Жаңа сабақтар

Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?

Тараз қаласы №10 орта мектебі

Сауытбекова Ж

Бұл тақырыпта ой толғанбастан бұрын «өз еліңді шын сүйесің бе? Отан деген ұғымды қастерлей білесің бе?» деген сұрақтарды өз-өзіме қойып, ұзақ ойландым. Отаным ол менің-Қазақстаным . Ал, осы Қазақстанға жету үшін ата-бабамның қанша қаны төгілгені есіме келсе жүрегім қақ айырылғандай болады. Отан жолында еткен еңбегі, төккен көз жасы, ата-бабамның «Отаным» деп соққан жүрегі – осылардың барлығы қазағымның арының тазалығы, кемеңгер ақыл- ойының тереңдігінің дәлелі. Бабамыздың өз елінің өркендеуі өшін атқарған еңбегі таудай. Желтоқсан құрбандары ұлтазаттық көтеріліске қатысушылар, басшылар, міне осылардың барлығы қазақ елінің жанашыр ұлт-азаматтары көп болғандығының сөзсіз дәлелі емес пе?

Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен жеңістері, өзін емес, ұлтын ойлап, жауға қарсы шығып , қөкірегін оққа тосқан батырларымыз бір төбе. Патриоттық өлеңдерімен жүректі тебіренткен ақындарымыздың еңбегін атамасқа болмас.Қазіргі таңда патриот ұл-қыздарымыз көп , бірақ әрқайсысы алдына мақсат қоя білу керек. Жастардың таным түсінігі бойынша жақсы оқып, нағыз патриот атанамын деп ойлайды. Осы заманда барлық жағдай жасалған. Бірақ мұны түсіну көбінің санасына кіріп те шықпайды. Осы тақырыпты жақсы ашып оқыған адамға ой саларлықтай мағыналы етіп жазу міндетімнің бірі. Жақсы оқу ол – міндет. Ал өз еліңнің гүлденуі үшін мен не істеуім керек? Алдымен жақсы оқып қана қоймай достарымның ынтасын оятып, білімге деген құштарлығын артуына көмек көрсетіп, жығылғанда қолтығынан демеп, қолдау көрсетуім керек. Осылай істесек білім сапасын жоғарылатып қана қоймай, жас екенімізге қарамастан өз Отанымыздың патриотының көбеюіне қол ұшын созғанымыз болар еді. Басқаларға үлгі болар едік, ал осылай жарқырап, жайнап жүрсек ата-анамаздың ғана емес қазақ елінің мерейін үстем қылып, абыройын асқақтатар едік. Басқаларға шуағыңды шашып, өз еліңнің өркендеуіне үлес қосу өзіңді ғана бақытқа бөлеп қоймайды, басқаларға шат күлкі мен махаббатқа бөлер едің.Елбасымыз айтқандай бір жағадан бас, бір жеңіңнен қол шығарып іске кіріскенде алынбайтын амал болмайды. Жұдырықтай жұмылып, бәріміз де өзгелерге үлгі боларлықтай білімімізбен, тәрбиемізбен көзге түссек өз елімізді өркендеткеніміз емес пе? Себебі жастар- халқымыздың болашағы ұлтымыздың келешегі. Әр жасты патриоттыққа тәрбиелеу- ардақты ұстаздарымыздың қолында.Ең ауыр жүк ұстаздарға түсуде. Ал осы ауыр жүкті көтеруге көмектессек, жауапкершілікті сезінсек , сөз жоқ біз дамыған отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алар едік. Сөзімнің соңын әдемі жыр-шумақтарымен аяқтағанды жөн санадым:
Туған елім жалыныңда жанамын,
Елім үшін еңбек етер баламын
Өркендесе болашағы елімнің
Мен қалайша қол қусырып қаламын

Реклама

Добавить комментарий