Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Posted by

Тараз қаласы №47 орта мектебі

10 «Ә» сынып оқушысы

Апбасбек Назерке

Жетекшісі: Айсейтова Т.А.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы»

Тәуелсіздік таңы арайлап атқан сәттен бастап біз еркін тыныстап, өмір сүре бастадық. Тәуелсіздік- ата-бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Егемендік жолында қаншама адам құрбан болды, бұл күнді аңсап, көре алмай кетті. Тәуелсіздікке жету біз үшін оңай болған жоқ,ол үшін көптеген құрбандыққа баруға тура келді. Азаттыққа ұмтылған қазақ халқы ешнәрседен тайсалмай тек қана алға ұмтылды. Біраз уақыт бойы өзге елдің қол астында болдық. Сол кезеңдерде біз өз-өзімізді жоғалтып ала жаздадық. Бірақ, сол замандағы қазақ халқының мен деген жанашырларының арқасында өз болмызымызды сақтап қалдық. Тәуелсіздік қасиетті ұғым- оған тереңірек үңілсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен сезінеміз.

Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсаны Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күн. Бұл күн тарихта алтын әріппен жазылып қалады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері 25 жыл уақыт өтті. Жай көзге 25 жыл көп уақыт емес, ал біздің мемлекетіміз осы жылдар ішінде әлемнен өз орнын таба білді. Бұл күнге жету қаншалықты қиын болса, шашыраған халықты бір ортаға жинап, мемлекетті көтеру одан да қиын болды. Бір ел болып егемендігіміздің көк туын Ақ Орданың көгіне тіктік. Осы аз уақыт ішінде көп жетістіктерге жеттік. Ең маңыздылары: өз тілімізді, дінімізді қайтарып алдық, өзіміздің төл теңгеміз, рәміздеріміз бар, конституциямызды қабылдадық, көптеген әлемдік қауымдастарға мүше болдық, әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзіндегі барлық мемлекетке танылып, тәуелсіздігін мойындатты. Әрине, бұның бәрі біріншіден елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, екіншіден бір ел болып біріккен халықтың арқасында. Бір саусақты сындыру оңай, ал жұдырықтай жұмылған қолды сындырмақ түгіл ашу қиын. Қазақ елі Тәуелсіздік жолында дәл осылай күресті. Жұдырықтай жұмылып іс атқарсақ, біз үшін алынбайтын белес жоқ. Сонда бірақ Ұлы Дала төсіндегі мәңгілік елге айналамыз.

Апбасбек Назерке.docx

Добавить комментарий