Физика пәнінен есептер шығаруда оқушылардың шығ армашылық іс-әрекетін дамыту

Алматы облысы Алакөл ауданы

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемелекеттік мекемесінің

жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Нусупова Гульнар Касымбаевна

Физика – оқушының ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі ғылымдардың бірі. Бұл пән оқушылар интелектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамытуға табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Түрлі деңгейде есептерді шығарып, оны талдау арқылы оқушының ойлау қабілеті дамып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиеленеді. Себебі сапалы да саналы білім алған оқушы ұлт болашағы.

Сабақтың тақырыбы:Физика пәнінен есептер шығаруда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

1) Өтілген материалдар бойынша алған теориялық білімдерін практикалық біліммен ұштастару.

2) Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

3) Оқушының танымдық ізденімпаздылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту.

*Барлық оқушылар шығармашылық есептер шығаруды меңгереді.

*Оқушылардың басым бөлігі есеп шығару дағдылары қалыптасады.

*Кейбір оқушылар есеп шығаруға қызығушылықтары артады.

Г.К.Нусупова Физика пәнінің мұғалімі.doc

Добавить комментарий