«Тілім менің» (Авторлық өлең)

Тараз қаласы №47 орта мектебі

9 – сынып оқушысы Наурызқұлова Дильназ

Жетекшісі Ибраемова Б.С.

 

 

Тіліп түсер білгенге тіл дегенің,

Тілім барда мен басқа түрге енемін.

Тілімнің арқасы ғой әрқашанда,

Бойыма дарыса егер білмегенім.

Кіріп бір сәт тілімнен қоғам әрі,

Тіл арқылы тіршілік жаңарады.

Расул Ғамзатов айтқандайын,

Тіл жоғалса ел дағы жоғалады.

Ұқтыратын анаңның жырын,мұңын,

О,жастар тіліңнен түңілмегін.

Шұбарламай түсіріп бір арнаға,

Өз тіліңде сөйлейтін күнің бүгін.

Қасиетті қадірлі тілім менің,

Тілім менің енді алда сүрінбегін.

Жаңаша ойлау тәуелсіздік арқасында,

Мәртебең биіктеп тұр бүгінде бұл.

Мен ақылсыз оларды кемшін көрем,

Болса жандар өз тілін менсінбеген.

«Құдайың кім?» десе егер,қайран тілім,

Басымды иіп алдыңда:»Сенсің»,-дер ем.

Қазақ тілі ақ сүтпен қанға сіңген,

Жайсыншы бір қайтадан арнасын кең.

Тіл дегенің тілегің,жүрегің де,

Тіл дегенің амандық,армысың дер.

Тіл деп білем заманды,қоғамды да,

Куә болар жырларым оған мына.

Тіліңмен ұға аласың адамды да,

Тіліңмен шыға аласың көп алдына.

Тағдырың да талантың тіл дегенің,

Жоқ болса тіл мылқаусың,үндемегін.

Тіл емес пе сүйгенге сыр айтқызған,

Тіл емес пе өсірген іргеде егін.

Жайнап кетті-ау,жасарып бүгінде өңір,

Мәртебесі биіктеп тілім менің.

Түңілгенмен тағдырдан,талайлардан,

Қайран тілім өзіңнен түңілмедім.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.