СЕЗІМГЕ ТОЛЫ СЫРЛЫ ҚОҢЫРАУ

Posted by

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

№20 С. Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясы

«Сезімге толы сырлы қоңырау!»атты соңғы қоңырауға арналған мерекелік іс – шара

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конусбекова Мадина

«Сезімге толы сырлы қоңырау!» атты мерекелік іс-шараның сценариі

Мектеп алаңы мерекелік іс-шараға сай безендірілген. Музыка ойналып тұрады.

Сахнада «Қазақ биімен» 10 – сынып оқушылары билейді.

(Би биткен соң коридор болып тұрады)

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, Алтын ұя мектептерімен қоштасқалы тұр. Бұл күн, мектеп тарихында мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, Ақ жол саған.

Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

СЕЗІМГЕ ТОЛЫ СЫРЛЫ ҚОҢЫРАУ 2016 ж.docx

Добавить комментарий