Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері

ШҚО Аякөз ауданы

Емелтау ауылы

«Т.Көбдіков атындағы ЖББОМ»КММ

Жұмабаев Талғат Мұсаұлы

I- санатты информатика пән мұғалімі

Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады.

Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:

  • Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
  • Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
  • Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.

Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері.doc

Добавить комментарий