Әдістеме. «Моншақ сұрақ сабағы»

Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр 1 санат

1459394736Тарихы: Шуға базарға барып аралап жүргенде көзіме моншақ сатушысы түсті. Сөйтіп тесігі үлкен үш қорап түрлі түсті моншақты сатып алдым, жібек жіптің бір бумасымен қоса. Сөйтіп бүтін бір тарауға қайталау сабағын берудің жаңа үлгісін ойлап таптым.

Әдістеме. «Моншақ сұрақ сабағы» Читать далее

Семинар қалай өткізіледі немесе Қостанай облысы, Таран ауданында өткізілген семинар туралы Редактор пікірі

Әлеуметтік желілердегі белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік, жазған пікірлер мен топ (басшыларының) редакторлық жауапкершілігі туралы барлығы біледі деп айтсам қателеспеймін. БАҚ туралы заң бойынша да әлеуметтік желідегі жазба, пікірлер жауапкершілігі артты. Әлеуметтік желілер БАҚ теңестірілді.

Негізі, көпшілік білетін осы жауапкершілік туралы неге жазды деп ойласаңыздар жауабын төмендегі мақаламда жариялайын. Мақала «Редактор пікірі» деп аталады. Читать далее

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛ ЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Атырау қаласы №26 Сырым Датов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Изтелеуова Майгул Богдановна

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды

Майгул И шығармаш слайд.pptx
Майгул И шыгармаш.docx

Шаршы (квадрат)

Күні: 30.11.16 Сынып: 2 «Г» Мұғалімі Изтелеуова М.

Сабақтың тақырыбы: Шаршы (квадрат)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.

Дамытушылығы: ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа ,бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: геометриялық фигураларды еске түсіре отырып, шаршы жайлы түсінеді, есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға үйренеді, ой-өрісі, есте сақтау қабілеттері дамиды, тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың типі: ойын сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграмма

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Жұмыс формасы: топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.

Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.

матем 30 қараша —.pptx
30матем (1).docx

Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы

БҚО,Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы

Е.Ш.Орақбаев атындағы

жалпы орта білім беретін мектептің

тарих пәні мұғалімі

Рысқалиева Жангүлім Қанатқалиқызы

Тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының негізінің қалануы тарихымен, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру, оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру — тайпалардың қоғамдық — саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман — тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Қазақ хандығының тарихтағы орнын, зерттелуі туралы оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.

Біртұтас қазақ мемлекеттігінің құрылуы.docx