Ата-аналар арасында өткізілетін «Білім мен тәрби е егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын с абақ

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Мұқыр ауылы

«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімдері Н.Ы.Касымова және

Б.Қ. Қайырханова

Ата-аналар арасында өткізілетін «Білім мен тәрбие егіз ұғым»

интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

Мақсаты: Мектеп және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екі жақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакат, маркер, таратпа жүрекшелер.
Кіріспе сөз:
Баланы жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл — ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз — ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен мектеп арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, интеллектуалды психологиялық ойынын ұйымдастырып отырмыз.

оқу мен тәрбие егіз.docx

Добавить комментарий