенжол Қызжібек мектеп оқушыларына Серпін бағдарламасы туралы айтып, оқу барысындағы жетістіктерімен бөлісті. Мектеп оқушылары Серпін бағдарламасына қызығушылық білдіріп, өз сұрақтарына жауап алды.

Есенжол Қызжібек «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасы бойынша Шучинск қаласы жоғарғы колледжінде «Инженер энергетик» мамандығында оқып білім алуда.
Кездесуді ұйымдастырып қолдау білдіруші Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, 3-Интернационал ауылы № 108 орта мектеп директоры Доскеев Бекболат Мұстафаұлына алғыс білдіреміз.

Добавить комментарий